Спорт туралы мақалаларды оқу_ҚЫСҚАМЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқамерзімді жоспар

Ұзақмерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: Көкшетау қаласындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:03.05.2016ж

Мұғалімнің аты-жөні : Шамиганова Р.М.

Сынып:

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтақырыбы

Спорт туралы мақалаларды оқу

Осы

Сабақтақолжеткізілетіноқумақсаттары (оқубағдарламасына

сілтемеу)

О1 Ақпаратты түсіну

О2 Мәтіннің құрылымдық бөліктерін ажыратып, негізгі ойды анықтап оқу

 Сабақ

 мақсаттары

Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды және ақпаратты толық түсінеді, оқиғаның себебі мен кейіпкерлердің өзгеруін түсіндіреді.

Негізгі оқиғаларға сүйене отырып, мәтіннің (әдеби және әдеби емес) тақырыбын анықтайды.

Жетістік

критерийлері

мәтін түрлерін біледі және ажырата алады.

 Сөздікқор

 

Денсаулықты күту, тазалықты сақтау , спортпен айналысу , дұрыс тамақтану,жаттығулар жасау.

 Құндылықтарды

 дарыту

 

 

  • сыйластық
  • еңбек пен шығармашылық
  • жауапкершілік

 Пәнаралық байланыстар

Дүниетану, ғылымға кіріспе

Алдыңғы меңгерілген білім

7-бөлім оқушылардың 3-тоқсанда алған білімдеріне негізделіп құрылған. Оқушылар әр түрлі мақсатта көркем әдеби мәтіндерді жаза білулері және тыныс белгілерін дұрыс қоя білулері тиіс. Олар білетін әңгімені ретімен айта білулерікерек.

Сабақбарысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтажоспарланғаніс-әрекет

Ресурс

тар

Сабақтың

басы

Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал

1) Оқушылар тұрып, бір-біріне қарап айтады. Сәттілік тілейді.

-Кел, жаныма тұр, сыныптас,

Өз алақаныңды маған аш.

Міне, менің қолым бос,

Жылуыма жылу қос!

Оқушылар қарсы тұрып, басбармақтан бастап кезек-кезек саусақтарының ұштарын бір-біріне тигізеді.

1- барлық

2- істе

3-саған

4-сәттілік

5-тілеймін

6-алақандарын қосады -РАХМЕТ!

  • Мына сурет бойынша не айтуға болады?
  • Суреттегі заттар бойынша сөз тіркесін құраңдар?

Мысалы: теннис ракеткасы,футбол добы, баскетбол ойыны,т.б

  • Құраған сөз тіркестерінен ішінен 2 сөйлем жазыңдар?

Мысалы: Мен теннис ойынын жақсы көремін. Димаш пен Асан демалыс күндері футбол ойынын ойнады.

Проблемалық сұрақтар:

-Спорт жаңалықтарын қайдан оқи аламыз?

  • Қандай спорт телебағдарламаларын білесіңдер?
  • Қандай спорт газеттерін білесіңдер?

-Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не жайында болмақшы?

Сабақтың тақырыбы: Спорт туралы мақалаларды оқу

Мақсаты:

  • Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды және ақпаратты толық түсінеді, оқиғаның себебі мен кейіпкерлердің өзгеруін түсіндіреді.
  • Негізгі оқиғаларға сүйене отырып, мәтіннің (әдеби және әдеби емес) тақырыбын анықтайды.

Жетістік критерийлері:

  • мәтін түрлерін біледі және ажырата алады.

Суреттер,

тірек сөздер,жануарлар, үй жануарларының суреттері

Сабақтың

ортасы

Қызығушылықты ояту. «Жаңалық тыңдайық? »

(МК)Жақында өткен спорттық оқиға туралы қарапайым хабар оқу. Хабарды сыныпқа көрсету.Мәтіннің қандай жанрға жататындығын(көркем әдеби немесе деректі) және мазмұны не туралы болуы мүмкін екенін сұрау. Оның айдарын дауыстап оқу.

Халықаралық olympicmedalspredictions.com сайты  Рио олимпиадасында Қазақстан 4 алтын алады деп болжайды.Порталдың болжауынша, боксшылар Иван Дычко мен Данияр Елеусінов, ауыр атлет Александр Зайчиков, дзюдошы Елдос Сметов олимпиада чемпионы болады.

Күмісті боксшы Әділбек Ниязымбетов, ауыр атлет Жазира Жаппарқұл мен Алмас Өтешов «алады».Сайт қола жеңіл атлет Ольга Рыпакова, ауыр атлет Жасұлан Қыдырбаев, балуандар Алмас Кебіспаев пен Досжан Картиковқа берген. Алайда тізімге енген Алмас Өтешов пен Жасұлан Қыдырбаев допинг қолданды деген айыппен уақытша спорттан шеттетілген. Сайт Қазақстан 4 алтын, 3 күміс, 4 қоламен жалпы есепте 20-орын алады деп болжайды.

Оқушылардан сұрау:

Ол хабардың мазмұны туралы қандай ой береді?

Хабарды сыныпта дауыстап оқу. Сөздерді оқу техникаларын қолдануды көрсетіп, осы стратегияларды оқушыларды өздігінен қолдануға ынталандыру.Таныс емес сөздерді түсіну үшін түрлі техникалар қолдануға талаптандыру

Топтық жұмыс.

1-топ

Елдос Сметов дзюдодан әлемдік жалпы рейтингте 12 орында

Астана. 29 сәуір. Baq.kz. Дзюдодан әлем чемпионы Елдос Сметов барлық салмақ дәрежесі бойынша әлемдік рейтингте 12 орынға тұрақтады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. Халықаралық дзюдо федерациясының ресми сайтында жарияланған үздіктер тізімінде 2243 ұпаймен енген.  

2-топ

Қазақстандық Владимир Седов ауыр атлетикадан Азия чемпионатында алтын иеленді

Кеше,яғни 01.05 күні жерлесіміз Денис Уланов (85 келі) алтынға қол жеткізген болатын. Седов үшін бұл Азия чемпионаты екінші лицензияланған турнир болып саналады. Осылайша, ол  Рио-де-Жанейрода ағымдағы жылдың тамызында өтетін Олимпиадаға қатыса алады. Седов — 2009 жылғы әлем чемпионы. Ол, сонымен қатар 2014 жылы әлемдік бірінішіліктің «күміс» медалін еншілеген. 2008 жылы Бейжіңде өткен Олимпиадада Седов 85 келі салмақ дәрежесінде төртінші орынды иеленген болатын.

3-топ Өскеменде «Торпедо Кубогы» атты хоккейден турнир басталды

Астана. 1 мамыр. Baq.kz - Облыс орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай 2008 жылы туылған балалар арасында шайбалы хоккейден «Торпедо Кубогы» атты республикалық турнир басталды. 5 күнге созылатын турнирге еліміздің 4 қаласынан 6 команда қатысуда.  Аталған сайыс бірінші рет ұйымдастырылып отыр. 5 күн бойы әрбір команда «Торпедо» хоккей командасының кубогы үшін бақ сынасатын болады.

4-топ

Қанат Ислам мен Хуан Де Анхель арасындағы жекпе-жек

Кәсіпқой бокс әлемінде «Қазақ» атымен танылған Исламның бұл жолғы қарсыласы 28 жастағы колумбиялық былғары қолғап шебері Хуан Де Анхель. Басты кездесуі Ислам мен Де Анхель арасындағы жекпе-жек болып табылатын рейтингтік бокс кеші 9 мамыр күні АҚШ-тың Флорида штатындағы Лейкленд қаласында Астана уақытымен таңғы 07:00-де басталмақ. Кәсіпқой боксқа 2012 жылы ауысқан Қанат Ислам бұған дейінгі өткізген 20 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жеткен. Оның ішіндегі 17 кездесуде отандасымыз қарсыластарын нокаутқа түсірген. Ал Хуан Де Анхельге келер болсақ, колумбиялық боксшы 2008 жылдан кәсіпқойлар арасындағы сындарға қатысып келеді. Шаршы алаңда 22 жекпе-жек өткізіп 18-ін өз жеңісімен аяқтаған. Үшеуінде Де Анхельдің қарсыластары басым түссе, бір кездесу (Хуанның кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегі) тең нәтижемен аяқталған.

5-топ Астанада жасөспірімдер арасындағы көркем гимнастикадан XIV Азия чемпионаты басталды.

Жарысқа қатысуға 13 елден 150 спортшы келген. Олар 24 медальды сарапқа салады. «Қазақстан гимнастика федерациясы» қоғамдық бірлестігінің президенті Үміт Шаяхметова: «Көркем гимнастиканы қазір жаппай айналысатын спорт түрі деп айтуға болады», - деді. Еліміз бойынша 5 мыңнан астам қыз бала спорттың осы түрімен шұғылданады екен. Екі жылда бір рет өтетін чемпионатты қазақ елі осымен екінші рет ұйымдастырып отыр. Үміт Шаяхметова, «Қазақстанның көркем гимнастика федерациясы» президенті: - Қазақстан бойынша көркемдік гимнастикамен шұғылдануға мүмкіндік беретін 49 бөлім жұмыс істейді. Тренерлер құрамы 200-ден асады. Республика бойынша 5 мыңнан астам қыздар айналысады. Осы әдемі спорт түрі бойынша жарыстың Астанада өтіп жатқаны бізге білдірген құрмет пен сенімнің белгісі дер едім.

Оқушылар берілген мақаланы топта оқып, талқылайды. Оқыған мақала бойынша өз ойларын топ алдында қорғайды.

Оқушылардың жауаптарын тыңдау.

  • Үйге тапсырма:
  • «Менің сүйікті спортым» атты шағын әңгіме жазу.

Сабақтың

соңы

Сабақты қорыту:

- Сабақта не маңызды болды?

-Сабақта не қиындық болды

-Келесі сабақта қандай спорт туралы білгілерің

келеді?

Рефлексия:

«Ішкі, сыртқы шеңбер»

Оқушылар ішкі және сыртқы шеңбер құрып, бүгінгі сабақта не үйренгені бойынша сыртқы шеңбер сұрақ қояды, ішкі шеңбер жауап береді. Кейін ауысады.

Өзін-өзі бағалау.

арқылы баға беру.

Дифференциация – топтық тапсырмалар беру арқылы.

Рефлексия:

«Сөйлемді аяқта»

Мен бүгінгі сабақты..................(түсіндім, түсінбедім)

Маған тақырып .................. (қиын, оңай, жеңіл, көңілсіз)

Келесі сабақта .................(тырысу, белсенді болу, қатысу)

Денсаулық және қауіпсіз-дік техника-сының сақталуы



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.