Сфералық айналар. Физика, 8 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Сфералық айналар.

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Оқушылардың саны:

Сабақта жоқ оқушылардың саны: -

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.5.1.5 – дененің кескінін алу үшін сфералық айнада сәуленің жолын салу және алынған кескінді сипаттау

Сабақтың мақсаттары

- сфералық айналарды білу;

- сфералық айналардыӊ негізгі элементтерін (сфералық айнаныӊ полюсі, оптикалық центрі, бас оптикалық осі, фокусы, фокустық қашықтығы) білу;

- сфералық айнада кескінді ала білу және алынған кескінді сипаттай білу ;

- сфералық айналардыӊ қолданылуын білу.

 Бағалау критерийлері

сфералық айналарды біледі;

- сфералық айналардыӊ негізгі элементтерін (сфералық айнаныӊ полюсі, оптикалық центрі, бас оптикалық осі, фокусы, фокустық қашықтығы) біледі;

- сфералық айнада кескінді ала біледі және алынған кескінді сипаттай біедіу

- сфералық айналардыӊ қолданылуын білуеді

 Тілдік мақсаттар

 Оқушылар өздерінің түсініктерін көрсететін жаңа сөздерді пайдаланулары керек. Олар терминдерді түсінулері және қолдана алулары керек: ойыс сфералық айна, дөӊес сфералық айна, сфералық айнаныӊ полюсі, сфералық айнаныӊ оптикалық центрі, шын кескін, жалған кескін.

Пәнге тән лексика мен терминология:

Сөздік

Жазық айна

flat mirror

Плоское зеркало

Сфералық айна

spherical mirror

Сферическое зеркало

Шын кескін

Real image

Действительное изображение

Жалған кескін

Virtual image

Мнимое изображение

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

Сфералық айналар - шағылдыратын беттері сфералық беттер (сфералық сегмент) болып келетін айналар. Сфералық айналар ойыс және дөңес болып бөлінеді.

Сфералық айнаныӊ фокустық қашықтығы оныӊ сфералық бетініӊ радиусыныӊ жартысына теӊ.

Құндылықтарды дарыту

Бұл сабақ ұйымшылдық, ынтымақтастық, жауапкершілік және сыйластық құндылықтарын дарытуға бағытталған.

Пәнаралық байланыстар

Физикалық шамалардың мәндерін инженерлік калькулятордың көмегімен дұрыс есептей білу, теңдеуді шешу және сандарды жуықтауды дұрыс орындау.

Бастапқы білім

Линзалар және олардыӊ қолданылуы.

 Линзаларсфералық беттермен шектелген мөлдір дене. Линза материалы шыны, кварц, кристаллдар, пластмасса болуы мүмкін. Дербес жағдайда линзаның бір беті тегіс болуы мүмкін.

 Линзалар оптикалық қасиеті бойынша екіге бөлінеді:

 - жинағыш линзалар (ортасы шетіне қарағанда қалың)

 - шашыратқыш линзалар (ортасы шетіне қарағанда жұқа).

Линза жұқа деп аталады, егер оның қалыңдығы сфералық беттерінің радиустарына салыстырғанда анағұрлым кіші болса.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 мин

3-5 мин

 1. Оқушылар откен материалды еске түсіру үшін сұрақтарға жауап береді.

  • Жазық айнадағы кескінді сипаттаңдар.
  • Жарық сәулесі , жарық шоғы, нүктелік жарық көзі деген не?
  • Жарықтың шағылу заңын тұжырымдаңдар.
  • Айналық, шашыранды шағылу деген не?

 Сынып оқушыларынан «Objects in the mirror are closer than they appear» деген сөзді қайда көргендігін және оныӊ мағынасын сұраңыз.

2. Ой қозғау

 Суретте қандай кескіндерді көріп тұрсындар?

 Бұл айналардыӊ бірінде кескін төӊкерілген, ал екіншісінде тура. Неліктен?

 Бұл кескіндердіӊ қасиетін сипаттау үшін, біз сфералық айналарды және оларда кескін алуды үйренуіміз қажет.

Сабақтың ортасы

5-15 мин

15-20 мин

20-30 мин

30-37 мин

 3. Түсіндіру Сфералық айналар - шағылдыратын беттері сфералық беттер (сфералық сегмент) болып келетін айналар.

 Сфералық айналар ойыс (а) және дөңес (б) болып бөлінеді.

 

 (D) АКТды қолдану:

 1) http://www.youtube.com/watch?v=YtJNHN2xB6k

 2) http://www.youtube.com/watch?v=YjFB6je1T9g

 Р нүктесі- сфералық айнаның орта нүктесі (айна полюсы). С нүктесі- сфералық айнаның оптикалық центрі. R – сфералық айнаның радиусы. F нүктесі - сфералық айнаның фокусы. Ойыс айнада шын фокус (а), дөңес айнада жалған фокус (б). Сфералық айнаның оптикалық центрі және полюсы арқылы өтетін түзу (СP) сфералық айнаның бас оптикалық осі деп аталады.

Сфералық айнаның фокусы (FP=F):

 http://www.youtube.com/watch?v=Ef_OvzPhNgw

Сфералық айналарда кескіндерді алу

Оқушыларға ойыс айнада кескін алуды бір мысалмен түсіндіреміз. Пайда болған кескінді сипаттаймыз.

http://www.youtube.com/watch?v=JHZmCXzaumw

4. Сабақты бекіту. Топпен жұмыс

Сынып оқушылары 4 топқа бөлінеді. Топтарға плакат, маркерлер және сызғыш беріледі. Мұғалім тарапынан төрт тапсырма ұсынылады:

 Тапсырма №1

 Нәрсе ойыс айнадан екі еселенген фокустан үлкен (d>) болған қашықтықта орналасқан, айнада пайда болатын кескінді сипаттаӊыз.

 Тапсырма №2

 Нәрсе ойыс айнадан F<d< болған қашықтықта орналасқан, айнада пайда болатын кескінді сипаттаӊыз.

 Тапсырма №3

 Нәрсе ойыс айнадан d=2F болған қашықтықта орналасқан, айнада пайда болатын кескінді сипаттаӊыз.

 Тапсырма №4

 Нәрсе ойыс айнадан d<F болған қашықтықта орналасқан, айнада пайда болатын кескінді сипаттаӊыз.

 

Топтар берілген плакаттарға кескіндерді жасайды. оқушылар бір-бірінің жұмысын тексереді және кері байланыс жасайды.

Соңынан жалпы қорытынды жасаймыз.

Қорытынды:

1) d> болса, кескін шын, төңкерілген, кішірейтілген болады

2) F<d< болса, онда кескін шын, төңкерілген, үлкейтілген болады

3) d=2F болса, онда кескін шын, төңкерілген, нәрсеніӊ өзімен теӊдей болады

4) d<F болса, онда кескін жалған, тура, үлкейтілген болады.

Дөӊес сфералық айналардыӊ қолданылуын мұғалім түсіндіреді

 Дөӊес сфералық айналар тек қана жалған, кішірейтілген, кескін береді.

Дүкендерде ұрлықтыӊ алдын алу

Автотұрақтарда, көше қиылыспаларында

Автомобильдердіӊ сыртқы айнасында (әдетте оӊ жағындағы) және фараларында.

 Стандарт бойынша жеӊіл автомобильдердіӊ айналарыныӊ кисықтық радиусы ден кіші болмауы керек, ал жүк автомобильдері үшін .

Ойыс сфералық айналардыӊ қолданылуы

Ойыс айналар көптеген жағдайда жарық сәулесін жинақтау үшін қолданылады.

Ойыс айналарды стоматологтар қолданады

(D) http://www.youtube.com/watch?v=LcUhAA5-j00

Сабақтың соңы

37-40 мин

5. Рефлексия

Мұғалім тапсырманың орындалу деңгейін талқылай отырып, сабақ мақсатына оралады. Келесі сабақты жоспарлау үшін оқушыларға сұрақтар қойылады:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет.

Сұрақтар ауызша немесе жазбаша талқылануы мүмкін.

6. Үй тапсырмасы: Сфералық айналар.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар: отынның меншікті жану жылуының физикалық мағынасын түсініп, формуласын білуі керек.

Көпшілік оқушылар:отынның энергиясы қандай параметрлерге тәуелді екендігін біліп, қарапайым есептерде қолдана білулері керек.

- «Сағат» әдісін пайдаланып сұрақ-жауап арқылы бағалау;

- Есептер шығарту арқылы олардың қолдану дағдыларын бағалау;

Топтық жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.