Айнымалы ток генераторы. Физика, 11 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: Алматы қаласы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 11

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Айнымалы ток генераторы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

- Генератордың жұмыс істеу принціпін зерттеу;

- Айнымалы ток генераторларының жұмыс жасау принципін бiлу.

Сабақ мақсаты

- генератор модельін қолданып, айнымалы ток генераторының жұмыс істеу принципін білу;

Бағалау

критерийлері

1. Генератордың жұмыс істеу принципі электромагниттік индукцияның құбылысына негізделгенін біледі;

2. Генератордың жұмыс істеу принціпін зерттейді.

Тілдік мақсаттар

Тұрақты магнит- Permanent magnet;

Магнит өрісі- magnetic field;

Магнит өрісініӊ күш сызықтары- The magnetic field lines;

Магниттік полюстер- magnetic poles;

Оӊтүстік полюс -South Pole;

Солтүстіқ полюс - North Pole;

Электромагниттiк индукция- electromagnetic induction; Индукциялық ток- induction current ;

Өздiк индукция- self induktion;

Айнымалы ток генераторы - alternator.

Құндылықтарды дарыту

Ұйымшылдық, кішіпейілділік, адалдық, шыншылдық және жауапкершілік

Пәнаралық байланыстар

Математика, жаратылыстану;

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақтамен жұмыс

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

І. Ұйымдастыру

Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру;

  • Қызығушылығын ояту

Мұғалім әрекеті:

  • Амандасу және түгелдеу

2.Сыныпта ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру

3.Оқушылардың көңілін сабаққа аудару, құралдарын тексеру

4.Оқу мақсаттарымен таныстыру және бағалау критерийлерін айту

5.Сабақтың тақырыбын таныстыру

Оқушы әрекеті:

1.Сабаққа барлық керекті құралдарын алу.

2.Оқу мақсаты мен бағалау критерийлерімен танысу

3.Сабақ тақырыбымен танысады.

Мұғалім әрекеті:

1.Үй тапсырмасын тексеру

2. Индукциялық ток дегеніміз не?

3. Өздік индукция құбылысын түсіндіріңіз.

4. Электромагниттік индукция дегеніміз не?

Оқушы әрекеті:

1. Гальванометрге орамдар саны көп болған катушка жалғанған. Магнит тыныштық күйде тұр бұл кезде гальванометрде ток жоқ. Егер магниттi катушкаға енгiзсек, онда гальванометр тiлшесi ауытқиды, яғни катушкада электр тогы туындайды. Магниттi катушкадан шығарған кезiнде гальванометр тiлшесi қарама-қарсы бағытта ауытқиды. Яғни катушкада алдынғы токка салыстырғанда қарама-қарсы бағытта электр тогы пайда болды. Бұл құбылыста пайда болған ток индукциялық ток деп аталады.

2. Ток көзiне 1-шам резистор арқылы, ал 2-шам катушка арқылы қосылған. Кiлттi қосқан кезiмiзде 1-шам сол мезетте жанады, ал 2-шам кешiгiп жанады. Яғни 2-шам ақырындап жарқырайды. Екiншi шамның осылай ақырындап жануы өздiк индукция кұбылысымен байланысты.

3. Электромагниттік индукция - контурды тесіп өтетін магниттік ағынның кез келген өзгерісінде контурда электр тогының пайда болу құбылысы.

Сабақтың ортасы

  • Жаңа сабақты түсіндіру

Мұғалімнің әрекеті:

 Электростанцияларда электрэнергиясы индукциялық генераторлар жәрдемiнде алынады. Оның жұмыс iстеу принципi электромагниттiк индукция құбылысына негiзделген. Механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын машиналар генераторлар деп аталады. Генератор мынадай бөліктерден тұрады:

 1) индуктор - магнит өрісін тудыратын магнит немесе электромагнит;

 2) якорь - магнит өрісі өзгергенде, индукциялық ток пайда болатын орам;

 3) контакт сақиналары және олардың бетімен сырғитын контакт пластиналар (щеткалар). Олар арқылы генератордың айналатын бөлігінен ток алынады немесе ток келтіріледі. Генератордың айналатын бөлігін ротор, ал қозғалмайтын бөлігін статор деп атайды.

 Магнит өрiсiнде рамка айналмалы қозғалыс жасайтын рамкада электр тогы туындайды.

 Егер рамка магнит өрiсiнде бiрқалыпты айналатын болса, онда рамкада туындаған токтың модулi мен бағыты периодты түрде өзгерiп отырады. Мұндай ток айнымалы ток деп аталады.

 Бiздiң қолданатын өндiрiстiк ток синусоидалы, жиiлiгi 50 Гц.

 Гидроэлектрстансаларындағы генераторлар (а) және оның жұмы сiстеу принципi (б).

 Дүние жүзi бойынша әр түрлi типтегi электрстансаларының үлестерi

 

 Ресейдегiеңiрi Саяно-ШушенскГЭСы

Оқушы әрекеті: Сұрақтары болса сұрайды.

Бекіту тапсырмалары

Мұғалімнің әрекеті:

1. Генератор дегеніміз не?

2. Генератор қандай бөліктерден тұрады?

3. Ротор деген не?

4. Статор деген не?

Оқушының әрекеті:

 1. Механикалық энергияны электр энергиясына айналдыратын машиналар генераторлар деп аталады.

 2. Генератор мынадай бөліктерден тұрады:

 а) индуктор - магнит өрісін тудыратын магнит немесе электромагнит;

 б) якорь - магнит өрісі өзгергенде, индукциялық ток пайда болатын орам;

 с) контакт сақиналары және олардың бетімен сырғитын контакт пластиналар (щеткалар).

 3. Генератордың айналатын бөлігін ротор, ал қозғалмайтын бөлігін статор деп атайды.

Электр тогының айналасында магнит өрісін бақылайтын құрал.

Сабақтың соңы

А) Үйге тапсырма беру

11 сынып физикасынан §2,8 оқу,есеп шығару

В) Рефлексия, қорытындылау

1. Оқу мақсатына жітті ме?

2. Тақырыптың мағынасы ашылды ма?

3. Сабақ ұнады ма?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардыңматериалдымеңгерудеңгейінқалайтексерудіжоспарлайсыз?

Денсаулықжәнеқауіпсіздіктехникасыныңсақталуы

Барлық оқушылар: Бүгінгі игерген материалдар келесі сабақтардың негізі болатындықтан, тақырып бойынша теориялық білімдерін барлық оқушыда қалыптастыруды жоспарладым.

Оқушылардың басым бөлігі: Генераторлардың жұмыс істеу принципін біледі.

(1) Жаңа тақырыпты меңгеруде оқушыларға бағыт бағдар беріп, өздігінен оқып, түсінуін жоспарлаймын.

(2) Сыни ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған ойлау операцияларын қолдануы.

Оқушы құрал-жабдықтар мен жұмыс жасағанда өздерінің және басқалардың денсаулығына, мектеп мүлкіне жауапкершілікпен қарау.

Алынған нәтижені талқылау барысында креативті, сыни тұрғыдан талқылау. Оқушылардың жұппен, топпен жұмыс жасауы, мұғаліммен біріге отырып жаңа білім алуға әрекет етуі олардың өзара және мұғаліммен қарым қатынасын нығайтады,Олар өз пікірін айтуға дағдыланады.Тілдік дағдылары қалыптасады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілдіме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.