Айнымалы ток. Кернеуліктің және токтың максимал, орташаквадратты (әсерлік мәні), жиілік және период. Физика, 11 сынып, қосымша материал 2.


Айнымалы тоқ. Есептер шығару

ОМ1: Интервал, жиілік, айнымалы токқа қатысты ток күші мен кернеудің максималды және әсерлік мәні деген терминдерді түсіну және пайдалану.

ОМ2: Максималды және орташа квадраттық мәндерін айыру және синусоидалы өзгеріс кезінде I=Imax/√2 және V=Vmax/√2 қатынасын еске түсіру және оның көмегімен есептер шығару.

Тапсырма мазмұны:

1.Ток күшiнiң тербелiсiнiң қандай циклдiк жиiлiгiнде, катушканың индуктивтiк кедергiсi 2 Ом-ға тең болады? Катушка индуктивтiлiгi 0,02 Гн.

100 рад/с

2.Тербелмелi контурдың конденсаторының астарларындағы заряд мына заң q=0,5cos2t мкКл бойынша өзгередi. Егер конденсатордың сыйымдылығы 2,5 мкФ болса, кез-келген уақыт мезгілінде тербелмелi контурдың толық энергиясы қандай болады?

0,05 мкДж

3.Тербелiс жиiлiгiн өзгертпей, катушка индуктивтiлiгiн 3 есе өсiргенде, тербелмелi контурға жалғанған катушканың индуктивтi кедергiсi қалай өзгередi?

3 есе артады

4.Тербелмелi контурдың тiзбегiне сыйымдылығы 1 нФ конденсатор мен индуктивтiлiгi 25 мГн катушка жалғанған. Катушканың индуктивтiк кедергiсi қанша болады?

5 кОм

5. Индуктивтілігі L=35 мГн катушканы жиілігі ν= 50 Гц болатын айнымалы ток көзіне қосады. Катушканың кедергісін табыңыздар?

11 Ом

6. Катушканың ұштарындағы айнымалы кернеудің амплитудасы 157 В, ток күшінің амплитудасы 5 А, токтың жиілігі 50Гц болса, оның индуктивтігі қандай? Катушканың активті кедергісін нөлге тең деп алыңыздар.

0,1 Гн

7. Қандай жиілікте сыйымдылығы 1 мкФ болатын конденсатордың сыймдылық кедергісі индуктивтілігі 50 мГн болатын катушканың индуктивтілік кедергісіне тең болады?

712,25 Гц

8. R = 40 Ом болатын резистор, индуктивтілігі 2 мГн және сыйымдылығы 5 мкФ болатын конденсатор тізбектей қосылған. 60 кГц және 20 кГц жиіліктегі тізбек үшін толық кедергіні (импедансты) анықта.

9. Конденсатор жиілігі стандартты айнымалы токтың 220 В болатын кернеу көзіне қосылған. Егер тізбектегі ток күші 2,5 А болса, конденсатор сыйымдылығы қандай?

36 мкФ

10. Тербеліс контуры сыйымдылығ 100 пФ конденсатордан және индуктивтік катушкадан тұрады. Оның астарларындағы заряд тербелісінің түрі q=2*10-9 cos 106 πt.

- ток күшінің тербеліс теңдеуін жазыңдар

- кернеудің тербеліс теңдеуін жазыңдар

- зарядтың амплитудалық мәні

- ток күшінің және кернеудің амплитудалық мәні

- катушканың индуктивтілігін табыңдар

Жауабы:qm = 2*10-9 Кл, Im = 6.28*10-3 A, Um=20 B, L= 3.2*10-3Гн



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.