Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары. .


 Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.4С Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер және олардың жүйелері

Мектеп: Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Бегайдаров Мұхтар Талғатұлы

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

 Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.2.19

теңдеулер жүйелерін алмастыру тәсілі және қосу тәсілі арқылы шешу;

 Сабақ

 мақсаттары

Оқушылар:

  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің анықтамасын білу;
  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілі және қосу тәсілі арқылы шешуді үйрену.

 Бағалау

 критерийлері

Оқушылар:

  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің анықтамасын біледі;
  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілі және қосу тәсілі арқылы шешеді;

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шығаруда таңдалған тәсілді негіздейді;
  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешіміне түсінік береді;
  • теңдеулер жүйесін шешудің тиімді тәсілін таңдауын дәйектейді.

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • екі айнымалысы бар теңдеу;
  • теңдеулер жүйесі;
  • жүйенің шешімі;
  • алмастыру тәсілі;
  • мәндес жүйелер;
  • шексіз көп шешімі бар;
  • бос шешім;
  • теңдеулер жүйесінің шешімі;
  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімі.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу ...;
  • теңдеулер жүйесін шешу тәсілдері...
  • екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесі ...;
  • бір теңдеуден ... өрнектеп аламыз;
  • жүйенің екінші теңдеуіне ... қоямыз;
  • екінші айнымалының сәйкес мәнін анықтаймыз;
  • «х - , у - ... болсын»;
  • айнымалылар мәндері екі теңдеуді де қанағаттандыратындықтан, ... құрамыз және шығарамыз;

жүйені шешіп, есептің жауабын келтіреміз.

 Құндылықтарды

  дарыту

Талапкер және парасатты тұлғаны тәрбиелеу. Оқушылар арасында патриотизмді қалыптастыру, елдің гүлденуі үшін табысқа жетуге ұмтылу.

 Пәнаралық

  байланыстар

Жаратылыстану математика бағытындағы пәндердің шамалары арасындағы тәуелділіктерді, есептеу жұмыстарына пайдаланады.

 АКТ қолдану

 дағдылары

GeoGebra бағдарламасы арқылы екі айнымалысы бар теңдеулерді шешу жолын қарастыру.

Бастапқы білім

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықтамасын білу; бір айнымалыны екінші бір айнымалы арқылы өрнектей алу; бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу дағдылары.

 Сабақ барысы

 Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

 Сабақтың басы

 

 0 – 4 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім

а) амандасады, оқушылардың қатысын тексереді;

б) таңдаулы түрде үй тапсырмасын тексереді;

в) оқушыларды 4 адамнан топқа біріктіреді;

г) сабақтың тақырыбы мен мақсатын айтады;

д) оқушылардан айтылған сабақтың мақсаты бойынша бағалау критерийлерін тұжырымдауды сұрайды (себебі сабақ мақсаты оқушыларға таныс).

 

 

 

 Сабақтың басы

 4 – 7 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 7 – 29 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 29 37 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

37 – 38 мин

Мұғалім оқушылар топтарынан:

  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу алгоритмін тұжырымдаңыз;
  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешу алгоритмін тұжырымдаңыз.

Оқушылар екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілі және қосу тәсілі арқылы шешу дағдысын шыңдау үшін, мұғалім Қазақстанның көпшілікке танымал болған балаларымен «танысуды» ұсынады.

Яғни, әр топ үш үлестірменің тапсырмаларын орындайды. Егер үлестірмедегі барлық тапсырмалар дұрыс орындалса, топтар біздің еліміздің жас азаматтарының біреуі туралы ақпараты бар картаға ие болады.

Үлестірме 1.

1) ; Жауабы: (5;6).

2) ; Жауабы: (4; -3).

3) ; Жауабы: (5; 8).

4) ; Жауабы: (2; -5).

Ақпарат.

Жансая Әбдімәлік - шахмат әлемінің абсолюттік жұлдызы. Төрт дүркін дүниежүзілік чемпион, Азия чемпионы, 20 жасқа дейінгі қыздар арасындағы әлем чемпионы, халықаралық гроссмейстер, ұлттық құраманың мүшесі.

Үлестірме 2. Теңдеулер жүйесін х пен у – ке қатысты шешіңіз.

1) ; Жауабы: .

2) ; Жауабы: .

3) ;

Жауабы:

Ақпарат.

Еліміздің ең үздік балалар әртісі Еркін Тұрсынхан Қазақстанды «Bala Turkvizyon» халықаралық ән байқауында көрсетті, ол екінші орынды иеленді және «Золотой детский голос Тюркского мира» атағын алды.

Үлестірме 3.

Теңдеулер жүйесін х пен у – ке қатысты шешіңіз.

1) ; Жауабы: .

Пропорциялық теңдеуді шешіңіз:

2) ; Жауабы: 2.

3) ; Жауабы: 5.

Ақпарат.

Жамбыл Дүйсенов аты атақты жерлес-ақынның құрметіне беріліп, ақын ретінде танымал болды. Үш жасында ол газеттер мен журналдарды еркін оқыды, ал 5 жасында поэзия жаза бастады. Жас ақынның туындылары күн сайын өсіп келеді, ал тоғыз жасар Жамбыл жақында өзінің «Періште тілек» атты туындыларын жинақ шығарды.

Топтық зерттеу жұмысы

Мұғалім оқушыларға түбірлердің қосындысын және қосындының түбірін салыстыруды және қорытынды жасауды ұсынады.

Тапсырма. Жаңа айнымалы енгізу арқылы шешіңіз.

№1.

; Жауабы: (2; 3).

№2.

; Жауабы: (; 4).

№3.

; Жауабы: (;).

Дайын жауап, дескриптор арқылы топтар арасында өзара бағалау жүргізуді ұйымдастырыңыз.

Слайд 4

Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

Т.С, Байшоланов,

Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015.

ISBN 9965-34-442-6

Слайд 5

Қосымша 1

Слайд 6

Қосымша 2

Слайд 7

Қосымша 3

Қосымша 4

Слайд 8

 Сабақтың соңы

 

 38 – 40 мин

Сабақты қорытындылау:

  • бүгінгі сабақта алынған ақпараттар туралы пікір тыңдаңыз;
  • жаңа айнымалы енгізу әдісі арқылы теңдеулер жүйесін шешу алгоритмін тұжырымдаңыз.

Үйге тапсырма

Рефлексия

 

Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

Т.С, Байшоланов,

Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015.

ISBN 9965-34-442-6

Слайд 9 - 10

 Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

 Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

 Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Математиикалық дайындық деңгейі жоғары емес оқушыларға жеке консультация алуға мүмкіндік беріледі. Қорытынды жасаған кезде топтарда әртүрлі деңгейде қолдау көрсетіледі. Сабақта оқушыларға интуитивті тұжырымдар немесе дәлелдемелер негізінде орындылатын әртүрлі деңгейлі шығармашылық тапсырмалар беріледі.

Топтық жұмыста өзара бағалау.

Оқушылардан сабақ соңында сабақтағы жетістігі туралы (ауызша) рефлексия алынады.

Оқушылардың сабақтағы тәртібін қадағалау: орындықтарында теңселуіне жол бермеу.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.