Есептерді арифметикалық әдіспен шығару. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні: 21.11

Мұғалімнің аты-жөні: Иманбаева Н.З

Сынып: 4А В

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:-

Сабақ тақырыбы

Есептерді арифметикалық әдіспен шығару

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

4.5.1.2** есептерді шешу кезінде шамалар арасындағы тәуелділікті пайдалану: жылдамдық, уақыт, арақашықтық

4.5.1.3 қарсы қозғалыс, қарама-қарсы бағыттардағы қозғалыс/ ілесе және артта қалып қозғалу есептерін талдау, модельдеу, құру және шешу

 Сабақтың мақсаттары

- есептерді арифметикалық әдіспен

шығаруды үйренесің

Бағалау

  критерийлері

кездесу қозғалысына, қарама-қарсы бағыттағы қозғалысқа берілген есептерді арифметикалық және алгебралық әдіспен шешу.

 Тілдік мақсаттар

Арифметикалық амалдар

 Құндылықтарға баулу

Жақсы қарым-қатынас орнату, айналадағыларға қамқорлық көрсету, ынтымақтастық дағдысын қалыптастыру,

 Пән аралық байланыстар

Дене шынықтыру

Тақырып бойынша алдыңғы білім

бір-біріне қарсы және бір-бірінен қарама-қарсы қозғалу формулаларын шығару

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу.

Оқушылардың жақсы көңіл –күйілерін және сыныптың ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру беріледі.

• Есептерді арифметикалық әдіспен шығару —

есепке қойылған сұрақтың жауабын арифметикалық амалдарды орындау арқылы табу.

(Ж) Жел 5 минут

(Түртіп алу әдісі арқылы бағалау)

Есепте қандай қозғалыс туралы айтылғанын анықта. Жақындау немесе

алыстау жылдамдықтарын тап.

а) Екі жел жартаста түн өткізді, ал таңертең жолға шықты. Біріншісі оңтүстікке 8 м/с

жылдамдықпен ұшып кетті, ал екіншісі солтүстікке екі есе артық жылдамдықпен ұшып

кетті.

Жауабы:

а) Алыстау жылдамдығы – 8 + 8 · 2 = 24 (км/сағ);

ә) Шығыстан батысқа жел бұлттарды 120 км/сағ жылдамдықпен айдады, ал батыстан

шығысқа басқа бұлт 2 есе кем жылдамдықпен келе жатты.

Жауабы:

ә) Жақындау жылдамдығы – 120 + 120 : 2 = 180 (км/сағ);

(Т) Оқушыларға мәтіндерді сызбаларға сәйкестендір. 15 минут

Оқушыларды топтарға бөлу.

(Смайлик арқылы бағалау)

Әр топқа есепке қатысты 4 сызбадан және 4 мәтіннен тарату.

1) Ұшақ белгіленген жерге дейін 800 км/сағ жылдамдығымен 3 сағат жүрді. Қайту жолына ол 4 сағат жұмсады. Егер ол 2 сағатқа тоқтаған болса, қайтар жолда қандай жылдамдықпен жүрді? (1 сурет)

Шешуі:

800 х3= 2400 (км) - арақашықтық

4-2= 2 (сағ)- қайту жолындағы жүрген уақыты.

2400 :2 =1200 (км/ сағ)- қайтар жолдағы жылдамдық

2) Екі мотоциклшы бір уақытта қарама-қарсы бағытта жолға шықты. Олар жолда 4 сағат болып, 1000 км жүріп өтті. Егер бірінші мотоциклшы 120 км/сағ жылдамдықпен өтсе, екіншінің жылдамдығын тап. (4 сурет)

Шешуі:

120х4= 480 (км) – 1мотоциклшінің жүрген жолы.

1000-480= 520 (км) – 2 мотоциклшінің жүрген жолы.

520:4 =130 км / сағ 2 мотоциклшінің жылдамдығы.

3) Қаладан бір уақытта қарама-қарсы бағытта екі мотоциклшы жолға шықты. Біріншінің жылдамдығы 120 км/сағ, ал екіншісі 95 км/сағ жылдамдықпен 2 сағат, содан кейін 2 сағат 100 км/сағ жылдамдықпен жүрді. Олардың арақашықтығы қандай болады?

Шешуі:

95х2=190 (км) – V2 жүрген қашықтығы

100х2= 200 (км) – V2 жүрген қашықтығы

2+2= 4 сағ екі нысанның жүрген уақыты

120 х4 = 480(км) – V1 жүрген қашықтығы

480+190+200=870 (км) екі нысанның арақашықтығы.

4) Бір уақытта ұл балалар мен қыз балалар жүзіп шықты. Үш ұл бала көлде қайықпен 8 км/сағ жылдамдықпен жүзіп келе жатты, оларға қарсы катермен 11 км/ сағ жылдамдықпен екі қыз бала жүзіп келе жатты. Егер олардың арақашықтығы 38 км болса, олар неше сағаттан кейін кездеседі?

Шешуі:

  • 8+11= 19 км / сағ
  • 38:19 = 2 сағ

(Т) Оқулықпен жұмыс 15 минут

2. Есеп құрастыр

Сызба бойынша есептер құрып, оларды шығар:

(өзара бағалау)

Жауабы:

а) (325 + 230) · 2 + 120= 1230 (км); арақашықтық

ә) 1230 – (325 + 230) · 2= 120 (км);

б) (1230 – 120) : 2 – 230 = 325 (км/сағ); 1-ші нысанның жылдамдығы.

в) (1230 – 120) : (325 + 230) = 2 (сағ). Екі нысанның жүрген уақыты.

Кейін жауаптарды бірігіп тексеруді ұсыныңыз.

ҚБ тапсырмасы

Есепті шығар

Дене шынықтыру сабағында балалар 1000 метрге жарысты. Жарысқа бірге бір уақытта шыққан екі баланың бірі 3минуттан соң 600 м, ал екіншісі 375м қашықтықта болды. Әр баланың жылдамдығын тап.

  • 600:3= 200 км/сағ
  • 375:3=125 км/сағ

Жұмыс дәптерінде орындалатын тапсырмаларға қатысты ұсыныстар

1. Амалдап орында. Тапсырма қозғалысқа арналған есептерді амалдап және өрнек құру арқылы шығару дағдыларын дамытуға бағытталған. Оқушылар тапсырманы орындап, оның атын астындағы жауаптармен сәйкестендіреді.

1) Оқушылар есепті амалдап шығарады және ұсынылған мысал бойынша тексереді.

2) Есепті шығару үшін, қай формуланы қолдану керек?

3) Егер оқушылар есепті өрнекпен шығаруда қиналатын болса, алдымен оны амалдап, кейін өрнек құрып шығаруды ұсыныңыз.

4) Алдын ала оқушыларды керекті формуланы жазуды сұраңыз.

Жауабы:

1) 15 + 3 = 18 (мин);

2) 15 + 18 = 33 (мин);

3) 1980 : 33 = 60 (м/мин);

4) 60 : 2 = 30 (м/мин).

2. Есепті құрып, оны өрнектермен шығар

456 – (50 + 64) · 3 = 1 14 (км) — 3 сағаттан кейін;

3. Өшіргіштің тапсырмасы. Тапсырма жазбаша есептеулер дағдыларын қайталауға бағытталған. Оқушыларға дербес түрде орындап, калькулятормен тексеруді ұсыныңыз.

Жауабы:

а) 1)115; 2) 87; 3) 58; 4) 98.

ә) 1) 19266 : (205 + 302) = 38; 2) 10 000 – 172 · 18 = 6904.

Қосымша тапсырмалар

Альпинисттер тауға шықты. Олар бірінші сағатта 1 км жол жүрді. Сосын жылдамдықтарын 200 метрге арттырып 3 сағат жүрді. Олар қандай арақашықтықты өтті?

Оқулық, 2-бөлім:

Есептерді арифметикалық әдіспен шығару. 68, 69-бет-

тер.

Жұмыс дәптері, 2-бөлім:

63-жұмыс парағы. «Есептерді арифметикалық әдіспен

шығару», 65-бет.

64-жұмыс парағы. «Өшіргіштің тапсырмасы», 66-бет

Сабақтың соңы

3 минут

Оқушылар себеттегі алма, гүл және жапырақ түріндегі жапсырма қағаздарды қабырғаға ілінген алма ағашына жапсыру арқылы сабақ бойынша ойларын қорытады, мұндағы:

  • Алма – бүгінгі сабақтан түйгенім өте көп, маңызды болды.
  • Гүл – бүгін көп нәрсені түсіндім, маған пайдалы болды.
  • Жапырақ – бүгін сабақта түсінбеген сұрақтарым бар, оқуым керек.

Білім ағашы

стикер

Саралау.

Барлық оқушыға топтық және деңгейлік тапсырмалардың жолын өзі табуға мүмкіндік беру

Мадақтау арқылы жетістікке жетемін.

Бағалау.

Оқушылардың топтық және жеке жұмыстарға қатысуын бақылау, дұрыс бағыт беру үшін кері байланыс жасау және қалыптастырушы бағалауды жүзеге асырамын. Ол үшін берілген әрбір тапсырмаға бағалау критерийі мен дескрипторлар құрастырып, жинаған балдарын санаймын,оқушыларға смайликтер беріп отырамын.

1-4 - Ізденуің керек 5-7 - Толықтыр. 8-10 - Жарайсың !

Денсаулық жəне қауіпсіздік техникасын сақтау. Оқушылардың денсаулығы мен өмірлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Психологиялық жағымды ахуал туғызу, сергіту сәтін ұйымдастыру.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу