Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару. Математика, 6 сынып, презентация.
PrintFreeGraphPaper.com
PrintFreeGraphPaper.com
Топқа бөлу
Берілген суреттер бойынша 3 топқа бөліну қажет.
PrintFreeGraphPaper.com
PrintFreeGraphPaper.com
І топ - үй құстары
ІІ топ - Орманда мекендейтін құстар
ІІІ топ - өзен-көлдерді мекендейтін құстар
Қолданыс есебі
Мұхтардың ауласындағы қоян және тауықтардың бастарының саны 30, аяқтарының саны 94 болса, барлығы қанша қоян және тауық бар екендігін анықтаңыз.
Жауабы: 13 тауық, 17 қоян.
Сабақтың тақырыбы:
Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару.Оқу мақсаты:
6.5.1.7 мәтінді есептерді сызықтық теңдеулер жүйелерін құру арқылы шешу
Бағалау критерийлері
І Мәтін есептердің берілгені бойынша:
а) Белгісіз айнымалыларды белгілі шамалар арқылы өрнектей алады;
ә) есептің шешімін табуға қажетті құрамында екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін құра алады.
ІІ Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің
а) шешімін табу әдістерін біледі;
ә) шешімі реттелген сандар жұбы екендігін назарда ұстайды;
б) алынған жауаптарды тиісті түрде көрсете алады.
Топтық жұмыс
№1. Өзен бойындағы екі айлақтың арақашықтығы 120 км. Осы екі аралықты моторлы қайық ағыспен 4 сағат, ағысқа қарсы 5 сағат жүзеді. Ағыстың және моторлы қайықтың жылдамдығын табыңдар.Жауабы: Моторлы қайықтың тынық судағы жылдамдығы 27 км/сағ, ағыстың жылдамдығы 3 км/сағ.№2. 5 қалам мен 10 дәптер 1600 теңге тұрады, ал 10 қалам мен 5 дәптер 1700 теңге тұрады. 8 қалам мен 6 дәптер қанша тұрады?Жауабы: Қаламның бағасы – 120 теңге, дәптердің бағасы – 100 теңге. 8*120+6*100=1560 теңге.№3. Оқушы 25 дәптер мен 4 қарындаш сатып алу үшін 320 теңге төледі. Екінші оқушы 20 дәптер мен 6 қарындаш сатып алу үшін 270 теңге төледі. Дәптер мен қарындаштың бағасын табыңдар.Жауабы: Дәптердің бағасы – 12 теңге, қарындаштың бағасы – 5 теңге.«Мәтін есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін құру арқылы шешу» алгоритмі
І Белгісіз шамаларды анықтап, оларды х және у арқылы белгілеу;
ІІ Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін құрып, жүйені шешудің тиімді тәсілін таңдау;
ІІІ Есептің шарты мен берілгені бойынша анықталған белгісіздерді жауапта көрсету.
Есептерді жұптасып шығарып болғаннан кейін сағат тілімен бағыттас тәртіпте дәптерлерді ауыстырыңыз:
Жеке жұмыс
№4
Цифрларының қосындысы мен көбейтіндісін қоссақ сол сан өзі шығатындай, 10-нан үлкен қанша натурал сандар бар? (Мысалы, 29=2+9+2x9).
Жауабы: 19,39,49,59,69,79,89,99.
Бекіту сұрақтары
1. Мәтін есептерді екі айнымалсы бар сызықтық теңдеулер жүйесі көмегімен шешу қалайша жүзеге асады?
2. Мәтін есептерді аталған тәсілмен шешудің алгоритмін тұжырымдаңыз.
3. Белгісіз шамаларды өрнектеу ерекшелігін түсіндіріңіз.
4. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің қандай тәсілдерін білесіз?
5. Алмастыру тәсілінің ерекшелігі қандай?
6. Белгісіз айнымалыны басқа шама арқылы өрнектеу принципіне мысал келтіріңіз.
7. Теңдеулерді қосу (азайту) тәсілінің басты ерекшелігі қандай?
8. Графиктік тәсілді қолданудың ұтымды тұсын айтыңыз.
Рефлексия
Үй тапсырмасы
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру