Толқындық қозғалыс. Физика, 9 сынып, презентация.
Тас түскен жердегі су ығысады да, ол жерде ойыс пайда болады. Ойыс төңірегінде ығысқан су дөңгелек сақина пішінді өркеш түзеді. Бұл өркеш сол мезетте-ақ жан- жағына қарай кеңейе отырып, тастың түскен жерінен алыстай бастайды.
Өркештер бірінен соң бірі пайда болып, бір-біріен ойыстармен бөлінеді.
Бұл процесс – толқындық қозғалыс болып табылады.
Тербелістердің серпімді ортаның бір бөлшегінен екінші бір бөлшегіне таралу процесі механикалық толқын деп аталады.
Толқын тербелістегі бөлшектерді тасымалдамайды, тек энергияны ғана тасымалдайды.
Бөлшектерінің тербелісі толқынның таралу бағытына перпендикуляр бағытта жүзеге асатын толқынды
көлденең толқын деп атайды.
Көлденең толқындар серпімділік күші әрекетінен емес, ауырлық және беттік керілу күштері әрекетінен туындайды, сондықтан да оларды кейде гравитациялық толқындар деп те атайды.
Толқын ұзындығы – Т периодқа тең уақыт аралығында толқын таралатын арақашықтық.
Басқаша айтқанда, толқын ұзындығы деп толқын ішіндегі бірдей қозғалатын және тепе-теңдік күйінен ауытқулары да бірдей болатын бір-біріне ең жақын жатқан екі нүктенің арақашықтығын айтамыз.
λ толқын ұзындығының бөлшектердің Т тербеліс периодына қатынасы арқылы анықталатын физикалық шама
толқын жылдамдығы
деп аталады.
Формуласы
Ал Т тербеліс периоды тербеліс
жиілігімен қатысы арқылы
байланысатындығын еске түсірсек, онда толқын жылдамдығы
өрнегімен анықталады.
Бөлшектерінің тербелісі толқынның таралуы бойында жүзеге асатын толқынды бойлық толқын
деп атайды.
Толқын жылдамдығын жиілікпен және толқын ұзындығымен байланыстыратын көлденең толқынға қатысты формула бойлық толқын үшін де жарамды.
Сейсмикалық толқын
Үлкен ауқымдағы қатты денелердегі толқындық қозғалыстың мысалына жер сілкінісі кезіндегі тербелістердің таралуы жатады.Бұл толқындар сейсмикалық деп атайды.Жер сілкінісі кезінде көлденең толқындар да,бойлық толқындарда пайда болады.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.