Музыка және бейнелеу өнері. Музыка, 6 сынып, сабақ жоспары. 1 сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар: Мектеп:

6.3 Музыка және өнер түрлері

Мерзімі: Оқытушы:

Сынып: Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Музыка және бейнелеу өнері (1)

Сабақта іске асырылатын оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.1.1 – тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау;

6.1.2.3 – көркем бейнені құруда музыка және өнердің басқа түрлерінін көркемдеуші құралдарын салыстыру

6.1.3.1 – әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, екі дауыспен,немесе канон элементтерін қолдана отырып, әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндерді орындау;

Сабақ мақсаты

  • – тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтау;
  • – көркем бейнені құруда музыка және өнердің басқа түрлерінін көркемдеуші құралдарын салыстыру;
  • - әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, екі дауыспен,немесе канон элементтерін қолдана отырып, әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндерді орындау.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

– тыңдаған музыкалық шығарманы талдау және өнердің түрлері, стилі және жанрларын, сонымен қатар, өнердің өзге түрлерімен байланысын анықтай алады;

– көркем бейнені құруда музыка және өнердің басқа түрлерінін көркемдеуші құралдарын салыстыра алады;

- әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, екі дауыспен,немесе канон элементтерін қолдана отырып, әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндерді орындай алады.

Тілдік мақсат

- бейнелеу өнері мен поэзияны, театрлық және кинематографиялық қойылымдарды талдау.

Пәндік лексика мен терминология:

бейнелеу өнері;

бейнелеу өнерінің жанры;

Алдыңғы білімдері

5 сыныпта алған білімдерін толықтыру

Құндылық

Тарих, Мәдениет, және тілдік бірлестік. Өнер синтезі.

Сабақ барысы

Жоспраланған сабақ барысы

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақ басы

0-3

3-5

5-7

7-9

1.Ұйымдастыру кезеңі: сыныпта коллаборативті ортаны ұйымдастыру.

Әңгімелеу: Кристина Родригестің «Я хочу увидеть музыку» атты өлең жолдарын мұғалім оқиды.

Сыныпта талдау.

-Қалай ойлайсыздар бүгін біз не жайлы әңгімелейміз?

2. Сабақ тақырыбымен танысу.

Оқушылармен сабақ мақсатын анықтау және орындалатын іс-әркетті талдау.

Өлең жолдары К.Родригес

«Я хочу увидеть музыку»

http://tekstovoi.ru/text/8375738_927411278p564035689_text_pesni_ya_hochu_uvidet_muzyku.html

Сабақ ортасы

9-13

13-16

16-25

25-30

30-35

Тапсырма.

Тыңдалым және талдау.

А.Ватто «Шарманщик» атты суретін қарастырыңыз.

Суретті талқылаңыз.

Суреттің және басты кейіпкердің көңіл-күйін анықтаңыз.

Л. Бетховен композитордың «Сурок» шығармасын тыңдаңыз.

Шығарманы талқылаңыз.

Музыканың көркем орындалу жолдарын атап көрсетіңіз. Ырғақ, лад, динамика және т.б.

Сұраққа жауап беріңіз:

-тыңдалған шығарма мен сурет бір-біріне ұқсас па?

-бұл екі шығарма қандай көңіл-күйді суреттейді?

Тапсырма.

Топпен талқылау.

Суреттерді қарастырыңыз:

И.Левитан «Март»,

К.Тельжанов «Ловля лошадей»,

И.Шишкин «Рожь».

Суретті талқылаңыз.

Жанр, көңіл-күй және динамиканы негізге ала отырып берілген суреттерге шығарма таңдаңыз.

Шет ел, орыс және қазақ халық шығармаларын қолданыңыз.

Тапсырмаға арналған бағалау критерийлері:

  • Суреттерді қарастыра алады;
  • Суреттерді талқылай алады;
  • Берілген суреттерге шығарнманы таңдай алады.

Дескриптор:

  • Суреттерді қарастырды.
  • Суреттерді талқылады;
  • Әр суретке шығарманы таңдады;
  • Шет елінің шығармаларын таңдады;
  • Орыс халық шығармасын таңдады;
  • Қазақ халық шығармаларын таңдады.

Бағалау.

«Геометриялық фигура»

Үшбұрыш – орташа

Төртбұрыш- жақсы

Жұлдызша- керемет

Тапсырма.

Әнді орындау.

«Я хочу увидеть музыку» атты Г.Струве композиторыныңы. әнін орындап үйреніңіз

Суреттер

А.Ватто «Шарманщик».

Л.Бетховена «Сурок» атты шығарманың үнтаспасы

https://www.google.co.uk/search?q=левитан+март&rlz

https://www.google.co.uk/search?rlz=1C1GGRV_enKZ761KZ761&biw=1360&bih=623&tbm=isch&sa=1&ei=CeFiWsmlEpHSwAKZ5o3wBQ&q=тельжанова+ловля+лошадей+&oq

«Я хочу увидеть музыку» әнінің үнтаспасы

Сабақ соңы

35-40

Рефлексия «Жетістік сатысы»

Сабақтағы іс-әрекетіңізге рефлексия жүргізіңіз.

Сәттілік баспалдағындағы өзіңіздің орныңызды табыңыз.

Оқушылардан кері байланыс алу.

Рефлексия орындау үшін мұғалім мәтіні бар қағаз беттерін таратып, мынадай ұсыныс жасауы тиіс:

Мен бүгін сабақта үйренгенім…

Сабақта мені толғандырған…

Әсіресе менің қолым жеткені…

Менің түсінгенім…

Менің қызығушылығымды тудырған…

Мен үшін маңыздылығы…

Карточкалар «Жетістік сатысы»

Дифференциация мұғалім практикалық жұмыс барысында оқушылардың жұмыстарын бақылап, керек кезде қайта түсіндіріп, көрсетеді, көмектеседі. Аса қабілетті оқушыларға қиындау тапсырманы орындау ұсынылады, мысалға, бірнеше символдарды қолдану.

Бағалау – практикалық жұмыс басында оқушылар топ ішінде кестеде бағалау критерийлерін толықтырады.

Техникалық қауіпсіздік сақтау.

Қауіпсіздікті сақтау сабақ жүргізу.

Оқушылар шығармашылық жұмысты орындау барысында музыкалық қабілеті дамыған оқушы ықшам шығарманы музыкалық аспапта немесе екі дауыста орындауына жол беріледі.

Қалыптастырушы бағалау

6.1.3.1 – әуеннің көңіл-күйі мен көркем бейнесін жеткізе отырып, екі дауыспен,немесе канон элементтерін қолдана отырып, әртүрлі стильдегі және жанрдағы әндерді орындау;Кері байланыс

Топтық жұмысты орындау барысында ақпарат ізденуде, таныстырылым кезеңінде оқушылар бір-біріне деген құрметтілігін көрсете отырып, сабақ барысында қауіпсіздік ережелерін сақтайды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.