Координаталық түзу көмегімен бүтін сандарды қосу және азайту. Математика, 6 сынып, дидактикалық материал.


Қосымша 1

Оқу мақсаты: 6.1.2.10 Бүтін сандарды координаталық түзу көмегімен қосу және азайтуды орындау;

Бағалау критерийі:

1. Координаталық түзуде санды белгілей алады;

2. Координаталық түзуді пайдаланып сандарды қосу және азайту ережесін біледі және пайдаланады

Тақырып бойынша есептер

Есептерге дискриптор:

1. Координаталық түзуді пайдаланып бүтін сандарды қосу ережесін біледі;

2. Координаталық түзуде санды белгілей алады;

3. Координаталық түзуді пайдаланып сандарды дұрыс қосады.

№1. Координаталық түзуде а және а+1 сандары кескінделген. Осы түзуде а+5, а+(-3), а-1, а-4 сандарын кескіндеңіз.

№2. Түсте ауа температурасы -2°С болды. Кешке ауаның температурасы -3°С-қа, ал түн ортасында -5°С-қа өзгерді. Түн ортасында ауаның температурасы неше градус болды?

№3. Сүңгуір қайық 270 м тереңдікте жүзіп жүріп, жүзу деңгейін -42 метрге өзгертті, сонан соң тағы да -27 метрге өзгертті. Сүңгуір қайық неше метр тереңдікте жүзді?

№4. Келесі сандарды координаталық түзуді пайдаланып қосыңыз: а) 3, -4, 5; ә) -6, -2, 1.

Қосылғыштардың орнын ауыстыруға болады ма? Есептеп көріңіздер. Қандай тұжырымға келдіңіздер?

№5. Фирманың ақша есебінің өзгерісі бірінші айда +5 млн. тг, екінші айда -3 млн. тг, ал үшінші айда +1 млн. тг болды. Фирманың үшінші айдағы ақша есебінің өзгерісі неше теңге? Фирма зиян шеккен ба, әлде пайда тапқан ба?

Қосымша есептер:

№6. Ұялы телефон бағасы алғашқыда 4500, келер айда тағы 3000 теңгеге арзандатылды. Ұялы телефонның алғашқыдағы бағасы х болса, арзандатылғаннан кейінгі бағасы неше теңге болды?

№7. Ауа шары Жер бетінен 400 м биіктікке көтеріліп алған соң, өзінің ұшу биіктігін -70 метрге өзгертті. Сонан соң тағы да -130 метрге өзгертіп, қайтадан +100 метрге өзгертті. Ауа шары соңғы ретте Жер бетінен неше метр биіктікте болды?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.