Таңбалары әр түрлі рационал сандарды қосу. Математика, 6 сынып, презентация.


Рационал сандарды қосу

ъ

Сабақ тақырыбы: Таңбалары әр түрлі рационал сандарды қосу.

Сабақтың мақсаты: Оқушылар таңбалары әр түрлі рационал сандарды қосуды үйренеді, координаталық түзуде нүктелердің координатасын табады

Сен білесің бе?

1. Оң сан деген не? Теріс сан деп

Қандай санды айтамыз?

2. Оң сандар мен теріс сандар координаталық түзуде қалай кескінделеді?

3.Оң сандар мен теріс сандарды қалай салыстырамыз?

Өзіңді тексер!

Барлық оң сандарды, барлық теріс сандарды жаз:

- 6; 8,1; - 10,5; 37; - 88,89; - 0,097; 674; 45,8; -0,42

Өсу ретімен орналастыр

Жауаптары:

8,1; 37; 674; 45,8; ( + )

-6; -10,5; - 88,89; - 0,097; - 0,42. ( - )

Өсу реті:

-88,89; -10,5 – 0,42; - 0,097; 8,1; 37; 45,8; 674

Таңбалары әр түрлі теріс сандарды қосу

Есеп. Таңертең ауаның температурасы -3С болды, ал түсте +4С-қа өзгерді (4С – қа жоғарылады). Түсте ауа температурасы неше градус болды?

Ойлан

Шешуі: (-3)+(+4)=1

Жауабы: +1 С

Таңбалары әр түрлі, екі санды қосу үшін:

Үлкен модульден кіші модульді азайту керек;

Шыққан санның алдына модулі үлкен қосылғыштың

Таңбасын қою керек.

Мысалы: 1) 9+(-5)=9-5=4

2) (-10)+7=-3

Қарама – қарсы сандардың қосындысы 0 – ге тең.

а+(-а)=0

Мысалы: (-14,9)+(+14,9)=0

Тапсырма 1.

Қосуды орындаңыз (ауызша):

1) 18+(-9)

2) (-21)+14

3) (-31)+53

4) 32+(-21)

5) 45+(-45)

6) 0+(-31)

7) (-17)+20

8) (-70)+10

9) (-25)+30

Тапсырма 4.

Координаталық түзуде А(5) және В(-4) нүктелерін белгілеңдер:

1) С нүктесі А нүктесінен солға қарай (теріс бағытта) 8 бірлік кесіндіге тең қашықтықта жатыр. С нүктесінің координатасын табыңдар.

2) D нүктесі В нүктесінен оңға қарай (оң бағытта) 6 бірлік кесіндіге тең қашықтықта жатыр. D нүктесінің координатасын табыңдар.

Жеке жұмыс

1 тапсырма. Кестені толтырыңдар

2 тапсырма. Қосуды орындаңдар

1) -3+(-5)+(-7)+2

2) 17+(-2)+(-9)+5+(-7)+9

3) -8,3+5,6

4) -9,7+14,3

Сабақты қорытындылау:

1. Қандай тапсырмалар қиындық туғызды?

2. Неліктен?

3. Жұмыста нені ескермедіңіздер?

4. Неліктен?

5. Нәтижені қалай жақсартуға болады?

Рефлексия:

1. Нені үйрендім?

2. Нені білгім келеді?

3. Нені түсінбедім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.