Рационал сандарды қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері. Математика, 6 сынып, қосымша материал.
Сабақты өткізуге әдістемелік ұсыныстар.
Тақырыбы: Рационал сандарды қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері
Әдістемелік нұсқау.
- рационал сандарды қосудың қасиеттерін есептер шығаруда қолданады;
- рационал сандарды көбейтудің есептер шығаруда қолданады.
Ауызша тапсырмалардан дейін міндетті түрде ережелерді/тұжырымдарды қайталатып алу керек.
Қосу амалының ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері рационал сандарды қосуда да орындалады.
Рационал сандарды көбейтуде де көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік және үлестірімділік қасиеттері орындалады.
Мысалы
:
Онда
Онда
Оқушылардан қандай заңдылықтарды байқағанын сұраңыздар.
Сөзді есепті шығару алдында мұғалім оқушыларға Арал теңізі туралы мұғалім географиялық және экологиялық жағынан мағлұматпен таныстыру керек. Сілтемені https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D1%80%D0%B0%D0%BB_%D1%82%D0%B5%D2%A3%D1%96%D0%B7%D1%96 басып керекті мағлұмат алуға болады. Мысалы:
Арал теңізі (өз. Orol dengizi; қарақ. Aral ten'izi) — Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан ірі көл. Теңіз XX ғасырда ауданы жағынан (68 мың км2) әлемде төртінші орында болатұғын, бірақ 1960жылдардан бастап теңіздің суы азайып келеді.
Арал теңізінің экологиялық ахуалы
Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белде-міндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км³, тереңдігі – 30-60 метр, тұздылығы – 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген. Арал өңірінің тұрғындары 1970 жылдарға дейін әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жақсы қамтамасыз етілген тіршілік кешті. Теңіз өңіріндегі елді мекендерде 17 балық колхозы, 10 балық өңдейтін зауыт және 2 балық комбинаты тұрақты жұмыс істеген.
1960 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдай Өзбекстан мен Тәжікстанда 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Әмудария мен Сырдария бойындағы Халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай, 1970-1980 жылдар аралығында Аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқындап дамыды (Шардара).
Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Арал 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м³, ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай антропогендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты.
Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады.
Арал апатына себеп болған факторлар:
- жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;
- ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;
- суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;
- жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;
- табиғат ресурстарын пайдалануға жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.
Сергіту сәтін мұғалім оқушылардан арқаға арналған жаттығуларды жасауларын сұрайды.
«Көзге арналған жаттығу» болып табылады. Оқушыларға көз талуын, шаршауын басатын жаттығулардың маңыздылығын айту керек?
Сабақты қорытындылау үшін оқушыларға сұрақтар қою керек. Мысалы:
Сұрақтар
- Қосуды тиімді тәсілмен орындау үшін қосудың қандай қасиеттері пайдаланылады?
- Көбейтуді тиімді тәсілмен орындау үшін көбейтудің қандай қасиеттері пайдаланылады?
Үйге тапсырма беру, түсіндіру. Оқушылар білімін бағалау. Жеке оқушыларға озық тапсырма беру. Сабақ бойынша әрбір оқушы рефлексия жасайды. Рефлексияны жазбаша жүргізу керек.
Деңгейлік тапсырмаларды өздеріңе таңдатуға болады. Қабілеті жоғары оқушыларға қосымша тапсырмалар дайындауға болады.
Қосымша тапсырма.
Теңдеуді шеш:
Қосымша 2-дегі тапсырмалардың жауаптары:
Ауызша орында.
№1. Сөйлемдердегі көп нүктелердің орындарына тиісті сөз тіркестерін қойып жаз:
- қосылғыштардың орындарын ауыстырғаннан қосынды өзгермейді;
- кез келген санның нөлмен қосындысы сол санның өзіне тең;
- қарама-қарсы сандардың қосындысы нөлге тең;
- қарама-қарсы сандардың модульдері өзара тең;
Қосымша 6-дағы тапсырмалардың жауаптары:
«А»
№5. Өрнектің мәнін тап.:
«B»
№6. Қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін пайдаланып, қосындыны тап.
«С»
№6. Есепте:
.
Пайдалы сілтемелер мен әдебиеттер тізімі
- https://sabaqtar.kz/matem/27818-racional-sandardy-kbeytud-auystyrymdyly-zh-e-termdlk-asiettern-paydalanyp-esep-shyaru.html
- https://45minut.biz/2014/12/08/6-%D1%81%D1%8B%D0%BD%D1%8B%D0%BF-%D1%80%D0%B0%D1%86%D0%B8%D0%BE%D0%BD%D0%B0%D0%BB-%D1%81%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D1%80%D0%B4%D1%8B-%D2%9B%D0%BE%D1%81%D1%83%D0%B4%D1%8B%D2%A3-%D2%9B%D0%B0%D1%81%D0%B8/
- https://www.youtube.com/watch?v=zVzri5akujc
- https://www.youtube.com/watch?v=c1biS28o3K8
- https://www.youtube.com/watch?v=TRUprav7I_I
- Математика. 6-сынып. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық/Т. Алдамұратова. – Алматы: Атамұра.
- Математика. 6-сынып. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық/А. Әбілқасымова. – Алматы: Мектеп баспасы.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру