Қаныққан және қанықпаған бу, ауа ылғалдығы, қайнау, Фазалық диаграммалар, үштік нүкте, заттың критикалық күйі. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.
Cабақ/Lesson 59-60
Ұзақмерзімді жоспар бөлімі: Сұйық және қатты денелер | Мектеп: ХББ НЗМ Петропавл қ. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Касленкина Нургуль Есенгалиевна; Крючков Василий Николаевич; Bualan Ian Rory | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы: | Қаныққан және қанықпаған бу, ауа ылғалдығы, қайнау, Фазалық диаграммалар, үштік нүкте, заттың критикалық күйі | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): | 10.3.4.1 Гигрометр және психрометр көмегімен ауа ылғалдылығын анықтау | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар:
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Студенттер:/Students can: Шық нүктесі, ауа ылғалдылығы, қайнау, қаныққан және қанықпаған бу, үштік нүкте, психрометр, гигрометр. Диалог үшін пайдалы баянды сөйлемдер: Егер газ температурасы критикалықтан жоғары болса, онда газ … Егер газ температурасы критикалыққа тең босла, онда газ… Егер газ температурасы критикалықтан кем босла, онда газ… Ыстрқы қысым жоғары болған сайын, … Қайнау температуарсын төмендетуге болады, егер… | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту (жаһандық азаматтықтың маңызды белгілері) (АЖ)
| Құндылықтарды дарыту арқылы оқушылардың бойында ұйымшылдық, ынтымақтастық, құрмет сезімдерін сіңіру. Мысалы топтық және жұптық жұмыстар барысында оқушылар арасында жауапкершілік және сыйластық тәрбиелері қалыптасады. Нәтижелі қарым-қатынас дағдысын дамыту ,сыныптастарының көзқарастық пікірлеріне сыйластықпен қарау,функционалдық сауатылықты дамыту, өз біліміне деген жауапкершілік пен өзбетімен оқу дағдысын арттыру АЖ білімі мен түсінігі: ұжымдық істеріне, әрекеттеріне жауапкершілік АЖ бағалау: қоршаған ортаға деген дұрыс көзқарас, ұжымдық іс-әрекетке жеке жауапкершілік АЖ дағды:диалог құра білу,басқалардың пікіріне сыйластықпен қарау Тақырыптың шешуші сәттерін жұптық және топтық талқылау кезіндегі құндылықтарды дарыту | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Химия пәнімен байланыс, газдар қасиеттері | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Ресурстармен жұмыс, презентация Power Point Рандомды доңғалақ https://castlots.org/razdelit-na-gruppy/ https://www.jamestease.co.uk/team-generator/ | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Заттардың (ауа) молекулалық құрылымы, қайнау, булану, ауа ылғалдығы. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарлан ған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
1-сабақ | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 2 мин | Мұғалім мен оқушылардың өзара сәлемдесуі (алдымен мұғалім кезекпен оқушылардың саусақтарына өзінің сәйкес саусақтарын тигізеді, бас бармақтан бастап:
(G) Әрі қарай жұпта оқушылар дәл солай қайталайды. Осылайша сыныпта бірлесе жұмыс істеу үшін жағымды орта туындайды. Мұғалім сұрақ-жауап арқылы білімдерін актуалдауды ұсынады:
– Неліктен қыста терезелерде оюлар пайда болады? – Неліктен ыстық шайға үрлегенде, ол тезірек суиды? – Неліктен ауыратын адамдар ауа ылғалдығы жайлы болжауға аса назар аударады? Мұғалім осылай оқушыларды жаңа тақырыпқа бағыттайды. Оқушылармен сабақ мақсаттары мен жетістік критерийлерін талдайды. | Слайд 1 Слайд 2-6 | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 5 мин 15 мин | Презентациямен жұмыс. Мұғалім қаныққан бу ерекшеліктері, қанықпаған будың қанығуына демонстрациялар көрсетеді. Осыларға байланысты қорытындылар жасалады. Оқушылар өздігінен қорытады. Қорытынды дәптерге:
Мұғалім кей шектік жағдайларда тоқталады және оқушылармен бірлесі қорытындыға келеді. Қорытынды дәптерге:
Қайнау және төмен қысымдағы қайнау қарасытраылады. Қорытынды дәптерге:
Содан соң, ауа ылғалдылығы, шық нүктесін қарасытрады. Мұғалім: «Ауада әрқашан су буының қандай да бір мөлшері бар. Егер су буы көп болса, біз ауа ылғал деп айтамыз, егер аз болса, құрғақ дейміз. Бірақ «көп» немесе «аз» деген не екендігін анықтап көрейік. Есеп шарты. 1 м3 ауада 20oС; 5oС-та ең көп дегенде су буының қандай мөлшері бола алады? Нәтижелерді салыстыру барысында ауаның абсолют және салыстырмалы ылғалдылығы, шық нүктесі түсініктері енгізіледі. Қорытынды дәптерге:
Содан соң, мұғалім ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтауға арналған құралдармен таныстырады. Мұғалім оқушыларда практикалық дағдыларды дамыту үшін зертханалық жұмысты орындауды ұсынады. «Ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анқытау» және физика кабинеті үшін «жайлылық аймағын» анықтайды. Содан соң, есептер Есеп 1. Егер 19oС –та ауадағы су буының парциал қысымы 1,1 кПа болса, ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтаңдар. Есеп 2. Егер 10oС температурада шық пайда болса, 18oС бөлме температурасындағы ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтаңдар. | 7-8 слайд 9 слайд 10-11 слайд 12-13 слайд 14 слайд 15 слайд 16 слайд 17-18 слайд | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин | Рефлексия. Бағалау критерийлері (оқу мақсатын талдау) Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: «Сабақ барысында қандай қиындықтар туындады?Біз үшін әлі нені түсіну қиын?» Қиындықтарды талдау. | 19 слайд | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
2-сабақ | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 мин | Мұғалім оқушыларға үстелдегі құрал-жабдықтармен танысуды ұсынады. Қай құрал таныс? Қайсысы сендер үшін жаңа? Екінші сабақта не істейтін боламыз? Сабақ мақсатын құрау. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 30 мин | Зертханалық жұмыс Тақырыбы: «Ауаның ылғалдығын өлшеу» Мақсат: гигрометр және психрометр қолдануға негізделген салыстырмалы ылғалдықты анықтау әдісін үйрену; Құралдар: гигрометр, психрометр Теория. Жердің атмосферасында су буы әрқашан бар. Ауадағы олардың шамасы абсолютті және салыстырмалы ылғалдылықпен сипатталады. Ауаның абсолютті ылғалдығы а – деп белгілі температурада ауадағы су буының тығыздығы аталады , . Ауаның салыстырмалы ылғалдығы көрсетілген температура кезінде қаныққан су буларының тығыздығынан абсолютті ылғалдылықтың қанша пайызы екендігін көрсетеді: , ., мында ρ0- берілген температурада қаныққан су буларының тығыздығын анықтайды және «Қаныққан су буының қысымы және оның әр түрлі температурада тығыздығы» кестесінен алынады. Осылайша салыстырмалы ылғалдылық ауаның су буларына қаныққан дәрежесін сипаттайды. Тұрғын үй-жайлар үшін салыстырмалы ылғалдылығы 40-60% қалыпты ылғалдылық болып саналады. Ауа ылғалдылығы тек салыстырмалы ылғалдылықпен ғана бағалануы мүмкін, себебі белгілі бір ауа температурасында бірдей абсолютті ылғалдылықта ауа құрғақ немесе дымқыл болуы мүмкін. Шық нүктесін анықтау Салқындатылған ауа қаныққан су буына айналу температурасы шық нүктесі Т р деп аталады Шық нүктесінде ауаның абсолютті ылғалдылығы қаныққан будың тығыздығына тең болады ρ0= ρa Шық нүктесін анықтау кезінде «Әртүрлі температурада қаныққан су буларының қысымы мен тығыздығы» кесте пайдаланылады және абсолютті ылғалдылық мәні ρa Тығыздық бағанында берілген абсолютті ылғалдықа ρa ең жақын мәнді таңдайды және температураның бағанына сәйкестіндіреді, нәтиже - шық нүктесі Тр болады.
Мысалы: Ауаның абсолютті ылғалдығы: Тығыздық бағанында ρa ең жақын мәнді таңдаймыз - болады. Температура бағанымен сәкестендірсе Т - 130С осы шық нүктесі болады. Тр=130С Ылғалдықты анықтауға гигрометрді қолданады. Конденсация гигрометрі. Ол стендте орнатылған жалтырақ тегіс беткі қабаты бар металл дөңгелек қораптан тұрады. Қораптың жоғарғы жағында екі тесік бар. Олардың біреуі арқылы қорапқа эфир құйып, термометрді салады, екіншісі резеңке сорғыға қосылады. Конденсация гигрометрінің әрекеті шық нүктесін анықтауға негізделген. Эфирден ауаны сорғымен үрлейді, осы кезде эфир тез буланады және қорабты салқындатады. Жылу тасымалының арқасында қораптың бетіне жақын орналасқан су буының қабаты да салқындайды. Белгілі бір температурада бұл су буы тығыздана бастайды, қораптың жылтыратылған бетінде су тамшылары пайда болады. Бұл температура термометрмен анықталады, бұл шық нүктесі болады Психрометр немесе Август психрометрі (суретті қараңыз) екі термометрден тұрады: құрғақ және ылғалды. Ылғалдандырылған термометрдің резервуары матамен оралған, оның соңы суы бар ыдысқа түсірлген. Матадан буланған су термометрден жылу алады, демек, ылғалданған термометрдің көрсеткіші құрғақ термометрге қарағанда төмен болады. Құрғақ термометрдің көрсеткен температурасы және құрғақ және ылғалданған термометрлердің температураларының айырымына сәйкес, ауа салыстырмалы ылғалдылығы психометриялық кесте арқылы анықталады. Жұмыс барысы 1- тапсырма. Гигрометр көмегімен салыстырмалы ылғалдығымен анықтау.
2- тапсырма. Ауаның ылғалдығын психрометрдің көмегімен өлшеу.
Бақылау сұрақтары.
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 мин | Рефлексия. Бағалау критерийлері (оқу мақсатын талдау) Мұғалім оқушыларға сұрақ қояды: «Сабақ барысында қандай қиындықтар туындады?Біз үшін әлі нені түсіну қиын?» Қиындықтарды талдау. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Үй жұмысы | Қиындықтарға байланысты мұғалім үй жұмысын анықтайды. Егер барлығы түсінікті болса, дәптер бойынша өткен тақырыпты қайталау жеткілікті. Егер материалды түсінуде қиындықтар болса, қосымша ақпарат реітнде оқулыққа жүгінуді ұсынады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Барлық оқушылар: Көпшілік оқушылар: Кейбір оқушылар: | -сұрақ-жауап арқылы бағалау; -екі жұлдыз – бір тілек арқылы топтық жұмысты бағалау; -өзара бағалау. | Жағымды психологиялық Мектептегі қауіпсіздік техника ережелерінің түсіндірме жұмыстарын жүргізу; | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақбойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақжоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпыбаға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
W = толық сыныппен жұмыс
G = топтық жұмыс
I = өздік жұмыс
E =оқушы тәжірибесі
D = мұғалімнің көрсетілімі
f = формативтік бағалау
= қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулар
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.