Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.4С Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер және олардың жүйелері | Мектеп: Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Куламетова А.К. | ||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.2.2.19 теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілі және қосу тәсілі арқылы шешу. | ||||||
Сабақ мақсаты | Оқушылар: Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілмен шешу. | ||||||
Бағалау критерийлері | Оқушы: - екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін біледі және екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесінің шешімі болатын сандар жұбын дұрыс таңдай алады; - теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілі арқылы шешеді. | ||||||
Тілдік мақсаттар | Оқушылар:
Пәнге тән лексика мен терминология:
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
жүйені шешіп, есептің жауабын келтіреміз. | ||||||
Құндылықтарды дарыту | Оқушыларғажұптық, топтық жұмыстар орындау, біріге отырып талқылау барысында коллабаротивті ортаны құру, коммуникативтік дағдыларын дамыту. Оқушыларға есептерді шығаруда шығармашылықпен жұмыс жасайды, топпен жұмыста бір-біріне қолдау көрсетеді, жауапкершілікке үйренеді. | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Презентация | ||||||
Бастапқы білім | Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықтамасын білу; бір айнымалыны екінші бір айнымалы арқылы өрнектей алу; бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу дағдылары. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Басы 6-7 мин | І.Ұйымдастыру кезеңі Сәлемдесу, сыныптың сабаққа даярлығына назар аудару. Ынтымақтастық атмосферасын орнату. І. Өткен «Сызықтық теңдеулер» тақырыбына шолу жасау. 1. Сызықтық теңдеу дегеніміз не? 2. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу дегеніміз не? 3. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің шешімі дегеніміз не? 4. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеудің графигін қалай салады? Теория: түріндегі теңдеу екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу деп аталады, мұндағы сандар (коэффициенттер), . ІІ.Үй жұмысын тексеру. Оқушылар дәптерлерімен ауысады. Өзара бағалау. Презентацияда дұрыс жауаптар көрсетіледі. | Слайд 1 Слайд 2 Слайд 3 | |||||
Сабақтың ортасы 25 мин 2-3 мин | ІІІ. Ежелгі қытай есебі: Торда қырғауылдар мен қояндар отыр. Олардың барлығының аяқтарының саны 100, ал бастарының саны 36. Торда неше қоян және неше қырғауыл бар. Қоян саны х дейік, теңдеу құрайық.4•х+2(36-х)=1004х+72-2х=1002х+72=1002х=100-722х=28Х=28:2=14. (қояндар саны)36 -14=22 (қырғауыл саны) Жауабы. 14 қоян және 22 қырғауыл IV. Тақырып: «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі» Сабқсаты мен жетістік критерийлерін анықтау. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі дегеніміз не? Теңдеулер жүйесі деп- ортақ шешімі бар екі немесе одан да көп теңдеулерді айтамыз. Әдетте теңдеулер жүйесін жазу үшін жүйеге кіретін теңдеулерді бағанмен жазып фигуралы жақша қолданамыз. Мысалы: Бұл жазу теңдеулер жүйесі екі айнымалысы бар екі теңдеуден тұратынын білдіреді. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесіндегі теңдеулердің әрқайсысын тура теңдікке айналдыратын айнымалылардың мәндерінің жұбын сол теңдеулер жүйесінің шешімі деп атайды. Теңдеулер жүйесін шешу дегеніміз-оның барлық шешімдерін табу немесе оның шешімдерінің болмайтынын дәлелдеу. V. Сәйкестендіру: Екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесімен сандар жұбы арасындағы сәйкестікті анықтаңыз. VI. Ежелгі қытай есебін теңдеулер жүйесінің көмегімен шығарайық: VII. Блиц-cұрақтар. | Слайд 4 Слайд5 Слайд6 Слайд 7 Слайд 8 Слайд 9 Слайд 10 Слайд 11 Слайд 12 Слайд 13 | |||||
Сабақтың соңы
| Үйге тапсырма беру: есептің шешуін талдау. Сабақ соңында рефлексия жүргіземіз. (3 мин) «Сөйлемді жалғастыр» (дәптерге жазады).
| Қосымша 1. | |||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Оқушылар бірлесе отырып жұппен жұмыс жасайды. Олар бір-біріне көмек көрсету арқылы тапсырмаларды бірлесіп шығарады. Жұппен жұмыс бойынша әр жұп шығарған есептерін талдайды.. Баяулау келе жатқан оқушыларға озық оқушылардың жеткен жетістігіне жету үшін үйде толықтырулар жасауларын сұраймын | Оқушы бірін –бірі бағалау арқылы неге жеткенін және неге әлі қол жеткізу керектігін бағалап отырады. Әрбір оқушыны назардан тыс қалдырмай жеке қадір-қасиетін сезіну үшін іс-әрекетіне қарай мадақтау алады. | Денсаулық сақтау технологиялары: Баланың жас ерекшелігін ескеріп үй тапсырмасын өлшемді етіп беремін, сабақта интербелсенді тақтаны ұзақ уақыт пайдаланбаймын. Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары: Талас тудыратын мәселеде оқушылар бірлесе жұмыс жасау мәдениетін ұстануына, белгілі бір тәртіптің болуына жағдаяттар туындатамын. |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру