№ 1 зертханалық жұмыс.«Шынының сыну көрсеткішін анықтау». Физика, 8 сынып, дидактикалық материал.


Оқу мақсаты:

– экспериментте шынының сыну көрсеткiшiн анықтау;

– сыну көрсеткішінің анықталған мәнін кестелік мәндермен салыстыру және эксперимент нәтижесін бағалау

№ 1 зертханалық жұмыс.«Шынының сыну көрсеткішін анықтау»

Бұл тәжірибеде мөлдір шыныдан жасалған блоктың n сыну көрсеткішін анықтайсыз.

Сәуленің бағытын қадағалауға арналған бөлек берілетін парақты (таза А4 қағазы) пайдаланып, келесі нұсқауларды орындаңыз.

Сіз 2.1-суретті пайдалануыңызға болады

2.1-сурет

а) Мөлдір блоктың ең үлкен жағын төмен қаратып, сәуленің бағытын қадағалауға арналған параққа қойыңыз. Блок шамамен парақтың ортасында болуы тиіс. Блоктың контурын сызыңыз және 2.1-суретте көрсетілгендей ABCD деп белгілеңіз.

Блокты алып тастаңыз.

АВ қабырғасында A нүктесінен 2,0 см жерде орналасқан Е нүктесін белгілеңіз. Е нүктесі арқылы АВ қабырғасына перпендикуляр NL жүргізіңіз.

Перпендикулярдың CD қабырғасымен қиылысуын М нүктесімен белгілеңіз.[1]

(b)2.1-суретте көрсетілгендей Е нүктесінен бастап, перпендикулярдың сол жағынан перпендикулярға қатысты түсу бұрышы i = 10° болатындай ұзындығы 8,0 см кесінді сызыңыз. Кесіндінің ұшын F нүктесімен белгілеңіз.

P1 және P2 екі түйреуішті FE кесіндісіне орналастырыңыз.

Бір түйреуішті E нүктесіне жақын орналастырыңыз. P1 және P2 түйреуіштерінің орналасуын нүктелермен белгілеңіз.[1]

(c)Блокты қайтадан парақтағы орнына қойыңыз.

Блоктың CD жағынан қарап, P1 және P2 бейнелері бір-бірінің артында болатындай, P1 және P2 бейнелерін бақылаңыз. Өз көзіңіз бен блоктың арасына P3 және P4 түйреуіштерін орналастырыңыз, сонда P3 және P4 бейнелері, сондай-ақ P1 және P2 бейнелері блок арқылы көрініп, бір түзудің бойында орналасуы керек.

P3 және P4 түйреуіштерінің орналасуын нүктелермен белгілеңіз. Блокты және түйреуіштерді алып тастаңыз.

P3 және P4 түйреуіштерінің нүктелерін жалғайтын сызық жүргізіңіз. Бұл пайда болған сәуленің бағытын көрсетеді. Сызықты CD қабырғасына дейін жалғастырыңыз және қосылу нүктесін K деп белгілеңіз. KE кесіндісін сызыңыз.

Перпендикуляр мен KE кесіндісі арасындағы r сыну бұрышын өлшеп, 2.1-кестесіне жазыңыз.

sin i, sin r мәндерін есептеңіз және кестеге жазыңыз.[1]

(d)(b) және (c) қадамдарын i = 20o, 30o, 40o және 50o түсу бұрыштары үшін қайталаңыз.

Барлық көрсеткіштер мен нәтижелеріңізді 2.1-кестесіне жазыңыз.

2.1-кесте

i /

r /

sin i

sin r

10

20

30

40

50

[4]

(e)sin r -дің (Ox осі) sin i -ге (Oy осі) тәуелділік графигін салыңыз.

[5]

График градиенті блок материалының n сыну көрсеткішіне тең.

График градиентін анықтаңыз.

Қажетті мәліметті қалай алғаныңызды графикте анық көрсетіңіз.

Жауабыңызды берілген тәжірибеге сәйкес келетін мәндік цифрлар санымен беріңіз.

n =

[3]

Сыну көрсеткішінің анықталған мәнін кестелік мәндермен салыстырыңдар және эксперимент нәтижесін бағалаңдар __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________[2]



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.