Оптикалық аспаптар. Физика, 8 сынып, презентация.
Сабақтың тақырыбы:
Оптикалық аспаптар
Берілген суреттер бойынша өз пікірлеріңді
айтыңдар!Дәке танғыштағы (бинт) ұйысқан қан (электрондық микроскоп арқылы көргенде)
Көбелектіӊ таӊқурайға қойған
жұмыртқасы
Ой қозғау!
Қандай оптикалық аспаптарды білесіңдер?
Бұл құралдарды қандай мақсатта қолданамыз?
Бұл құралдардыӊ негізгі элементін атаӊдар?
Сабақ мақсаттары:
- оптикалық құралдардыӊ сызықтық ұлғаю түсінігін білу және түсіну;
- ұлғайтқыш шыныныӊ (лупаныӊ) үлкейтуін және кескінніӊ қалай пайда
болуын білу;
- микроскоптыӊ сызықтық үлкейтуін және кескінніӊ қалай пайда болуын білу;
- телескоптыӊ сызықтық үлкейтуін және кескінніӊ қалай пайда болуын білу;
- проекциялық аппаратта кескінніӊ қалай пайда болуын білу;
- фотоаппаратта кескінніӊ қалай пайда болуын білу;
-перископ құралының құрылысын сипаттай білу;
-обскура камерасын сипаттай білу;
Зерттеулерге қарағанда адам мәліметтердіӊ 75% көру арқылы алады.
Көз торламасында пайда болған кескін қаншама үлкен болса, біз нәрсе туралы соншама көп информацияға ие боламыз. Сондықтан кіші нәрселерді үлкейтіп көру (микроскоп, лупа), алыстағы нәрселерді жақындатып көру (бинокль, телескоп) адамдар үшін өте маӊызды. Мұндай мүмкіншілікті бізге оптикалық аспаптар жаратады. Оптикалық аспаптардыӊ негізгі сипаттамасы олардыӊ үлкейтуі болып табылады.
Сызықтық үлкейту – оптикалық жүйеніӊ пайда еткен кескінініӊ сызықтық өлшемініӊ нәрсеніӊ сызықтық өлшеміне қатнасымен анықталатын физикалық шама.
Жарықтыӊ шағылу және сыну қасиеттері жарық шоқтарын басқаруға мүмкіншілік береді. Суреттегі аспаптардыӊ жұмыс істеу принциптері жарықтыӊ осы қасиеттеріне негізделген.
Бұл құралдардыӊ негізгі элементі линза болып табылады.
Топтық жұмыс
1) Бізге лупа не үшін қажет?
2) Лупада қандай кескінді көреміз?
Лупа
Фокус аралығы кіші болған (шамамен 10 см) линза. Еӊ қарапайым оптикалық құрал. Лупа нәрсеніӊ кескінін 2 еседен 25 есеге дейін үлкейту мүмкіншілігін береді.Лупа қарапайым түрде көру бұрышының
үлкейту мүмкіндігін беретін оптикалық аспап.
Г- лупаның ұлғайтуы;
d0 - анық көрудің арақашықтығы (d0=25 см);
F - лупаның фокус аралығы (м) (F≤10 см)
Лупадағы жарық сәулесініӊ жүрісі және пайда болатын кескін
Жалған, үлкейтілген,
тура кескін
Жұптық жұмыс
Микроскоп туралы не білесіңдер, оны калай пайдаланады?
Микроскоп фокус аралықтары кіші болған екі жинағыш линза - обьектив (нәрсеге қаратылған линза) және окулярдан (көзге қаратылған линза) тұрады. Бірінші екі линзалы микроскопты 1590 жылы З.Янсен жасаған.
Микроскоптағы сәуленіӊ жүрісі
Телескоп Бірінші қарапайым телескоп- көру түтігі 1609 ж. Г.Галилей жасады.
F1 - обьективтің фокус аралығы (м); F2 – окуляр дың фокус аралығы (м); Г - сызықтық үлкейтуі.
Фотоаппарат
Линзалар жүйесінің көмегімен нәрсенің шын кішірейтілген кескінін жарық сезгіш қабыршақта (фотоплёнкада) пайда ететін оптикалық қондырғы.
Көпшілік жағдайда нәрсе екі еселенген фокустан арыда орналасады. Фотоаппарттың негізгі бөліктері: обьектив, мөлдір емес жарық өткізбейтін камера және фотоқабыршақ.
Проекциялық аппарат
Экранда нәрселердің шын үлкейтілген кескінін беретін оптикалық аспаптар.
Мөлдір нәрселерді (диафильм, диапозитив) экранға проекциялау диапроекция деп аталады. Мұндай аппараттар диаскоп деп аталады. Мөлдір емес нәрселерді (сурет, фотосуреттер) экранға проекциялау эпипроекция деп аталады. Мұндай аппараттар эпископ деп аталады. Экранда диа және эпи проекцияларды пайда ететін аппарат эпидиаскоп деп аталады.
S- жарық көзі; К- конденсатор- қысқа фокусты линзалар жүйесі; D- диапозитив; МN- нәрсенің экрандағы үлкейтілген кескіні; Об (обьектив) - линзалар жүйесі (жинағыш линза).
Перископ
(periskopeo қараймын, жан-жақты байқаймын) — тасадан (окоптан, жертөледен), танкілерден, су үсті кемелерінің ішінен, перископтық тереңдіктегі сүңгуір қайықтардан бақылауға арналған оптикалық аспап. Перископ артиллериялық танкілік, жаяу әскерлік (окоптық) және кемелік түрлерге бөлінеді. Перископ бақылау объектісінен келетін жарық сәулені шағылыстыратын және сындыратын және оны бақылаушының көзіне беретін оптикалық жүйесі бар монокулярлық немесе бинокулярлық көру дүрбісі пішінінде жасалады.
Перископтың құрылғы бөлшектері мен оптикалық сипаттамасы қондырылған орны мен көру дүрбісінің ұзындығына байланысты. Перископтың негізгі көрсеткіштері: перископ, ұлғайтқыш және көру алабы болып келеді. Көптеген перископтардың айнала шолуға, жергілікті жердің бұрыштарын көлденең және тік өлшеуге, бақыланатын объектіге дейінгі қашықтықты анықтауға мүмкіндік беретін арнайы құрылғылары болады. Сүңгуір қайықтардың өте күрделі перископтары нысана мен кашықтыққа пеленгті анықтауға, ауаны бақылауға, сүңгуір қайықтың су бетіне шықпай-ақ орнын анықтау үшін көкжиек үстінен жұлдыздардың биіктігін өлшеуге мүмкіндік береді.
Обскура камерасы
ал obscurà - қараңғы. Қараңғы бөлме
анықтау бойынша, ол камера Obscura қарсы қабырға тыс perevrnutoe нобай нысандарды болжанып отыр, ол арқылы кішкентай тесігі бар прототипі камера, ол бөлме екен.Сабақты бекіту. Тапсырма
Бағалау критерийлері:
- оптикалық құралдардыӊ сызықтық ұлғаю түсінігін білу және түсінеді;
- ұлғайтқыш шыныныӊ (лупаныӊ) үлкейтуін және кескінніӊ қалай пайда болуын біледі;
- микроскоптыӊ сызықтық үлкейтуін және кескінніӊ қалай пайда болуын біледі;
- телескоптыӊ сызықтық үлкейтуін және кескінніӊ қалай пайда болуын біледі;
- проекциялық аппаратта кескінніӊ қалай пайда болуын біледі;
- фотоаппаратта кескінніӊ қалай пайда болуын біледі;
-перископ құралының құрылысын сипаттай біледі;
-обскура камерасын сипаттай біледі;
Рефлексия
Үйге тапсырма:
Перископ құрастыру
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.