Физикалық шамалардың қателіктері Өлшеу нәтижелерін өңдеу Зертханалық жұмыс №1 «Көлбеу жазықтық бойынша қозғалатын дененің үдеуін анықтау». Физика, 10 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | Бөлім 1.2Физикалық өлшеулер | Мектеп: | Қостанай қаласы, Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | Муханжанова А.С., Бабич С.И. | |||||||||||||||||||||
Сынып: | 10 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы: | Физикалық шамалардың қателіктері Өлшеу нәтижелерін өңдеу Зертханалық жұмыс №1 «Көлбеу жазықтық бойынша қозғалатын дененің үдеуін анықтау» | ||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 10.1.2.1 - жүйелік және кездейсоқ қателіктерді ажырата білу; 10.1.2.2 - тәуелсіз, тәуелді және тұрақты физикалық шамаларды анықтау; 10.1.2.3 - физикалық шамалардың өлшеу дәлдігін ескере отырып, тәжірибелік зерттеудің соңғы нәтижесін жазу; | ||||||||||||||||||||||
Жетістік критерийлері | Практикалық жұмыс жасау барысында олшеулерді дұрыс жүргізе білуі, дәлеледерді жинақтап, талдай алуы керек. Практикалық жұмыс барысындағы қателікті бағалауды және жұмыстың жақсару жолдарына ұсыныс жасай алуы керек. | ||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаты |
| ||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: среднее значение, отклонение , абсолютная погрешность, достоверность точность, случайные ошибки, оценка рисков Орташа мәні, абсолют қателік жинақтылық, дәлдік қателіктер, кездейсоқ қателіктер, тәуекелдерді бағалау mean value, anomaly, absolute uncertainty, accuracy, precision, random errors, risk assessment Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Точность результата можно улучшить с помощью... Риск... был снижен с помощью... Нәтиженің дәлдігін. … көмегімен жақсартуға болады. Тәуекелдер ... көмегімен төмендетілді The accuracy of the result could be improved by... The risk of... was reduced by... | ||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту | Ұқыптылық пен адамгершілік қасиеттерін дамыту | ||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация Power Point | ||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Математика, сандарды стандарт түрде жазу | ||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | 7 сыныпта өткен материал | ||||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | ||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 1 мин 3 мин 3 мин 10 мин | Оқушылармен амандасу; оқушылармен бірге сабақ мақсаттарын/ОМ анықтап алу 7 сыныпта өткен материалды қайталау:
Абсолюттік және салыстырмалы қателіктер Жуық мәннің абсолюттік қателігі деп жуық мән мен дәл мән айырмасының абсолют шамасын айтады. Шаманың абсолют қателігін көрсету үшін, алынған мәнге қатысты интервалды көрсету қажет. (өлшеу нәтижесін жазу) ΔА – А шамасының абсолют қателігі болып саналады. Оның өлшемі өлшенген шаманың өлшем бірлігіндей болады. Аш– шаманың эксперимент жүзінде алынған мәні. Егер эксперимент бірнеше рет қайталанған болса, олардың ариффметкалық ортасы. Өлшеу сапасын бағалау үшін салыстырмалылық қателік ұғымы еңгізіледі: немесе Өлшеу нәтижесін жазудың басқа нұсқасы: Аш= Аорт ΔА Егер шекті қателік жөнінде ақпарат берілмеген болса (мысалы сызғышта), онда осы құралдың қателігі деп оның бөлік құнының жартысын алуға болады. Тәуелсіз, тәуелді және тұрақты физикалық шамалар: Тәуелсіз айнымалы – өзгерте аламыз. Тәуелді айнымалы тәуелсіз айнымалының өзгеру салдарынан өзгереді. Тұрақты – барлық эксперимент барысында өзгеріссіз қалатын шамалар. Материалды бекіту мақсатында сұрақтар қою: Парта бетінің ауданын анықтау үшін:
εа=Δа/аорт= εb=Δb/bорт=
Sорт=aорт*bорт=
εS=ΔS/Sорт= Δа/аорт+ Δb/bорт ΔS= εS Sорт
S= Sорт | Презентация | |||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 20 мин | Зертханалық жұмыс №1 «Көлбеу жазықтық бойынша қозғалатын дененің үдеуін анықтау» Жұмыстың мақсаты: көлбеу науамен домалайтын кішкене шардың үдеуін анықтау. Ол үшін шардың белгілі бір уақытта жүріп өткен орын ауыстыруының ұзындығын өлшейді. Бастапқы жылдамдықсыз теңүдемелі қозғалыс кезінде , болатындықтан, шардың үдеуін анықтауға болады: Өлшеу құралдары: өлшеуіш таспа, метроном. Құрал-жабдықтар: науа, шар, қысқышы бар тұрғы, металл цилиндр. Жұмысты орындау тәртібі:
| Зертханалық қондырғы, карточкалар | |||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 3 мин | Сабақтың соңында оқушылар рефлексияны жүргізеді: "Үш М" Оқушылар сабақ барысындағы ең жақсы ұш моменттерді және келесі сабақтың жұмысын жақсартуға көмектесетін бір әрекетті а тауды сұрау. | ||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жос-парлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың мате-риалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіп-сіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||||
Кездейсоқ және жүйелік қателіктерді ажыратады, физикалық шаманың арифметикалық орташа мәнін анықтайды Тура өлшеулер кезіндегі қателіктерді анықтай алады Жанама өлшеулердің қателігін анықтайды | Зертханалыө жұмыс бойынша, сұрақтар қою арқылы | Бұл сабақта қауіпсіздік техника ережелерімен танысады, оларды сақтайды | |||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша реф-лексия Сабақ мақсаттары/ оқу мақсаттары дұ-рыс қойылған ба? Оқушылардың барлы-ғы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұ-рыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыт-тық кезеңдері сақ-талды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? | |||||||||||||||||||||||
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.