Теңдеулер жүйесін құру арқылы мәтіндік есептер шешу. Математика, 6 сынып, презентация.
Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелері арқылы шығару
6 сынып
Оқу мақсаты:
6.5.1.7 мәтінді есептерді сызықтық теңдеулер жүйелерін құру арқылы шешу
Графикалық диктант:
1.Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің 2 әдісі бар
2.7х2+3х-1꞊0 теңдеуі екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу
3.Алмастыру екі айнымалылы сызықтық теңдеулер жүйесін шешу әдісі
4.Қосу тәсілін қолданғанда теңдеулердің графигін салу керек
5.Қосу тәсілін қолданғанда айнымалылардың біреуі жойылады
6.Бір айнымалыны екіншісі арқылы өрнектеу арқылы шешу алмастыру тәсілі
7.Графиктері параллель болса, жүйенің жалғыз шешімі болады
Ж: - - + - + + -
Жұптық жұмыс
Дүкеншілер
3 қарындаш пен 5 дәптер 375 теңге, ал осындай 7 қарындаш пен 4 дәптер 530 теңге тұрады. 5 қарындаш пен 9 дәптерге қанша тұрады? Қосу тәсілімен шешіңдер.
7 қайықпен 31 адам өзеннің арғы жағасына өтулері керек. Қайықтарға 3 адам немесе 5 адам сыяды. Осы 31адамды түгел өзеннің арғы жағына өткізу үшін неше 5 орынды, неше 3 орынды қайық қажет? Графиктік тәсілмен шығарыңдар.
Құтқарушылар
Автобустың 3 сағатта жүрген жолын пойыз 2 сағатта жүреді. Саяхатшылар 4 сағат автобуспен және 3 сағат пойызбен жүргенде барлығы 408 км жол жүрді. Автобустың жылдамдығын және пойыздың жылдамдығын табыңдар. Алмастыру тәсілімен шығарыңдар
Жолсеріктер
1-топқа :2 қарындаш пен 3 дәптер 35 теңге тұрады, ал 3 қарындаш пен 2 дәптер 40 теңге тұрады. 5 қарындаш пен 6 дәптер қанша тұрады?
2-топқа :Бір көйлек пен үш сарафанға 9 м мата жұмсалды, ал осындай үш көйлек пен дәл сондай бес сарафанға 19 м мата қажет. Бір сарафанға қанша метр мата жұмсалады?
3-топқа :3 қарындаш пен 5 дәптер 375 теңге, ал осындай 7 қарындаш пен 4 дәптер 530 теңге тұрады. 5 қарындаш пен 9 дәптерге қанша тұрады?
Топтық жұмыс
Турбазаға демалысқа келген 83 адам жалпы саны 25-ке тең үйлер мен шатырларға орналастырылды. Егер әрбір үйге 5 адамнан, ал әрбір шатырға 2 адамнан орналасқаны белгілі болса, онда бұл турбазада неше үй бар? Неше шатыр бар?
Үйге тапсырма
Бүгінгі сабақ бойынша:
Рефлексия
Мәтін есептерді шешуді жақсы түсіндім, қиынырақ есептер шешкім келеді.
Мәтін есептерді шешуді жақсы түсіндім, басқаға түсіндіріп бере аламын.
Мәтін есептерді шешуді жақсы түсіндім, басқаға түсіндіру маған қиындық тудырады.
Қиындық деңгейі орташа, жоғары мәтін есептерді шешуге әлі де толығырақ тоқталғым келді.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру