Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу. Математика, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.
Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу
6.2.2.19
теңдеулер жүйелерін алмастыру тәсілі және қосу тәсілі арқылы шешу;
Сабақты ұйымдастыру кезеңінен бастаңыз.
Оқушылардың сабаққа дайындығын анықтау, сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.
Үй жұмысын тексеру.
Шығарылмаған есептерге көңіл аудару. Жіберілген қателер болса талдау, түсіндіру.
Оқушылар сабақ барысындағы жұмыстарға белсенді қатысуы үшін біріккен оқу ортасын құрыңыз.
Музыка қосып оқушыларды ортаға биге шақырыңыз. Музыканы тоқтатып екеуден бірігіңдер, қайтадан билетіп үшеуден бірігіңдер, қайталап қосып төртеуден бірігіңдер деп, осылайша төрт оқушыдан шағын топтарға біріктіріңіз.
Бүгін «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу» тақырыбының соңғы сағаты, осы сабақты «Математикалық пойыз» ойыны түрінде жүргізуді ұсынамын.
Аялдамалар: А-Теория; В-Есептеу; С-Ойлану;
D-Толықтыр; Е-Шығармашылық.
Әр топ өзінің көшбасшысын тағайындайды, көшбасшы өзінің реттік номерін алады, сол реттік номерлер бойынша аялдамаларға келіп, тоқтау уақытында үлгеріп берілген тапсырмаларды орындайды. Мұғалім уақытты әр аялдама сайын белгілеп, көрсетіп отырады.
А - Теория
1. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен шешу алгоритмі;
2. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілімен шешу алгоритмі;
3. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін жаңа айнымалы енгізу арқылы шешу алгоритмі;
4. Мысалдар келтіріңіздер.
В - Есептеу
1. . Жауабы: (7; 5).
2. . Жауабы: (4; 3).
3. . Жауабы: (14; 1).
С - Ойлану
1.
2. . Жауабы: ().
3. . Жауабы: (6; -8).
D - Іздену
1. Теңдеулер жүйелері мәндес бола ма?
және
2. k – ның қандай мәнінде теңдеулер жүйесінің шексіз көп шешімі болады?
.
Е - Шығармашылық.
1. х пен у – ке қатысты теңдеулер жүйесінің шешімін табыңыз:3.
. Жауабы: .
Жұмыс уақыты болған соң мұғалімнің басшылығымен топтар арасында өзара тексеру, бағалау жүзеге асады. Әр аялдама тапсырмаларының дескрипторын, жауаптарын алдын ала қағазға шығарып дайын күйінде ұсыныңыз.
Жеке жұмыс
Өз бетінше жұмыс оқушылардың бойындағы танымдық қабілетін, творчестволық ойлау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді, оқушының қызығуын, талпынысын оятады, еңбек дағдылары мен әдістерін жетік игеріп жұмыстануына ықпал етеді.
№1.
1. ; 2. .
Жауаптар: (-10; 28), шешімі жоқ.
№2.
Жауабы: (c+d; c-d).
№3. Теңдеудегі у айнымалыны х арқылы өрнектеп, теңдеудің қандай да бір екі шешімін табыңыз:
.
Жауабы: (0; 2); (5; -1).
Дескриптор: Білім алушы:
- екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесін дұрыс шешеді;
- теңдеулер жүйесіндегі айнымалыларды бірі арқылы бірін өрнектей алады;
- теңдеудің шешімдерін дұрыс жазады.
Сабақ барысында оқушылар негізгі оқулықпен, қосымша оқулықтармен жұмыстанады, бір – біріне түсіндіреді, бірін - бірі бағалайды, өзара пікір алмасады.
Сабақты қорытындылау:
- екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешу алгоритмдеріне шолу;
- берілген тапсырмалардың қиындық келтіргені бар ма, қаншалықты дәрежеде қиын болды;
- біріккен оқудың көмегі болды ма?
Үйге тапсырма № 1
Сабақ соңында оқудағы іс – әрекеті туралы рефлексия жүргізіңіз.
Ресурстар:
- Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы, Т.А. Алдамуратова, Т.С., Байшоланов, Е.С., Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015 ж. ISBN 9965-34-442-6
- А.П.Ершова, В.В.Голобородько. Математика. 7 класс. Самостоятельные и контрольные работы. Москва. Илекса. 2015 г.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.