Қазақ әндері мен билеріне дыбыс жасау. Музыка, 1 сынып. Сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6 С-бөлім: Салт-дәстүр және фольклор

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математикалық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Карипжанов М.С.

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Қазақ әндері мен билеріне дыбыс жасау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3.2.1

көркем туындылардың кейбір сипаттамаларын тани және сипаттай бастау

1.3.1.1

идеяларды қарапайым тілмен жеткізу

1.2.3.1

қарапайым әдістер арқылы материалдар мен компоненттерді біріктіру, қосу, жинақтау, формасын келтіру, белгілеу, қию, өлшей бастау

1.2.4.1

қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар қарапайым әдістер арқылы материалдар мен компоненттерді біріктіру, қосу, жинақтау, формасын келтіру, белгілеу, қию, өлшей бастау

 Жетістік критерийлері

-оқушы аспаптың, қалай дыбыс шығаратыны пішіні жайында қарапайым тілмен айтып бере алады

-оқушы өз идеясын қолданып ермексаздан жасап көрсете алады

 Тілдік мақсаттар

 

Талқылауға арналған сұрақтар

• Сіздің аспабыңыз неден жасалған?

• Ол қандай дыбыстар шығарады?

• Сіздің аспабыңызда сізге не ұнайды?

• тырнау, дыбыс шығару үшін саусақпен соққылау, екпін, зыңыл, қағу, шіңкілдеу, дірілдеу, үрлеу

• ақырын, қатты, барынша ақырын, барынша қатты, қаттырақ, ақырын

 Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды ұлттық аспаптармен таныстыру және бір-бірінің пікіріне деген сыйластықты қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

Дүние тану,

 АКТ қолдану дағдылары

Бұл сабақта АҚТ қолдану дағдылары дамымайды себебі , бұл сабақта қолданбайды

Бастапқы білім

Оқушы бейнелеу өнер құралдарымен жұмыс жасай алады, музыкалық аспаптарды таниды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру бөлімі

  • сәлемдесу.

ә) оқушыларды түгендеу.

Оқушылармен «Әртүрлі материалдан жасалған аспаптар» атты видео қарап бірігіп сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтау.

Сабақ соңында оқушылар; музыкалық аспаптың нобайын салып үйренеді

https://www.youtube.com/watch?v=ix12QVOVlog

«Әртүрлі материалдан жасалған аспаптар» атты видео

Сабақтың ортасы

(Ұ, Қ) Өткен іс- әрекеттерге шолу жасау. «Өз аспаптарыңнан сендерге не ұнайды?», «Өз аспабыңды сипаттап бере аласың ба?», «Олар қандай дыбыстар шығарады?» деген сұрақтар қойыңыз.

Өз жұмысын қалай жақсартуға немесе онда дыбыс шығарып ойнау үшін басқа аспапты қалай жасауға болатынын түсіндіріңіз.

(Ж, ОТ) Оқушылар өз бұйымдарынан шыққан дыбыстарды зерттейді және практикада тәжірибе жасайды. Алдында жасаған жұмыстарын және идеяларын дамытуға көмектесе отырып, басқа материалдармен жасауды ұсыныңыз. Оларға пайдаланатын материалдардың кейбір бөлшектерін өлшеуге, белгілеуге, біріктіруге көмектесіңіз.

(Т, Ж) Шағын топпен немесе жұппен сабақта жасаған аспаптарының дыбыстарын, музыкалық шығармаларда қалай қолдану керектігін талқылайды (ән, би, таныстырылым). Аспаптардың дыбыстарын келесі жұмыстар үшін, аудиоға жазып алу ұсынылады

Төмендегідей қолда бар материалдар:

картон қораптар,

картон түтіктер

кішкентай тастар

резиналар

пластмасса контейнері

консерві банкалары

эластикалық мата

таяқтар

жұқалтыр қағаз

Сабақтың соңы

Талқылауға арналған сұрақтар

• Сіз бұл нәтижеге қалай жеттіңіз?

• Сіз қандай материал қолданар едіңіз?

• Жұмысты жақсарту үшін келесі жолы сіз не істер едіңіз?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып, уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, қабілеті жоғары оқушыларға жасаған жұмыстарына қосымша детальдар қосуды ұсынамын

Өзін-өзі бағалау мұғалімнің бағалауы

Сергіту сәті



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу