Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу. Математика, 6 сынып, қосымша материал.


Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу

6.2.2.19

теңдеулер жүйелерін алмастыру тәсілі және қосу тәсілі арқылы шешу;

Сабақты ұйымдастыру кезеңінен бастаңыз.

Оқушылар тақырыпты толық игеріп, түсініп, сабақ барысындағы жұмыстарға белсенді қатысуы үшін біріккен оқу ортасын құрыңыз.

Үй тапсырмасын тексеру, оқушылардың шығармашылығы бойынша құрылған теңдеулер жүйесін 3 – 4 оқушыдан тексеру, талдау жасаңыз.

Сабақ басындағы көіңл күйлеріңіз қандай?

Білімдерін бекіту кезеңі.

Топтық жұмыс барысында оқушылар бір – біріне түсіндіреді, пікір алмасады, әркімді тыңдау арқылы құнды ой – пікірді өзі таңдай біледі.

Топтық жұмыс.«Алтын қақпа» интеллектуалды ойыны.

Деңгейлік тапсырмалары бар үлестірме оқушыларға таратылады

А деңгейі. Тас қақпа.

№1.

№2.

Б деңгейі. Күміс қақпа.

№1.

№2.

С деңгейі. Алтын қақпа.

№1. а – ның қандай мәніндн теңдеулер жүйесінің шешімі болмайды?

№2. а – ның қандай мәніндн теңдеулер жүйесінің бір ғана шешімі болады?

«Алтын қақпа»-ға дейін бірінші жеткен топ жеңімпаз аталады.

Бір-бірін бағалауды «Карусель» әдісімен жүргізу ұсынылады.

Жұптық жұмыс

Жұппен жұмыстану көпшіліктен алған білімін практикада бірігіп қолдануға мүмкіндік береді, қадағалайды.

№1.

1) ; 2)

№2.

1) ; 2) ; 3)

№3.

1) (5; 6) мәндер жұбы теңдеулер жүйесінің шешімі болса, онда a мен b мәндерін табыңыз.

2) m мен b қандай мәнінде (m; 3) мәндер жұбы

теңдеулер жүйесінің шешімі болады?

Дескриптор: Білім алушы:

  • теңдеулер жүйесін дұрыс шешеді;
  • теңдеулер жүйесінің шешімі бойынша белгісіздерді табады.

Жұптар арасында өзара бағалау жүргізуді ұйымдастырыңыз.

Жеке жұмыс

Оқушылар өз бетінше жұмыстану арқылы бойындағы танымдық қабілетін, творчестволық ойлау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді, оқушының қызығуын, талпынысын оятады, еңбек дағдылары мен әдістерін жетік игеріп жұмыстануына ықпал етеді.

№1

  • ; 2)

№2

1) ; 2)

№3.

1) х = 5 және у = -3 мәндерінде бірінші теңдеу тура теңдікке айналатын болса, онда теңдеулер жүйесінің шешімін табыңыз.

2) табу мүмкін болса а – ның қандай мәнінде теңдеулер жүйесінің бірнеше шешімі болады?

Дескриптор: Білім алушы:

  • теңдеулер жүйесін дұрыс шешеді;
  • теңдеулер жүйесінің шешімі бойынша белгісіздерді табады.

Дайын жауап, дескриптор арқылы оқушыларға өзін – өзі бағалауды ұйымдастырыңыз.

Сабақты қорытындылау:

  • сабақ барысы туралы пікір алмасу;
  • тапсырмалардың күрделілігі туралы пікір.

Үйге тапсырма № 1443.

Дамирдің үйінің ауласында оның қояндары мен тауықтары жайылып жүрді. Қояндар мен тауықтардың барлығы аулаға кірген иттен қашып, ауладан шығып кетті. Дамир қояндардың әрқайсысын 2 мин қуса, тауықтардың әрқайсысын 3 мин қуып, барлығын 0,5 сағатта аулаға қайта кіргізді. Дамирде неше тауық, неше қоян бар?

Сабақ барысында оқушылар негізгі оқулықпен, қосымша оқулықтармен жұмыстанады, бір – біріне түсіндіреді, бірін - бірі бағалайды, өзара пікір алмасады.

Сабақ соңында оқудағы іс – әрекеті туралы рефлексия жүргізіңіз.

Ресурстар:

  • Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы, Т.А. Алдамуратова, Т.С., Байшоланов, Е.С., Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015 ж. ISBN 9965-34-442-6
  • А.П.Ершова, В.В.Голобородько. Математика. 7 класс. Самостоятельные и контрольные работы. Москва. Илекса. 2015 г.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.