Түзу сызықты теңайнымалы қозғалыс. Үдеу. Физика, 9 сынып, қосымша материал 2.
Теңайнымалы қозғалыс. Үдеу тақырыбына арналған тест жұмысы
Оқыту мақсаты: уақыттан тәуелділік графиктерінен орын ауыстыруды, жылдамдықты, үдеуді анықтау
Бағалау критерийлері:
- Үдеу формуласын пайдаланып, есептер шығара алады
- V = V0 + at түріндегі формуладан бастапқы жылдамдық, жылдамдық және үдеулерін табады;
1. Жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын сипаттайтын физикалық шама қалай аталады?
А) Жылдамдық; В) Үдеу; С) қысым; Д) масса;
2. Үдеудің халықаралық бірліктер жүйесіндегі өлшем бірлігі:
А) м/с2; В) м/с; С) м2/с2; Д) км/с2;
3. Тең үдемелі қозғалыстың формуласы
А) ; В) ; С) ; Д) ;
4. Бастапқы жылдамдығы нөлге тең болған кездегі қозғалыстың формуласы
А) ; В) ; С) ; Д) ;
5. Материалдық нүктенің қозғалысы х ═ 2t+5t² теңдеуімен берілген. Нүктенің қозғалысының бастапқы жылдамдығы қандай?
А) 0 В) 2 м/с С) 1 м/с Д ) 4м/с
6. Суретте бес дененің жылдамдық модульдерінің уақытқа тәуелділік графиктері көрсетілген. Бірқалыпты кемімелі қозғалысқа қай график сәйкес келеді?
А) 1 В) 2 С) 3 Д) 5
7. Материалдық нүктенің қозғалысының теңдеуі: s=4t2+6. Нүктенің қозғалыс үдеуі
А) 8м/с2; В) 0; С) 2м/с2; Д) 4м/с2;
8. Бірқалыпты түзу сызықты қозғалыстың шартын көрсетіңіз.
А) а ═ 0, V ═ 0; В) а ═ 0, V ═ const; С) а═ const, V≠0; Д) а ═ const, V ≠ const;
9. Дененің бірқалыпты үдемелі қозғалысының теңдеуін көрсетіңіз.
А) х═ 10t+4 В) х ═ 5t;; С) х ═ 3t³+8; Д) х ═ 6t²+12;
10.Уақыттың кез келген сәтінде дененің қозғалыс жылдамдығы υ=7+2t теңдеуімен берілген. Дененің бастапқы жылдамдығы мен үдеуі неге тең?
А) 7м/с; 2м/с². В) 2м/с; 7м/с². С) 0м/с; 7м/с². Д) 7м/с; 1м/с².
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.