Инерция құбылысы. Күш, күштерді графикте көрсету. Физика, 7 сынып, дидактикалық материал.
Тәжірибе жасау«Қалайша тиынды стақанға түсіруге болады?»Үстел үстінде суы бар стакан. Стаканның бетінде қағаз. Қағаз үстінде тиын тұр. Тиынды қолмен ұстамай қалайша стақанның ішіне түсіруге болады?
«Қалайша қағазды аламыз?»Ұзын парақ қағаздың үстінде суы бар cтакан тұр. Банканы орнынан жылжытпай қалайша қағазды алуға болады?
1Н күштің масштабын 0,5 см етіп алып, бір нүктеге бір бағытта әрекет ететін 4Н-ға және 8Н-ға тең күштерді график түрінде кескінде.
Егер денеге ешқандай күш әрекет етпесе, дене жылдамдығы жөнінде не айтуға болады?
Масштаб 1 см – 40 Н деп алып, денеге солтүстік бағытта түсірілген 200Н күштің графиктік сұлбасын салыңыз.
Масштаб 1см- 60 Н деп алып денеге оңтүстік бағытта әрекет ететін 240 Н күштің графиктік сызбасын салыңыз.
Масштаб бойынша күштің шамасын анықтаңыз.
Екі бала шананы сүйреп келе жатыр. Бірі 20 Н күшпен шананы артынан итереді, екіншісі 30 Н күшпен алдынан тартады. Бұл күштер горизонталь бағытталған деп санап, графиктік сызбасын салыңыз. Масштаб: 1см-10 Н.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру