Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу. Математика, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу
6.2.2.19
теңдеулер жүйелерін алмастыру тәсілі және қосу тәсілі арқылы шешу;
Сабақты ұйымдастыру кезеңінен бастаңыз.
Оқушылар өткен сабақтарды байланыстырып, берілген жұмыстарды түсініп, толық орындау үшін, сабақ барысындағы жұмыстарға белсенді қатысуы үшін біріккен оқу ортасын құрыңыз.
Білімді жүйелеу, сұрақтар арқылы қайталаңыз:
- екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілмен шешу;
- екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешу.
«Екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін шешу» аралына жорыққа шығуды ұсынамын.
Ол үшін оқушыларды үш топқа біріктіріңіз.
Оқушылар бір-біріне кеңес беріп, түсіндіріп, өз алдарына мақсат қойып, алынған нәтижелерді бірігіп қадағалап жұмыстануы үшін топқа біріктіріңіз.
Топқа біріктіру жолы:
Берілген екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесі, екі айнымалысы бар теңдеулер, өрнектер деп топтарға бірігеді.
Оқушылар, біз аралға жорық жасау үшін карта керек, ол үшін мына тапсырмаларды орындайық:
- КАРТА ашу:
1. (9; -2) сандар жұбы шешімі болатын теңдеулер жүйесін табыңыздар:
1. ; 2. ; 3. ; 4.
2. (-3; 6) сандар жұбы шешімі болмайтын теңдеулер жүйесін табыңыздар:
1. ; 2. ; 3. ; 4.
3. Қай теңдеулер жүйесінің бір шешімі бар?
1. 2.
3. 4.
4. Қай теңдеулер жүйесінің шешімі жоқ?
1. 2.
3. 4.
Міне жорық картасын алдық
- Гүлді алаң
Гүлді алаңнан өту үшін, «Түймедақ» гүлінің ортасындағы теңдеулер жүйесін шешіңіздер:
III. Аспалы көпір
Берілген теңдеулер жүйесін шешіп, x + y мәнін табыңыз, өсу ретімен «Уақыт сызығына» орналастырыңыз, сонда көпірден өтесіз:
1. ; 2.
3. ; 4.
- Диірмен
Диірмен жұмыс жасамай тұр, себебі кейбір қанатында ақауы бар. Жергілікті тұрғындар диірменнің ақауы бар қанаттарын анықтап беруді сұрайды.
- Үңгір
Үңгірде кәрі өрмекші тұрады, сол өрмекшінің торына түсіп қалмас үшін мына тапсырманы орындаңыз:
1. ; 2. ;
3. ; 4. .
Орындалған тапсырмаларды топтар өзара тексеріп, бағалайды.
- тамаша, сіздер тапсырманы өте жақсы орындадыңдар.
- сіздер үңгірде ұзақ болдыңдар, көздерің талды, сондықтан «көзге жаттығу» жасайық.
- Қарақшылар
Оқушылар, біздер қарақшылар лагеріне тап келдік. Қарақшылардың үш тобы тапқан байлықтарын бөлісе алмай жатыр, соған көмектессек бізді босатады.
1. ;
2. .
- Ну орман
Ал, оқушылар, біздер орманнан шықтық және жасырылған қазынаны таптық.:
Топтар арасында орындалған тапсырмалар, олардың жауаптарын дайын дескриптор арқылы тексеріп, бағалау жүргізіледі. Мұғалім басшылыққа алады.
Міне, біздер табылған қазынаны тең бөлістік, барлық жолдың тапсырмаларын бірігіп орындағандарыңызға рахмет!
Сабақ барысында оқушылар негізгі оқулықпен, қосымша оқулықтармен жұмыстанады, бір – біріне түсіндіреді, бірін - бірі бағалайды, өзара пікір алмасады.
Сабақты қорытындылау:
- ойын сабақ сіздерге ұнады ма?
- жорық маршрутына сәйкес тапсырмалар біртіндеп күрделенді, өте күрделенген жоқ па?
Үйге тапсырма
- (-2; 6); 2) (4; -6) жауаптары бойынша екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін өздеріңіз құрып келіңіз.
Сабақ соңында оқудағы іс – әрекеті туралы рефлексия жүргізіңіз.
Ресурстар:
- Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы, Т.А. Алдамуратова, Т.С., Байшоланов, Е.С., Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015 ж. ISBN 9965-34-442-6
- А.П.Ершова, В.В.Голобородько. Математика. 7 класс. Самостоятельные и контрольные работы. Москва. Илекса. 2015 г.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.