№ 1 зертханалық жұмыс.«Шынының сыну көрсеткішін анықтау». Физика, 8 сынып, дидактикалық материал.
Оқу мақсаты:
– экспериментте шынының сыну көрсеткішін анықтау;
– сыну көрсеткішінің анықталған мәнін кестелік мәндермен салыстыру және эксперимент нәтижесін бағалау.
1Ауызша сұрақтар: 1. Түсу бұрышы 600. Шағылу бұрышы қаншаға тең? 2. Түсу бұрышы 350. Түсу бұрышымен шағылу бұрышының арасы қаншаға тең? 3. Түсу бұрышымен шағылу бұрышының арасы 600. Айнамен түсу сәулесінің арасы қанша градус? 4. Айнамен түсу сәулесінің арасы 300. Шағылу бұрышы қаншаға тең? 5. 450 бұрышпен түскен сәуле алмастан өткенде бағытын көбірек өзгерте ме, әлде шыныдан өткенде ме?
2. Тапсырмалар
1-ші топ 1. Вакуумдағы жарық жылдамдығын біле отырып, алмастағы жарық жылдамдығын есептеп шығарыңдар. Вакуумдағы сыну көрсеткіші 1-ге тең. Алмастағы сыну көрсеткіші 2,42-ге тең. 2. Сәуле күнбағыс майының бетіне 600 бұрыш жасап түседі, ал сыну бұрышы 300. Ауаның сыну көрсеткіші 1-ге тең. Майдың сыну көрсеткішін табыңдар.
3. Егер лағыл тас үшін толық шағылудың шекті бұрышы 300-қа тең болса, лағыл тастың сыну көрсеткішін анықтаңдар.
2-ші топ 1. Этил спиртіндегі, күкіртті көміртегіндегі жарық жылдамдықтарын салыстырыңдар. 2. Сәуле судан шыныға өтеді. Түсу бұрышы 450. Сыну бұрышын табыңдар. 3.Ортаның сыну көрсеткіші 1,5. Осы ортада жарық жылдамдығы неге тең?
№5 Зертханалық жұмыс
«Шынының сыну көрсеткішін анықтау»
Жұмыстың мақсаты: жазық параллель пластинаның көмегімен шынының сыну көрсеткішін анықтау
Құрал-жабдықтар: жазық параллель шыны пластина, шам, аккумулятор батареясы, кілт, жалғағыш сымдар, саңылауы бар экран, транспортир.
Жұмыстың барысы:
- Электр шамын кілт арқылы батареяға қосып, тізбек құрыңдар.
- Шамның алдына саңылауы бар экранды орналастырып, ал оның сыртына ақ қағаз қойыңдар.
- Кілт арқылы тізбекті қосамын да, қағаз бетіне жіңішке жарық жолағын түсіріңдер.
- Жарық жолағына кез келген бұрышпен шыны пластинаны қойыңдар.
- Пластинаның пішінін қағазға сызып, түсетін сәуленің А басы мен В соңын және жарықтың пластинадан F шығу нүктесін белгілеңдер.
- Тізбекті ағытып қағаздан шыны пластинаны алыңдар.
- А және В, В және F нүктелерін қосып, түскен және шыққан сәулелерді сызыңдар. Пластинаға жарықтың В түсу нүктесінде перпендикуляр тұрғызыңдар.
- Транспортирдің көмегімен түсу және сыну бұрыштарын өлшеңдер.
- Шынының сыну көрсеткішін формула бойынша есептеңдер.
- Тәжірибені басқа түсу бұрыштары кезінде қайталаймын және тәжірибе нәтижелерін салыстырыңдар.
Тәжірибе саны | α | β | n |
1 | |||
2 | |||
3 |
n1 = ___________
= ___________
n3 = ___________
Абсолют және салыстырмалы қателікке есептеу жүргізіңдер.
___________
=_________
==________
== _________
= __________%
n=
Қорытынды: ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Үй жұмысы
1) Жарық шоғының слюдаға түсу бұрышы 240 болғанда, сыну бұрышы 300 -қа тең. Слюданың абсолют сыну көрсеткішін және жарықтың слюда ішіндегі таралу жылдамдығын анықтаңдар?
2) Жарық шоғы ауадан суға өтеді.Түсу бұрышы 760 , сыну бұрышы 470. Судағы жарық жылдамдығын табыңдар?
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.