Бүкіләлемдік тартылыс заңы. Физика, 9 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.2A бөлім – Динамика

Мектеп: НЗМ, Алматы қаласы

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Балажигитова Н.К.

Сынып: 9

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бүкіләлемдік тартылыс заңы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • Бүкіләлемдік тартылыс заңын түсіну және космостық аппараттың қозғалысын сипаттау

 Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Гравитациялық өрісті сипаттай білу

Бүкіләлемдік тартылыс заңын түсіну

Гравитациялық түрақтының физикалық мағынасын білу

Космостық аппараттың қозғалысын сипаттау

Жетістік критерийлері

Білу және түсіну, қолдану

Гравитациялық өрістің көзін біледі

Гравитациялық өрістің кернеулік сызықтарын сыза алады

Гравитациялық өріс кернеулігін пайдаланып ауырлық күшін есептей алады

Бүкіләлемдік тартылыс заңын тұжырымдай біледі

Гравитациялық өрісті сипаттай біледі

 Тілдік мақсаттар

 

Гравитациялық өрістің кернеулігі …….

Тартылыс күші, шексіздік, энергия, потенциал сызықтары

Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілікті арттыру

Пәнаралық байланыстар

Теңдеу шешуді біледі

АКТ қолдану дағдылары

Есеп шығару барысында калькуляторды қолдана білу

Бастапқы білім

  • гравитациялық өрістің физикалық мағынасын түсінеді және гравитациялық өрістің кернеулігін масса бірлігіне әсер ететін күш ретінде анықтауды біледі;
  • ауырлық күшін дене массасына гравитациялық өрістің әсері ретінде түсінеді;
  • жер бетіне жақын арақашықтарда гравитациялық өрістің тұрақтысы тұрақты шама екендігін және ол еркін түсу үдеуі деп аталатындығын түсінеді;

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

Мұғалім сұрақтар қояды:

  • Неліктен денелер құлайды?
  • Егер ғарышта ауа жоқ болса, онда гравитация бар ма?
  • Салмақ және масса арасындағы айырмашылық қандай?
  • Неліктен Сіз Айда аз салмақта боласыз?

Алғашқыда бұл сұрақтар бойынша әр оқушы өзі ойланады. 2 мин

Кейін жұптасып талқылайды Жұппен талқылауға 3 мин беріледі

презентация

Сабақтың ортасы

5 мин

20 мин

20 мин

Мұғалім жалпы өріс туралы не білетіндерін оқушылардан сұрайды.

Оқушы

Электр өрісі туралы білетіндерін айтады

Өрістің көзін атайды

Өрістің кернеулік сызықтарын сызады

Өріс көзінің өзара әрекеттесу күшін атайды

Мұғалім гравитациялық өріс туралы не білетіндерін оқушыдан сұрайды.

Демонстрациялық тәжірибе көрсетеді

M=m, R>r

R=R , M>m

Тәжірибе нәтижесін оқушылар тұжырымдайды

Оқушылар гравитациялық өрістің массаға тура , ал дененің радиусына кері пропорционал екенін түсінуі тиіс.

Содан кейін, оқушылар

Гравитациялық өрістің көзін атайды

Гравитациялық өрістің кернеулік сызықтарын сызады және өзара әрекеттесу күшін атайды

Космостық аппаратың қозғалысын сипаттайды 19-25 слайд

Есеп шығару

  • Массалары 8 кг және 2 кг денелер бір – бірінен 4 м қашықтықта орналасқан. Олардың арасындағы әсерлесу күштері қандай? (G=6.67*10-112/кг2)
  • Шолпан бетіндегі еркін түсу үдеуі қандай? Шолпанның массасы 4,9 *1024 кг, ал радиусы 6100 км. (G=6,67*10-11 Нм2/кг2)
  • Жер бетінен 300 км биіктіктен ұшып жүрген жасанды серіктің жылдамдығы 7,7 км/с.

i. Жердің жасанды серігі Жер бетінен қай бағытта ұшырылады?

ii. Жасанды Серіктің айналу периоды қандай?

4. Жер серігінің массасы Жердің массасынан 81 есе кіші және ондағы адамның массасы 80 кг адамның салмағы 129,6 Н. 𝑅𝑐=1700 км.

i. Серіктегі еркін түсу үдеуін анықтаңыз

іі. Жер серігінде адамның салмағы Жердегі салмағынан неліктен аз?

ііі Серіктің массасын анықтаңыз

іv Серіктің Жерді айналу жылдамдығын табыңыз

v Серіктің айналу периодын анықтаңыз

Сабақтың соңы

3 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Әр оқушының жұмыс әрекетін бақылаймын, қажет болған жағдайда көмек көрсетемін.

жоғарыдағы жетістік критерилері бойынша бағалау жүргіземін

Сергіру сәті

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу