Дала дауысы. Музыка, 3 сынып, сабақ жоспары. 3 - сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1 бөлім: «Тірі табиғат»

Сабақ: 3

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Магавина Гульбану

Сыныбы:

Қатысқандар

саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Дала дауысы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.3.3 - музыкалық шығармаларды талдау барысында негізгі музыкалық ұғымдарды анықтау және ажырату

3.1.2.2. - әнді негізгі дирижерлық қимылдар көмегімен орындау

3.2.1.1- музыкалық шығармашылық жұмыстар жасау үшін өз идеясын ұсыну

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • Халық әнін тыңдайды және орындайды
  • Халық әніне импровизация жасайды
  • Халық әніне ұқсатып өз әндерін шығарады.

 Бағалау

 критерийлері

Тыңдалған әуеннің жанры мен сипатын анықтайды

Әнді дирижерлік қимыл арқылы орындайды

музыкалық шығармашылық жұмыстар жасау үшін өз идеясын ұсынады

 Тілдік мақсаттар:

 

Оқушылар:

  • музыканы талқылай және талдай алады;
  • тыңдалған музыкалық шығармалары туралы өз ойын ортаға салады.

Пәндік лексика мен терминология:

Ре нотасы

Халық әні

Дала әуені

Импровизация

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Бұл өлең не туралы?
  • Қазақ даласын қандай музыкамен суреттеуге болады?
  • Әр түрлі орындауда қандай айырмашылық байқадыңыздар?
  • Әнді тыңдау барысында көзіңізге не елестеді?
  • Әннің қай орындаулы сізге жақынырақ, ұнады?

Құндылықтарды дарыту

 

 

Топтық жұмыстарға қатысу арқылы оқушылардың бір-біріне деген құрмет сезімерін қалыптастыру.

Оқушыларға халық әнін тыңдау және үйрету арқылы ұлттық өнерге деген құрмет сезімдерін дарыту.

 Пәнаралық

 байланыстар

Дүниетану пәнімен байланыс – оқушылар Қазақстан даласы жайлы білетін ақпараттарын айтады құбылыстарын анықтайды

 АКТ дағдылары

Бастапқы білім

Оқушыласазсырнай мен сыбызғы аспаптарымен танысып, ажыратуды үйренді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Музыкалық сәлемдесу

Оқушыларға Ф. Оңғарсынованың «Қазақ даласы» өлеңі тыңдатылады және қазақ даласының бейнематериалы көрсетіледі.

Талқылау:

  • Бұл өлең не туралы?
  • Қазақ даласын қандай музыкамен суреттеуге болады?
  • Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы

«Дала дауысы».

Бүгінгі сабақта біз қазақ даласын әнмен, музыкамен, сөзбен суреттейтін боламыз.

https://www.youtube.com/watch?v=EcQtMm-DH0A

Сабақтың ортасы

5 мин

7 мин

2 мин

10 мин

5 мин

1 тапсырма. Импровизация жасау

Сынып 4 топқа бөлінеді. Әр топ қазақ даласының дыбысын аспаптар арқылы жеткізу керек.

1 топ - шөптің дыбысы

2 топ - желдің дыбысы

3 топ – бұлақтың дыбысы

4 топ – орманның дыбысы.

2 тапсырма . Музыка тыңдау және талдау.

«Япурай» әнін тыңдаңыздар.

- Әр түрлі орындауда қандай айырмашылық байқадыңыздар?

- Әнді тыңдау барысында көзіңізге не елестеді?

Әннің қай орындаулы сізге жақынырақ, ұнады? Түсіндіріңіз.

- Берілген әнді «дала дауысы» деп атауға бола ма? Неліктен?

3 тапсырма. Музыканы сезіну

Музыканың сипатын сезіну үшін сыныппен бірге әннің ырғағына сай би қиымылдарын жасайық.

4 тапсырма. Әнді орындау.

«Дала әуендері» сөзін жазған: С. Қалиев, әнін жазған Б. Қыдырбек

1.Даланың жыр-әні,

Сыбдырлап құрағы.

Гүрілдеп өзені,

Сыңғырлап бұлағы.

Ән салып тұрады.

2.Қаңқылдап қаздары,

Қалықтап мәз бәрі.

Бұлбұлдың сайраған,

Төгілген сазды әні.

Оркестр секілді,

Күй тартқан жаздағы.

3.Ескен жел гуілі,

Араның дуылы.

Тыраулап тырналар,

Шегіртке шырылы.

Даланың әуені

Тербетіп тұр үні.

4.Өрістен жамырар,

Әсем ән табылар.

Кісінеп тай-құлын

Қозы-лақ маңырар.

Даламның әуені

Осындай әні бар.

5.Тербеліп боз далам,

Бозторғай созған ән.

Бақасы барқылдап,

Боталар боздаған.

Даламның әуені

Жан сырын қозғаған.

5 тапсырма. Музыкалық сауаттылық.

Ре нотасымен танысыңыз.

- Музыкалық сызықтың қай бағанында ре нотасы орналасқан?

-Қандай ноталардың арасында ре нотасы орналасады?

Ре, до, ми, фа, соль ноталарынан шағын әуен құрастырыңыз.

https://www.youtube.com/watch?v=I8Pi-tokyWk

эстрадалық орындау «Voice» тобы

https://www.youtube.com/watch?v=XrBk-KhfOTE классикалық орындау

https://www.youtube.com/watch?v=FaK0wwkYYsE Б. Тлеуханның орындауы

әннің сөзі минусы

әннің плюсы

А3 форматты қағазда көрсетілен нота сызығы

Түрлі түсті фишкалар

Сабақтың соңы

6 минут

Рефлексия:

«Бір сөзбен»

Оқушылар презентацияда көрсетілген 12 сөздің ішінен өздерінің жай күйін білдіретін 3 сөз таңдап айтуы қажет.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Ән үйрену кезінде музыкалық қабілеті жоғары дамыған оқушыларды өзге оқушылармен араласып тұрғызу. Балалар бірін- бірі тыңдау арқылы позициялық тұрғыда әнді дұрыс орындап үйренеді.

Бақылау

Өзара бағалау

Бағалау критерийлері арқылы

Ән орындау кезінде оқушылардың тыныс алу жолдары дамиды. Оқушылар әннің фазалары біткенге дейін дұрыс дем алуды үйрену арқылы өкпелерін дамытады.

Интерактив тақтасын кажет болмаған кезде өшіріп отыру

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақытты кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы солжақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.