Тербелмелі контур. Еркін және еріксіз электромагниттік тербелістер. Физика, 11 сынып, дидактикалық материал.


Орташа деңгей

1. Конденсатор сыйымдылығы 7,47 * 10 -10 Ф, катушканың индуктивтілігі 9,41 * 10 -4 Гн болғанда контурдағы тербеліс жиілігін және периодын табыңыз.2. Егер конденсатордың сыйымдылығы 5 мкФ, тербеліс периоды 0,001 с болса, тербелмелі контурдың катушка индуктивтілігін анықтаңыз,.3. Тербелмелі контур катушкасының индуктивтілігі 5 • 10 -4 Гн. Тізбекті 1 МГц жиілігіне келтіріп, осы контурдың конденсатор сыйымдылығын анықтаңыз.

4. Контурдағы конденсатор сыйымдылығы 10 мкФ, катушка индуктивтілігі 100 мГн контурдағы тербелістердің циклдік жиілігін анықтаңыз.5. Тербелмелі контурдағы индуктивтілік 70 Гн, сыйымдылығы 70 мкФ тең. Контурдағы тербеліс жиілігін және периодын табыңыз. Осы тербелістерді жағары жиілікті тербелістерге жатқызуға болады ма?6. Катушканың индуктивтілігін өлшеу кезінде контурдағы электрлік тербелістер жиілігі 1 МГц болды. Эталондық конденсатор сыйымдылығы 200 пФ. Катушканың индуктивтілігі қандай?

Жеткілікті деңгей

1. а) Конденсатор мен активті кедергіден тұратын контурда еркін тербелістер пайда болады ма?

б) Катушка интуктивтілігі 0,25 мГн тұратын радиоқабылдағыштың тербелмелі контуры 150 м ұзындықты радиотолқындарды қабылдайды. Тербелмелі контурдың сыйымдылығын анықтаңыз.

2.а) Конденсатор арасындағы пластиналардың арақашықтығын n есе азайтса, контурдағы тербеліс жиілігі қалай өзгереді?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.