5-6 сыныптардағы математика курсын қайталау. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Тақырыбы: 5-6 сыныптардағы математика курсын қайталау.

Әдістемелік нұсқау.

Оқушыларды:

  • Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі мен екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешеді;
  • Координаталық жазықтықта нүктенін координатасын анықтаайды және координаталары бойынша нүктені сала алады;
  • Нақты процесттердің графиктерінің көмегімен шамалар арасындағы байланысты анықтайды және зерттейді;
  • Бірнеше санның арифметикалық ортасын, модасын, медианасын, өзгеріс ауқымын есептейді.

І. 6.2.2.14.; 6.3.1.4; 6.4.3.2 , ; 6.5.2.10 ; 6.5.1.7. мақсаттарын қайталау үшін оқушыларға «Автобус аялдамасы» жұптық дидактикалық ойынын ұсынамын. Ол үшін сыныптағы парталарды әр жұп бір аялдамада түйісіп қалмайтындай, кезектесетіндей тапсырмаларды орындайтындай ретпен орналастыру керек. Әрбір партаға аялдама аты жазылып қойылады.

Сабақ басында оқушылар жұппен өздерінің қозғалыс бағытын (маршрут) таңдайды, өздерінің қозғалыс бағыты бойынша аялдамадан аялдамаға келген кезде сәйкес тапсырманы орындайды, келесі аялдамаға көшеді, сөйтіп тапсырмалар орындалып болған соң дәптерлері тексеріледі.Бірінші бастағанда қай жұп қандай тапсырма орындады сол жұпты мұғалім критерий бойынша тексереді, ол жұп қалған жұптарды критерий бойынша тексереді, әрі бағалайды. (Жұпты бағалау бетшесі қосымша №1)

  • «Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі» аялдамасы тапсырмасы:

6.2.2.14. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шешеді;

  • Теңсіздіктер жүйесін шешіңіз:
  • Қос теңсіздіктің шешімін табыңыз:

Дескриптор

1

Теңсіздіктерді ах>b (ax<b) түріне келтіреді.

2

Теңсіздіктердің шешімдерін координаталық түзуде көрсетеді.

3

Теңсіздіктердің ортақ шешімін жазады.

  • «Координаталық жазықтық» аялдамасы тапсырмасы:

 6.3.1.4 Координаталық жазықтықта нүктенін координатасын анықтау және координаталары бойынша нүктені салу.

1) Координаталық жазықтықта АВСД тік төртбұрышының

А(-2; -2) , В(-2; 2) және С(4; 3) төбелері бойынша онығ Д төбесінің координаталарын анықтаңыздар.Берілген тік төртбұрыштың периметрін есептеп табыңыздар. Бірлің кесінді

1 см- ге тең.

  • Алтыншы сынып оқушылары спорттық ойынға қатынасып берілген бұйрықтарды кезекпен орындады. Бастапқыда олар О нүктесінде орналасты. Содан кейін оларға шығысқа 5 бірлік, солтүстікке 4 бірлікке жүруге бұйрық берілді. Нәтижесінде олар келген В нүктесінің координатасын табыңыз. Осылайща С,Д,Е,К,М, N нүктелеріне жету үшін оларға берілген бұйрықтарды анықтаңыздар және осы нүктелердің координаталарын табыңыздар.

Дескриптор

1

Координаталық жазықтықта нүктенін координатасын анықтайды.

2

координаталары бойынша нүктені салады.

3

Тік төртбұрыштың периметрін есептей алады.

Сергіту сәті. Сергіту сәтін мұғалім оқушылардан денеге арналған жаттығуларды жасауларын сұрайды.Оқушыларға дене талуын, шаршауын басатын жаттығулардың маңыздылығын айту керек.

  • «Статистика» аялдамасы тапсырмасы:

 6.4.3.2 Статистикалық сандық сипаттамаларды есептеу.

 

1) 7; 12; 10; 14; 12; 10; 7 сандар қатарының арифметикалық ортасын, модасын, медианасын және өзгеріс ауқымын табыңыз.

2) Суретте поездың қозғалыс графигі көрсетілген. Сурет бойынша поездың 3 сағаттағы орташа жылдамдығын анықтаңыздар.

Дескриптор

1

Бірнеше санның арифметикалық ортасны табады.

2

Бірнеше санның модасын табады.

3

Бірнеше санның медианасын табады.

4

Өзгеріс ауқымын есептейді.

  • «Графиктер» аялдамасы тапсырмасы:

 6.5.2.10 Нақты процесстердің графиктерінің көмегімен шамалар арасындағы байланысты анықтау және зерттеу.

1) Суретте тәулік бойындағы ауа температурасының өзгеріс граигі бейнеленген. График бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

а) сағат 3- те , 12-де ауа темпуратурасы қандай болған?

ә) Тәуліктің қандай уақытында ауа темпуратурасы салқын болған?

б) Тәуліктің қандай уақытында ауа темпуратурасы жоғары болған?

в) Қандай уақытта ауа температурасы 00 С, 20 С, -60 С болған?

г) Сағат 2- ден – 13 -ке дейін және 18- ден – 24-ке дейін ауа температурасы қалай өзгерген?

  • Қарағайдың биіктігі оның жасына байланысты төмендегідей өзгерген.

Қарағай-дың жасы, жыл

0

1

20

30

40

50

60

70

80

90

Қарағай-дың биіктігі, м

0

3,2

6

9,2

12,4

14,9

17

19,2

21,3

24

Қарағайдың биіктігінің оның жасына тәуелділігі графигін салыңыз және график бойынша анықтаңыз:

а) Қарағайдың жасы 15; 35; 75 болғандағы биіктігін;

ә) Алғашқы 20 жыл да, екніші 20 жылдықта және үшінші 20 жылдықта қарағайдың биіктігі қаншаға қзгерген?

б) Қарағайдың биіктігі 15 жастан 45 жасқа дейін қаншаға өскен?

Дескриптор

1

График бойынша ауа темпуратурасын анықтай алады.

2

График бойынша уақыт аралығын таба алады.

3

Шамалар арасындағы байланысты график арқылы көрсете алады.

  • «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі» аялдамасы тапсырмасы:

6.5.1.7. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін құру арқылы мәтін есептерді шығару.

1) Майра 3 банан , 2 тоқаш үшін 135 тг төледі. 1 банан 1 тоқаштан 20 тг қымбат. 1 бананның бағасы неше теңге? 1 тоқаштың бағасы неше теңге?

2) Екі санның қосындысы 58- ге тең. Бірінші сан екінші саннан 8- ге артық. Осы сандарды табыңыз.

Дескриптор

1

Негізгі белгісізді анықтайды.

2

Негізгі белгісізді пайдаланып өрнек құрастырады.

3

Теңдеулер жүйесін құрады.

4

Теңдеулер жүйесін шешеді.

5

Есептің жауабын табады.

Қорытындылау. Бағалау.

Сабақ соңында рефлексия жүргіземіз.

«Сөйлемді жалғастыр» (дәптерге жазады).

  • Бүгінгі сабақта ... білдім.
  • … үйрендім.
  • … қиындықтар туындады.
  • … әлі де жұмыстануым керек.
  • … маған қызық болды?

Пайдалы сілтемелер мен әдебиеттер тізімі

  • https://www.youtube.com/watch?v=Vwa5zBMF_WU - сергіту сәті.
  • Математика. 6-сынып. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық/Т. Алдамұратова. – Алматы: Атамұра.
  • Математика. Н.Я.Виленкин. 6 класс.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу