Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу. Математика, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу
6.2.2.19
теңдеулер жүйелерін алмастыру тәсілі және қосу тәсілі арқылы шешу;
Сабақты ұйымдастыру кезеңінен бастаңыз.
Бүгінгі сабақты өткен сабақпен сабақтастырып, берілген тапсырмаларды толығымен түсініп орындау үшін, сабақ барысындағы жұмыстарға белсенді қатысуы үшін біріккен оқу ортасын құрыңыз.
Үй тапсырмасын тексеру, көмек қажет ететін оқушыларға көмек ұйымдастыру.
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру және қосу тәсілдері арқылы шешу алгоритмдерін қайталаңыз..
Топпен жұмыстану барысында біріккен жұмыс жасау оқушылардың бойындағы танымдық қабілетін, творчестволық ойлау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді, оқушының қызығуын, талпынысын оятады, еңбек дағдылары мен әдістерін жетік игеріп жұмыстануына ықпал етеді.
Оқушыларға құрамы ауысып тұратын топта жұмысын жалғастыруды ұсынады.
Әр топ орындайтын жұмыстарының тізімін алады.
Негізгі мақсат: «Топтың барлық мүшелері барлық тапсырмаларды шешіп білуі және олардың кез-келгенін көрсете білуі керек».
Сондықтан, әр оқушы өзіне тапсырма таңдайды. Ол тапсырманы толық шешімін, түсіндірмесін жазып орындайды, Егер оқушы таңдаған тапсырмасының шығару жолында қиындыққа кездессе немесе сенімсіз болса, онда осы тапсырманы орындауға жиналған басқа топтардан құралған жаңа топ мүшелерімен бірігеді. Шығару жолын жазады. Содан соң бастапқы топ мүшелері қайтадан бірігіп, өзара оқуды жүзеге асырады.
Тапсырма:
Топтама 1.
1) ; Жауабы: (-1; 1).
2) ; Жауабы: (4; -1).
3) ; Жауабы;()
Топтама 2.
1) ; Жауабы: (11; 6).
2) ; Жауабы: (3; 2).
3) ; Жауабы: (7; 5).
Топтама 3.
1) ; Жауабы: (5; 10).
2) ; Жауабы: (3; 1).
3) ; Жауабы: (7; 5).
Топтама 4. Теңдеулер жүйесін х пен у –ке қатысты шешіңіз.
1) ; Жауабы: ()
2) ;
Жауабы: (2a-3b; 3a-2b).
Топтама 5. Теңдеулер жүйесін х пен у –ке қатысты шешіңіз.
1) ; Жауабы:
2) ; Жауабы:
Топтама 6.
1) ; Жауабы:
2) ; Жауабы:
Жұмыс аяқталған соң мұғалім әр топтан есептің шешімін түсіндіруге бір оқушыдан шығуды ұсынады. Сонымен бірге олардың түсінік беретін есептерін басқа топ мүшелері таңдайды. Жұмыстың орындалуына қарай бағалау жүргізіледі. Дескрипторды ауыызша айту мүмкіндігін қолдану қажет.
Сабақ барысында оқушылар негізгі оқулықпен, қосымша оқулықтармен жұмыстанады, бір – біріне түсіндіреді, бірін - бірі бағалайды, өзара пікір алмасады.
Сабақты қорытындылау:
- сабақ үрдісінде орындалған тапсырмалар туралы оқушы пікірі;
- тапсырмалар ұнады ма, күрделілігі туралы не айтасыздар?
Үйге тапсырма.
Сабақ соңында оқудағы іс – әрекеті туралы рефлексия жүргізіңіз.
«Рефлексиялық нысана»
Ресурстар:
- Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы, Т.А. Алдамуратова, Т.С., Байшоланов, Е.С., Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015 ж. ISBN 9965-34-442-6
- А.П.Ершова, В.В.Голобородько. Математика. 7 класс. Самостоятельные и контрольные работы. Москва. Илекса. 2015 г.
- Сборник задач по алгебре 6-7 классов, П.А.Ларичев, 1958 ж.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.