Айналмалы үдерістер және оның ПӘК-і. Карно циклі. Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 10.2C Термодинамика негіздері | Мектеп: Павлодар қаласындағы ХББ НЗМ | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Каримова Н.Б. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 10 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
| ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Айналмалы үдерістер және оның ПӘК-і. Карно циклі. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.3.3.3 - идеал жылу қозғалтқышы үшін Карно циклін сипаттау; 10.3.3.4 жылу қозғалтқышының ПӘК-ң формуласын есептерді шығаруда қолдану; | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Айналмалы үдерістер және оның ПӘК-і. Карно циклі туралы ұғым қалыптастыру және олардың физикалық табиғат-мағнасын ашып көрсету. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | - Карно циклін біледі; - жылу қозғалтқышының ПӘК-ң формуласын есептерді шығаруда қолдана алады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Тілді оқыту мақсаты Оқушылар орындай алады: Пәндік лексика және терминология Жылу қозғалтқышы, жылу электр станциясы, ішкі энергия,жылу,жұмыс
Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері Энергия... нәтижесінде ауыстырылады | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікті үнемі есте сақтау; Жұппен жұмыс істеу барысында бір біріне құрмет көрсетуді ұмытпау; Сыныпта жұмыс жасағанда ынтымақтастық атмосферасын қадағалау; Оқушылар өз пікірін білдіргенде ашықтықты ескеріп барлық оқушы пікірлерін тыңдау; Еңбек және шығармашылық нәтижесінде мақсатқа жететінімізді еске салу; мектептегі тақырыпқа сай іздену қажеттігін, өмір бойы білім алу керектігін білу. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика пәнімен байланыс. Өлшеулер барысында өлшем бірліктермен жұмыс жасауда, қателіктерді есептеуде математикалық амалдар қолданылады. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интернет желісі, интерактивті тақта, GLX және Pasco электронды құралдары, физикалық құралдар. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | 8сынып: жылу мөлшері, меншікті жылусыйымдылық, газ жұмысы, пайдалы әсер коэффициенті. 10-сынып: температуралық шкалалар, газ заңдары, молекула- кинетикалық теория. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 3 мин | Ұйымдастыру: Сәлемдесу. Сабақ барысымен таныстыру, сабақтағы бағалау жүйесімен таныстыру. C әрпіне басталатын тілек тілейміз. | |||||||||||||||||||||||||||||||||
10 мин 10 мин 5 мин 10 мин | Үй тапсырмасын тексеру және жалпы қысқаша қайталау, алдыңғы білімдерін бекіту. Жаңа материалды түсіндіру- оқушылардың оқу процесіне активті қатысуы арқылы өткізіледі және төмендегідей реттілікте жүргізіледі. Мұғалім жұмыс істеу және қыздыру кезінде энергияны берудің айырмашылығының бар екендігіне назар аударуы тиіс. Осы ПӘК –ті шектейтін термодинамиканың 2-ші заңы енгізілетін контекст. Бірінші заңнан ерекше 2-ші заңның қайтымсыз процестерден тұратынын, табиғи жағдайларды сипаттайтыны көрсетіледі, мысалы, тығыздығы жоғары отын біртіңдеп төмен сұрыпты жылу түріне айналады. шашырайды. Ол реттіліктен ретсіздікке ауысуға байланысты болуы мүмкін. Мұны термодинамиканың 2-ші заңы сипаттайды және оны төмендегідей түрлерде тұжырымдап беруге болады: 1. Сыртқы ортада ешқандай өзгеріс болмаған жағдайда ешқашан салқын денеден ыстық денеге жылу берілмейді. 2. Дененің ішкі энергиясының есебінен шексіз жұмыс атқару мүмкін емес. Яғни, бұл формуланың шын өмірде практикалық қолданысы мүмкін емес. (3. Кез-келген процестерде жүйенің энтропиясы кемімейді. Энтропия термодинамикалық жүйенің күйін анықтайтын шаманың бірі болып табылады. Энтропия зат молекулаларының қозғалысының тәртіпсіздігінің мөлшері болып табылады.) Қорытынды: «Жылу энергиясынан 100% -ын және 100% -дан астам пайдалы жұмыс жасайтын жылу қозғалтқышын жасау мүмкін емес» η=(Q_1-Q_2)/Q_1 , η=(Т_1-Т_2)/Т_1 Жаңа материалды бекіту (формативті бағалау) Топпен жұмыс. Деңгейлік есептерді шығару. Өзін-өзі бағалау. Мұғалімнің алдын ала дайындаған жауап парақшасымен әрбір бала жұмысын тексереді. | Қосымша Бу қозғалтқышы: https://twig-bilim.kz/mindmap/1677/energy/ Сэнки диаграммалары мен танысу: http://www.youtube.com/watch?v=EHg3bmq-NrA Мәнгі қозғалтқыш: https://twig-bilim.kz/mindmap/#1677/energy/ термодинамиканың екінші заңы: http://bilimland.kz/ru/content/lesson/10775-vtoroi_zakon_termodinamiki Қосымша | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 2 мин | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: «сабақтан алған әсерім»; «сабақтың ұнамаған тұстары». Үйге тапсырма: §5.12 | |||||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Барлық оқушылар: Карно циклін біледі. Көпшілік оқушылар: жылу қозғалтқышының ПӘК-ң формуласын есептерді шығаруда қолдана алады. Кейбір оқушылар: қүрделі есеп шығаруда керекті формулаларды түрлендіріп қолдана алады, сонымен қатар, сыныптастарына көмек көрсете алады. | ҚБ Өз-өзін бағалау; | Физика кабинетіндегі ҚТ. | ||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | ||||||||||||||||||||||||||||||||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.