№ 1 зертханалық жұмыс.«Шынының сыну көрсеткішін анықтау». Физика, 8 сынып, қосымша материал.


Оқу мақсаты:

8.5.1.9 – экспериментте шынының сыну көрсеткiшiн анықтау;

8.5.1.10 – сыну көрсеткішінің анықталған мәнін кестелік мәндермен салыстыру және эксперимент нәтижесін бағалау

Теориялық материал

Жарық екі ортаның шекарасына жеткен кезде оның бір бөлігі шағылып бір бөлігі екінші ортаға өтіп кетеді және бағытын өзгертеді(жарық екі ортаның шекарасына перпендикуляр түскен жағдайдан бөлек кездерде). Бұл жағдайда біз жарық сынуға ұшырады деп айтамыз.

Жарық біртекті ортада түзу сызықты таралады.Егер жарық шоғы екі ортаны бөлетін шекара арқылы өтсе мысалы ауа-су өзінің таралу бағытын өзгертеді. Осы құбылысты сыну деп атайды.

Ортаның сыну көрсеткіші жарық жылдамдығының сол ортадағы жарықтың таралу жылдамдығына қатынасына тең.

Әртүрлі орталарда жарықтың таралу жылдамдығы түрліше болғандықтан, жарық бір ортадан екінші ортаға өткенде жарықтың сыну құбылысы байқалады. Сыну заңы бойынша . Төменде шынының сыну көрсеткішін анықтаңдар.

Мұғалім үшін әдістемелік көмек

Шынының сыну көрсеткішін анықтау.

Жұмыстың мақсаты: жазық параллель пластинаның көмегімен шынының сыну көрсеткішін анықтау

Құрал-жабдықтар: жазық параллель шыны пластина, шам, аккумулятор батареясы, кілт, жалғағыш сымдар, саңылауы бар экран, транспортир.

Жұмыстың барысы:

  • Электр шамын кілт арқылы батареяға қосып, тізбек құрыңдар.
  • Шамның алдына саңылауы бар экранды орналастырып, ал оның сыртына ақ қағаз қойыңдар.
  • Кілт арқылы тізбекті қосамын да, қағаз бетіне жіңішке жарық жолағын түсіріңдер.
  • Жарық жолағына кез келген бұрышпен шыны пластинаны қойыңдар.
  • Пластинаның пішінін қағазға сызып, түсетін сәуленің А басы мен В соңын және жарықтың пластинадан F шығу нүктесін белгілеңдер.
  • Тізбекті ағытып қағаздан шыны пластинаны алыңдар.
  • А және В, В және F нүктелерін қосып, түскен және шыққан сәулелерді сызыңдар. Пластинаға жарықтың В түсу нүктесінде перпендикуляр тұрғызыңдар.
  • Транспортирдің көмегімен түсу және сыну бұрыштарын өлшеңдер.
  • Шынының сыну көрсеткішін формула бойынша есептеңдер.
  • Тәжірибені басқа түсу бұрыштары кезінде қайталаймын және тәжірибе нәтижелерін салыстырыңдар.

Тәжірибе саны

α

β

n

1

10

6,5

1.65

2

15

10

1,65

3

20

13

1,65

n1 = = = 1.653

= = 47

n3 =

Абсолют және салыстырмалы қателікке есептеу жүргізіңдер.

=0,0021

==0,0038

==0,0059

=0,23%

n=

Қорытынды: Шынының сыну көрсеткіші түсу бұрышына тәуелді емес, яғни түсу бұрышын өзгерткенде n өзгермейді.

Жарықтың сыну заңына есептер шығару.

  • Жарық шоғының слюдаға түсу бұрышы 240 болғанда, сыну бұрышы 300 -қа тең. Слюданың абсолют сыну көрсеткішін және жарықтың слюда ішіндегі таралу жылдамдығын анықтаңдар?
  • Жарық шоғы ауадан суға өтеді. Түсу бұрышы 760 , сыну бұрышы 470. Судағы жарық жылдамдығын табыңдар?

Үй жұмысы жауабы

1

n=0,8. v=3.75*108м/c

2

n=1,33. v=2,25*108м/c



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.