Өлшеу құралдары. Физикалық өлшеулердің қателігі. Физика, 10 сынып, дидактикалық материал.
Практикалық тапсырма
Жазық фигураның ауданын анықтау
Оқушыларға нұсқаулық
ОМ: 10.1.1.4 - физикалық шаманың арифметикалық орташа мәнін (mean) тәжірибе арқылы анықтау.
Жұмыстың мақсаты: тура және жанама өлшеу мәндерін қателіктерді ескере отырып жазуды үйрену
Құрал-жабдықтары: сызғыш, жазық тіктөртбұрышты фигура (А4 форматындағы қағаз, фигура өлшемдері сызғыштың өлшеу шегінен аспауы тиіс).
Жұмыс барысы:
- Жазық тіктөртбұрышты фигураның ұзындығы мен енін сызғыш арқылы өлшеп алып, кестені толтырыңыз (әр шама үшін минимум 3 өлшем):
№ | Ұзындығы, а/ | Ені, b/ |
Орташа мәні |
Тура өлшеулердің мәнін келесі түрде жазыңыз: А=Аорт ± ΔА, мұндағы А – өлшенген физикалық шама, Аорт – өлшенген шаманың орташа мәні, ΔА – өлшеудің абсолюттік қателігі (кестеден).
a=
b=
Әр физикалық шама үшін өлшеудің салыстырмалы қателігін анықтаңыз:
εа = Δа / аорт=
εb = Δb / bорт=
Жазық тіктөртбұрышты фигураның ауданын клесі формула бойынша анықтаңыз:
Sорт = aорт·bорт =
Өлшеу нәтижелерін А=Аор ± ΔА түрде жазу үшін жанама өлшеудің абсолют қателігін анықтау қажет. Ол үшін келесі теңдеуді қолданыңыз:
εS=ΔS/Sор= Δа/аорт+ Δb/bорт
ΔS= εS Sорт=( Δа/аорт+ Δb/bорт) Sорт=
Жанама өлшеу нәтижесін қателігін көрсете отырып жазыңыз:
S=
εS=
Жанама өлшеу кезіндегі физикалық шамалардың қателіктерін анықтау үшін арнайы кестені қолдана аласыздар (жанама өлшеулердің қателіктері)
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.