Қаныққан және қанықпаған бу, ауа ылғалдығы, қайнау, Фазалық диаграммалар, үштік нүкте, заттың критикалық күйі. Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.


Аты-жөні_____________________________________ сыныбы_______ Күні______

Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: «Ауаның ылғалдығын шық нүктесін тәсілімен анықтау»

Мақсатгигрометр көмегімен салыстырмалы ылғалдықты анықтауды үйрену;

Құралдар: гигрометр

Теория.

Жердің атмосферасында су буы әрқашан бар. Ауадағы олардың шамасы абсолютті және салыстырмалы ылғалдылықпен сипатталады.

Ауаның абсолютті ылғалдығы а – деп белгілі температурада ауадағы су буының тығыздығы аталады

, .

Ауаның салыстырмалы ылғалдығы   көрсетілген температура кезінде қаныққан су буларының тығыздығынан абсолютті ылғалдылықтың қанша пайызы екендігін көрсетеді:

,  .,

мында ρ0- берілген температурада қаныққан су буларының тығыздығын анықтайды және «Қаныққан су буының қысымы және оның әр түрлі температурада тығыздығы» кестесінен алынады. Осылайша салыстырмалы ылғалдылық ауаның су буларына қаныққан дәрежесін сипаттайды.

Тұрғын үй-жайлар үшін салыстырмалы ылғалдылығы 40-60% қалыпты ылғалдылық болып саналады. Ауа ылғалдылығы тек салыстырмалы ылғалдылықпен ғана бағалануы мүмкін, себебі белгілі бір ауа температурасында бірдей абсолютті ылғалдылықта ауа құрғақ немесе дымқыл болуы мүмкін.

Шық нүктесін анықтау

Салқындатылған ауа қаныққан су буына айналу температурасы шық нүктесі Т р деп аталады

Шық нүктесінде ауаның абсолютті ылғалдылығы қаныққан будың тығыздығына тең болады

ρ0= ρa

Шық нүктесін анықтау кезінде «Әртүрлі температурада қаныққан су буларының қысымы мен тығыздығы» кесте пайдаланылады және абсолютті ылғалдылық мәні ρa

Тығыздық бағанында берілген абсолютті ылғалдықа ρa ең жақын мәнді таңдайды және температураның бағанына сәйкестіндіреді, нәтиже - шық нүктесі Тр болады.

Мысалы:

Ауаның абсолютті ылғалдығы: 

Тығыздық бағанында ρa ең жақын мәнді таңдаймыз - болады. Температура бағанымен сәкестендірсе Т - 130С осы шық нүктесі болады.

Тр=130С

Ылғалдықты анықтауға гигрометрді қолданады.

Конденсация гигрометрі.  Ол стендте орнатылған жалтырақ тегіс беткі қабаты бар металл дөңгелек қораптан тұрады. Қораптың жоғарғы жағында екі тесік бар. Олардың біреуі арқылы қорапқа эфир құйып, термометрді салады, екіншісі резеңке сорғыға қосылады. Конденсация гигрометрінің әрекеті шық нүктесін анықтауға негізделген.

   Эфирден ауаны сорғымен үрлейді, осы кезде эфир тез буланады және қорабты салқындатады. Жылу тасымалының арқасында қораптың бетіне жақын орналасқан су буының қабаты да салқындайды.

Белгілі бір температурада бұл су буы тығыздана бастайды, қораптың жылтыратылған бетінде су тамшылары пайда болады.

Бұл температура термометрмен анықталады, бұл шық нүктесі боладыЖұмыс барысы

Тапсырма Гигрометр көмегімен салыстырмалы ылғалдығымен анықтау.

  • Өлшеулермен есептеулерге арналған кестені толтырыңдар:

Орналасуы

tгигрометр0С

φ, %

  • Гигрометр құрылысымен танысу.
  • Кабинеттің әрбір жерінде құралмен өлшеулерді жүргізу
  • Гигрометр резервуарындағы термометрмен шық тамшылары пайда болған температураларды өлшеп жазыңдар.
  • «Қаныққан будың қысымдары» кестесінен ауаның салыстырмалы ылғалдығын φ анықтаңдар.
  • Өлшеулермен есептеулердің нәтижесін кестеге жазыңдар.
  • Кабинеттегі ауа ылғалдығы туралы қорытынды жазыңдар.
  • Бақылау сұрақтарға жауап беріңдер.

Бақылау сұрақтары.

  • Неге ыстық күннен кейін таңертең шық көп түседі?
  • Егер 200С температурадағы салыстырмалы ылғалдық 58% тең. Қандай температурада шық түседі?
  • Ауаның 293 К температурадағы салыстырмалы ылғалдығы 44 % болды. Психрометрдің ылғалды термометрі қандай температура көрсетеді?
  • Көлемі 150 м3 бөлмеде температурасы 300 К ауада массасы 2,07 кг су буы бар. Салыстырмалы және абсолютті ылғалдықты анықтаңдар.

Әртурлі температурадағы қаныққан будың қысымы және тығыздығы.

t, 0С

р, Па

ρ*10-3, кг/м3

t, 0С

р, Па

ρ*10-3, кг/м3

t, 0С

р, Па

ρ*10-3, кг/м3

- 5

401

3,24

6

933

7,30

17

1933

14,5

- 4

437

3,51

7

1000

7,80

18

2066

15,4

- 3

476

3,81

8

1066

8,30

19

2199

16,3

- 2

517

4,13

9

1146

8,80

20

2333

17,3

- 1

563

4,47

10

1226

9,40

21

2493

18,8

0

613

4,80

11

1306

10,0

22

2639

19,4

1

653

5,20

12

1399

10,7

23

2813

20,6

2

706

5,60

13

1492

11,4

24

2986

21,8

3

760

6,00

14

1599

12,1

25

3173

23,0

4

813

6,40

15

1706

12,8

26

3359

24,4

5

880

6,80

16

1813

13,6

27

3559

25,8

  Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын табу үшін шық нүктесінің температурасында қаныққан будың қысымын қоршаған ортаның ауа температурасындағы қаныққан бу қысымына бөліп, 100% -ға көбейту қажет.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.