Инерция құбылысы. Күш, күштерді графикте көрсету. Физика, 7 сынып, презентация.


Инерция.

Денелердің өзара әрекеттесуі.

Сабақтың мақсаты:

инерция құбылысын түсіну және сипаттау;

күштерді берілген масштабта графикалық түрде көрсетеді.

Жетістік критерийі:

Оқушылар инерция құбылысын

сипаттап беруі;

Инерция құбылысының пайдасы мен зиянын ажырата алады;

Егер қозғалыстағы дененің

жолындағы барлық кедергі

жойылған болса, ол қалай қозғалар еді?

Бұл сұраққа Италияның атақты ғалымы

Галилео Галилей жауап берген болатын.

Денеге басқа денелер әрекет етпесе, онда ол

тыныштық күйінде болады немесе Жермен

салыстырғанда түзусызықты бірқалыпты

қозғалады. Бұл екі жағдайда да дененің

жылдамдығы өзгермейді.

Есіңе сақта!

Денеге басқа денелер әрекет етпеген кездегі жылдамдығын сақтау құбылысы инерция деп аталады.

«инерция» сөзілатын сөзі, мағынасы: қозғалыста емес әрекетсіздік

Тәжірибе жасау

«Қалайша тиынды стақанға түсіруге болады

Үстел үстінде суы бар стакан. Стаканның бетінде қағаз. Қағаз үстінде тиын тұр. Тиынды қолмен ұстамай қалайша стақанның ішіне түсіруге болады?

Жауабы: Қағазды жылдам, әрі бар күшпен тез тартып қаламыз. Бұл кезде тиын жылдамдық алып үлгермейді, яғни жылдамдығын сақтау құбылысы-инерцияның әсерінен стакан ішіндегі суға түседі

«Қалайша қағазды аламыз

Ұзын парақ қағаздың үстінде суы бар cтакан тұр. Банканы орнынан жылжытпай қалайша қағазды алуға болады?

Жауабы: Қағаз парағының бір жақ шетінен ұстап, жылдам тартып қалу керек. Инерцияның әсерінен стакан мен оның ішіндегі су жылдамдық алып үлгермейді, яғни қозғалысқа түсіп үлгермейді.

Тәжірибе

Массалары бірдей арбашалар және массалары әр түрлі арбашалармен тәжірибе жасау

Денелердің өзара әрекеттесуі кезінде оған қатысушы денелер жылдамдықтарын өзгертеді. Есептеулерге сәйкес, арбашалардың массаларының кез келген қатынасында келесі теңдік орындалады:

Денелердің өзара әрекеттесуі кезінде олардың алған жылдамдықтары, олардың массаларының қатынасына кері пропорционал болады.

Күштерді графикте кескіндеу

Сабақтың мақсаты:

күштерді берілген масштабта графикалық түрде көрсету;

Жетістік критерийі:

Күштің вектор екендігін біледі;

Денеге әсер ететін күштерді көрсете алады;

Көбінесе:

«Денеге күш әрекет етеді»

немесе

«Денеге күш түсірілген» деп айтады.

Денелердің өзара әрекеттесуіне мысалдар

Күшті Ғ әрпімен белгілейміз.

SІ жүйесінде күш бірлігіне Ньютон (Н) алынған. Бұл күш бірлігі ағылшынның ұлы ғалымы Исаак Ньютонның құрметіне ньютон деп аталған. тыныштық күйіндегі массасы 1 кг денеге 1 с ішінде 1 м/с жылдамдық беретін күш.

Практикалық есептер шығарғанда күштің үлестік (миллиньютон) немесе еселік (килоньютон) бірліктері де қолданылады.

1мН=0,001 Н

1кН=1000 Н

Күшті динамометр деп аталатын

құралмен өлшейміз

Динамометрлердің әр түрі болады: қолдың

бұлшық етінің күшін өлшеу үшін

қол динамометрі

тракторлардың локомотивтердің тарту күшін өлшеу үшін арнайы тарту динамометрлері пайдаланылады.

Күш –денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама.

Күш , F

Өлшем бірлігі ньютон(Н)

Сан мәнімен

(модулі)

Кеңістіктегі бағытымен

Түсірілу нүктесімен

60Н

күш әрекетінің нәтижесі оның бағытына байланысты болатынын көрсететін анимация.

https://www.youtube.com/watch?v=nrbakrBnIv4&list=RDCMUCXC-idU18buI-_kCBLU16-g&start_radio=1&t=3

Күш сандық мәнімен қоса бағытымен де сипатталатын болғандықтан ол векторлық шама болып табылады.

Денеге түсірілген күшті суретте бағыты бар кесінді түрінде көрсетуге болады.

Кесіндінің ұзындығы шартты түрде қандай да бір таңдап алынған масштабтағы күштің шамасын көрсетеді.

Нұсқаманың бағыты күш әрекетінің бағытымен сәйкес келеді.

Кесіндінің басы күштің түсірілу нүктесі болып табылады.

Білімді бекіту.

1. күштің масштабын 0,5 см етіп алып, бір нүктеге бір бағытта әрекет ететін 4Н-ға және 8Н-ға тең күштерді график түрінде кескінде.

Допқа әсер ететін күштің түсу нүктесі мен бағытын салып көрсетіңіздер.

5. Егер денеге ешқандай күш әрекет етпесе, дене жылдамдығы жөнінде не айтуға болады?

Жауап: Дене жылдамдығы өзгермейді.

6. Масштаб 1 см – 40 Н деп алып, денеге солтүстік бағытта түсірілген 200Н күштің графиктік сұлбасын салыңыз.

Жауап:

7. Масштаб 1см- 60 Н деп алып денеге оңтүстік бағытта әрекет ететін 240 Н күштің графиктік сызбасын салыңыз.

Жауап:

Масштаб бойынша күштің шамасын анықтаңыз.

Жауап: Масштаб бойынша бірлік кесіндінің ұзындығы 20 Н болғандықтан, сурет бойынша коляскаға түсірілген күш 60 Н-ға тең болады.

Екі бала шананы сүйреп келе жатыр. Бірі 20 Н күшпен шананы артынан итереді, екіншісі 30 Н күшпен алдынан тартады. Бұл күштер горизонталь бағытталған деп санап, графиктік сызбасын салыңыз. Масштаб: 1см-10 Н.

Жауап:

Пәндік лексика мен терминология:

Рефлексия «Білім ағашы»

Ағаштағы алмаларды сәйкес түстермен белгілеңіз.

Жасыл -маған сабақ ұнады, мен сабақта белсенді жұмыс жасадым.

Сары -Сабақ қызық болды, мен сабаққа белсенді қатыстым, бірақ тапсырмаларды толық орындай алмадым

Түсті жолақ- Мен үшін сабақтың пайдасы аз болды. Сабақты терең түсінбедім және тапсырмалардың жартысын орындай алмадым.

Қызыл- Маған сабақ ұнамады. Сабақты түсінбедім және сабақта жұмыс жасай алмадым

Күштерді графикте кескіндеуге есептер шығару.

11-жаттығу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.