Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу. Математика, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу
6.2.2.19
теңдеулер жүйелерін алмастыру тәсілі және қосу тәсілі арқылы шешу;
Сабақты ұйымдастыру кезеңінен бастаңыз.
Оқушылар сабақта жақсы жұмыстанып, тапсырмаларды орындау үшін, сабақ барысындағы жұмыстарға белсенді қатысуы үшін біріккен оқу ортасын құрыңыз.
Өткен сабақ бойынша қайталау сұрақтары:
- екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру және қосу тәсілдері арқылы шешу алгоритмі;
- мәтінді есептерге теңдеулер жүйесін құру туралы пікір
Топқа бөлу.
«Сиқырлы сандықша» арқылы топтарға бөлу. Оқушылар «Сиқырлы сандықшадан» әртүрлі түспен боялған бірдей дөңгелек фигураларды қалауы бойынша алады. Алынған түстерге байланысты оқушылар 4 топқа бөлінеді.
Топтық жұмыс
Тапсырма 1.
Жауабы: (-2; -1).
Тапсырма 2.
Жүйенің шешімі бола ма, болса қанша шешім бар?
- ; b) .
Жауабы: біреу; шешімі жоқ.
Тапсырма 3.
Тапсырма 4. Жауабында х∙у көрсетіңдер:
- ; b)
Жауабы: (15; 12); (-8; 6).
Тапсырманы орындағаннан кейін оқушыларға қорытынды жасауды ұсыныңыз. Бұл есептердің дескрипторы оқушыларға түсінікті, өздері бағалау барысында ауызша айтуға да болады. Топтар арасында өзара бағалау, кері байланыс жүргізу ұсынылады.
Көзге жаттығу жүргізу
Оқушылар ұсынылған тапсырмаларды жеке орындайды. Мұғалім оқушыларға өз қалауымен тапсырманың шешімін тақтаға орындауды ұсынады. Жауап беру кезінде ол шешімді түзетеді және ескертулерді бағалайды.
Өз бетінше жұмыс оқушылардың бойындағы танымдық қабілетін, творчестволық ойлау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді, оқушының қызығуын, талпынысын оятады, еңбек дағдылары мен әдістерін жетік игеріп жұмыстануына ықпал етеді.
Тапсырмалар:
№5. Теңдеулер жүйесінің шексіз көп шешімі болатындай а – ның мәндерін табыңыз.
№6.
Жауабы: (9; -2).
№7.
Жауабы: (-1; 3).
№8.
Теңдеулер жүйесінің шешімі бола ма?
Жауабы: шешімдері болмайды.
Тақтаға орындалған жұмысқа түсінік беріп, қателік болса түзету енгізу, орындалған жұмысты дескриптор бойынша оқушылар бағалайды.
Сәйкестендіру:
Тапсырмалардың толық орындалған соң сәйкестендірілуін талап ету.
1 | 1 | (7; -2) | |
2 | 2 | (3; 4) | |
3 | 3 | (2; 1) | |
4 | 4 | (10; 12) |
Толық орындап, сәйкестендірген жауапты бағалау ұсынылады. Дайын жауапты тақтада көрсетіңіз, оқушы өзін – өзі бағалайды.
Сабақ барысында оқушылар негізгі оқулықпен, қосымша оқулықтармен жұмыстанады, бір – біріне түсіндіреді, бірін - бірі бағалайды, өзара пікір алмасады.
Сабақты қорытындылау:
- бүгінгі сабақта ұсынылған тапсырмаларға көңілдерің толды ма?
- теңдеулер жүйесін шешу туралы түсініктерің қалай?
Үйге тапсырма № 1566.
Екі санның арифметикалық ортасы 175 – ке тең. Егер бірінші санды екінші санға бөлсек, бөліндіде 3 шығады және 30 қалдық қалады. Осы сандарды табыңдар.
А. 260; 90; B. 270; 80; C. 180; 170; D. 200; 150.
Сабақ соңында оқудағы іс – әрекеті туралы рефлексия жүргізіңіз.
Ресурстар:
- Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы, Т.А. Алдамуратова, Т.С., Байшоланов, Е.С., Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015 ж. ISBN 9965-34-442-6
- А.П.Ершова, В.В.Голобородько. Математика. 7 класс. Самостоятельные и контрольные работы. Москва. Илекса. 2015 г.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.