Тура пропорционалдық тәуелділік. Математика, 6 сынып, презентация.
Тақырыбы:
Тура пропорционалдық тәуелділік
Оқу мақсаттары:
6.1.1.2
қандай шамалар тура пропорционалды болатынын түсіну және оларға мысалдар келтіру, есептер шығару;
Бағалау критерийлері:
Білім алушы
- қандай шамалар тура пропорционалды болатынын түсінеді;
- тура пропорционалдық тәуелділіктің анықтамасын біледі;
- тура пропорционалдық тәуелділікке мысал келтіре алады.
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
Сәлем, достым! (Амандасады)
Сен қалайсың? (иықтарымен қағады)
Қайда болдың? (құлақтарынан тартады)
Мен сені сағындым! (Колдарын жүректеріне қояды)
Сен келдіңіз. ( Құшақтарын жаяды)
Жақсы болды. (Құшақтайды)
Мысал: Егер бір дәптер 90 г қағаздан дайындалса, екі, үш, торт... Сегіз
дәптер неше грамм қағаздан дайындалатытын табу үшін кесте құрайық.
Дәптер саны нешеге өссе немесе кемісе оны дайындалатын қағаздың
массасы сонша есе өсетінін немесе кемитінін көрдік
Егер шаманың біреуін бірнеше есе арттырғанда (кеміткенде) екіншісі де соншаға артып немесе кемісе, мұндай шамаларды тура пропорционал шамалар дейміз.
Тура пропорционалдылықты әріптермен жазсақ,
х1 :у1 = х2 :у2 немесе х1 : х2 = у1 : у2 .
Тура пропорционал екі шаманың біреуінің
мәндерінің қатынасы сәйкес екіншісінің
мәндерінің қатынасына тең болады. Бұл тура
пропорционалдылықтың негізгі қасиеті.
Мысалы: массасы 300г, концентрациясы 15% қантты су ерітіндісіне 60 г таза су құйылды Соңғы ерітіндінің концентрациясы неше процент
1. масса процент
300 г------------------ 100 %
Х г-----------------------15 %
Х= (15*300): 100 =45 демек, алғашқы ерітіндіде 45 г қант бар.
2. Соңғы ерітіндінің массасы 300г + 60г(су) =360 г
3. Соңғы ерітіндінің концентрациясы (у %) неше процент екенін табамыз
масса процент
360 г------------------ 100 %
45 г-----------------------у%
у =(45*100) : 360 = 12,5
Сергіту сәті: «Жунглидағы жаңбыр»
-Бір-біріңіздің соңынан шеңбер жасап тұрыңыздар. Жунглида жүрміз деп елестетіңіздер. Ауа райы өте тамаша, күн жарқырап, ыстық және қапырық болып тұр.
Бір уақытта самал жел соқты, (алдыңызда тұрған адамның арқасына жұғысып жеңіл қимылдар жасаңыз).
Жел көтеріліп желкіді ( арқаны қаттырақ басамыз).
Қатты дауыл соқты (қимылдарыңыз күшейіп шеңбер бойында жүргізіледі)
Ұсақ жаңбыр сіркіреді (серіктесіңіздің арқасын саусағыңызбен басасыз)
Кенет нөсер жауын құйды (алақандарыңызбен жоғарыдан төмен қимылдар жасаңыздар).
Бұршақ жауды (арқаны қаттырақ соғамыз).
Тағы да нөсер жауын жауды.
Ұсақ жаңбыр сіркіреді.
Дауыл соқты.
Жел соқты.
Жел басылып келеді.
Жеке жұмыс
https://school-assistant.ru/?predmet=matematika&theme=pramaja_i_obratnaja_proporzionalnaa_zavisimost
Үйге тапсырма: Пропорция. Пропорцияның негізігі қасиеті. №92-93
Сабақты қорытындылау:
Қандай тапсырмалар қиындық туғызды?
Неліктен?
Жұмыста нені ескермедіңіздер?
Неліктен?
Нәтижені қалай жақсартуға болады?
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
1. Нені үйрендім?
2. Нені білгім келеді?
3. Нені түсінбедім?
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру