Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу. Математика, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу
6.2.2.19
теңдеулер жүйелерін алмастыру тәсілі және қосу тәсілі арқылы шешу;
Сабақты ұйымдастыру кезеңінен бастаңыз.
Өткен тақырыптарды қайталау сабағында ұйымшылдықпен, белсенді жұмыс жүруі үшін біріккен оқу ортасын құрыңыз.
Үй тапсырмасын тексеру:
.
Жауабы: (6; 3).
Сыныппен бүгінгі сабақ мақсаттары мен бағалау критерийлерімен таныстырыңыз.
Сыныптық жұмыс
Математикалық қобдиша
Қобдиша тапсырмалары тақтада орындалып талданады. Бір оқушы шақырылады, қобдишадан үлестірме алады, тақтада орындайды, түсіндіреді, борды өзі келесі оқушыға ұсынады, солай жалғасады.
Орындап, түсіндіргенін тыңдап қалған оқушылар, мұғаліммен бірігіп бағалайды.
Мысал – 1.
Жауабы: (2; 1).
Мысал – 2.
Жауабы: (15; 10).
Мысал – 3.
Сергіту сәті: «Басқатырғыш»
6; 5; 4; 3; 2; 1 сандарын дөңгелектерге қосындысы 12 болатындай етіп орналастыр.
Оқушылар бір-біріне кеңес беріп, түсіндіріп, өз алдарына мақсат қойып, алынған нәтижелерді бірігіп қадағалап жұмыстануы үшін жұпқа біріктіріңіз.
Жұптық жұмыс
№4.
а) ; b)
Жауабы: (6; 20); (12; 15).
№5
а) ; b)
Жауабы: (3; 4); (-1; 0).
№6.
Тең бүйірлі үшбұрыштың периметрі 117 м – ге тең. Бүйір қабырғасы табанынан 13,2 м артық. Табан қабырғасының ұзындығын табыңдар.
Жауабы: 30,2 м.
Дескриптор: Білім алушы:
- екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешіп біледі;
- шешімін жаза алады;
- мәтін шартына қарап теңдеулер жүйесін дұрыс құра алады.
Жұптар арасында өзара бағалау жүргізуді ұйымдастырыңыз, кері байланыс жасаңыз.
Өз бетінше жұмыс оқушылардың бойындағы танымдық қабілетін, творчестволық ойлау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді, оқушының қызығуын, талпынысын оятады, еңбек дағдылары мен әдістерін жетік игеріп жұмыстануына ықпал етеді.
Жеке жұмыс
ДОМИНО жинауды ұсыныңыз
Жинап болған соң оқушылар ауысып, келесі оқушы жұмысын тексеріп, бағалайды.
Сабақ барысында оқушылар негізгі оқулықпен, қосымша оқулықтармен жұмыстанады, бір – біріне түсіндіреді, бірін - бірі бағалайды, өзара пікір алмасады.
Сабақты қорытындылау:
- бүгінгі сабақ үрдісінде орындалған тапсырмаларға шолу жасатыңыз;
- толық меңгерілді ме, сұрақ бар ма?
Сабақ соңында оқудағы іс – әрекеті туралы рефлексия жүргізіңіз.
Ресурстар:
- Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы, Т.А. Алдамуратова, Т.С., Байшоланов, Е.С., Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015 ж. ISBN 9965-34-442-6
- А.П.Ершова, В.В.Голобородько. Математика. 7 класс. Самостоятельные и контрольные работы. Москва. Илекса. 2015 г.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.