9-сабақ Көптаңбалы сандарды ауызша қосу. Математика, 4 сынып, сабақ жоспары.


Тақырып: 9-сабақ Көптаңбалы сандарды ауызша қосу

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Смагулова М.Е.

Сынып: 4

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаттары

4.1.2.5 көптаңбалы сандарды ондық құрамы негізінде ауызша қосу және азайтуды орындау, микрокалькулятордың көмегімен есептеулер жүргізу;

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар үшін:

Көптаңбалы сандарды ауызша қосу алгоритмін меңгереді.

Көптаңбалы сандарды ауызша қосу, есептеу дағдылары жетіледі.

Бірқатар оқушылар үшін:

Көптаңбалы сандармен ауызша есептеуге дағдыланады. Топтық жұмыс жасауға дағдыланады.

Кейбір оқушылар үшін

Өзінің үйренгені туралы білімін ортаға салады, бөліседі, басқа оқушыларға көмектеседі.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

-Көптаңбалы сандарды ауызша қосу алгоритмін меңгереді.

-Көптаңбалы сандарды ауызша қосу, есептеу дағдылары жетіледі

-Калькулятор пайдаланады

Пәндік лексика және терминология:

  • қосадыады, кемітеді
  • Алгоритм, формула

Сабақта диалог/жазуүшін пайдаланылатын тіл.

Талқылау:

  •  Санды арттыру деген не? Арттырғанда сан қалай өзгереді? Кім қалай дөңгелектеді?
  •  

Жазу:

 Сандарды жазыңыз.

 Көптаңбалы сандарды өсу/кему бойынша орналастырыңыз.

Тірек білім, білік, дағдылар

Натурал сандар, сандар тізбегі, разрядтар, қосудың қасиеттері

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

0–2

3-5

6-10

11–28

29-37

Ынталандыру

«Бір қадам алға...» тәсілі

Мұғалім есіктен кіргеннен өткен материалдарға байланысты сұрақтар қояды. Жауап дұрыс болса, бір қадам алға жылжиды, қате болса, бір қадам артқа шегінеді. Мұғалім столына жеткенше, бірнеше сұрақ қою арқылы оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландырып алады.

Мысалы:

Қосудың қандай қасиеттері бар?

Ауыстырымдылық қасиетке мысал келтір.

Терімділік қасиетке өрнек құр.

Қосудың қасиеттері

1. Қосудың ауыстырымдылық қасиеті: a + b = b + a.

2. Қосудың терімділік қасиеті: (a + b) + c = a + (b + c). Бүгінгі сабақ тақырыбымен және мақсатымен таныстыру.

Көптаңбалы сандарды ондық құрамы негізінде ауызша қосуды орындаймыз, микрокалькулятордың көмегімен есептеулер жүргіземіз.

(Т) Сандар әуені

-Санды арттыру деген не? Арттырғанда сан қалай өзгереді? Сандарды ата:

а) 50448, 30999 және 730 884 сандарынан 7 бірлікке артық;

ә) 820, 1030 және 4100 сандарынан 970-ке артық.

Бағалау: бір топтағы оқушылар жауабын айтады, қалған оқушылар кеспеқағаздар арқылы белгі береді: жасыл – жауабы дұрыс, келісемін; қызыл – қате, келіспеймін.

-Қосудың қасиеттерін қандай мақсатта қолданамыз? (тиімді тәсілмен есептеу үшін).

Жауабы: а) 50455, 31006, 730 891; ә) 1790, 2000, 5070.

Қосымша тапсырма: салыстыр, айырмашылығын түсіндір

530+120= 640-210=

5 300+ 1 200= 6 400-2 100=

Қосудың қасиеттерін қолданып есепте

а) Қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолданып есепте:

326 + 432 136 + 867 70 + 320

600 + 1200 250 + 750 30 + 160

ә) Қосудың терімділік қасиетін қолданып, тиімді тәсілмен есепте:

485 + 237 + 163 1346 + 2186 + 214

3153 + 636 + 4164 418 + 365 + 535

Бағалау: тапсырманы орындап болған соң дәптерлерін алмастырып, өзара бағалайды.

Жауабы:

а) 432 + 326 = 758

867 +136 = 1003

320 + 70 = 390

1200 + 600 = 1800

750 + 250 = 1000

160 + 30 = 190

ә) 485 + 237 + 163 = 485 + (237 + 163) = 485 + 400 = 885

3153 + 636 + 4164 = 3153 + (636 + 4164) = 3153 + 4800 = 7953 1346 + 2186 + 214 = 1346 + (2186 + 214) = 1346 + 2400 = 3746

418 + 365 + 535 = 418 + (365 + 535) = 418 + 900 = 1318

Көптаңбалы дөңгелек сандарды екі тәсілмен қосуға болады:

1-тәсіл. Сандарды жүздікпен алмастыру: 4600 + 2300 = 46 жүзд. + 23 жүзд. = 69 жүзд. = 6900.

2-тәсіл. Сандарды разрядтық қосылғыштарға жіктеп, тиімді тәсілмен қосу: 4600 + 2300 = (4000 + 2000) + (600 + 300) = 6900.

Математикалық диктант Сандарды цифрмен жаз

21 мыңд. 175 бірл.=

5 мыңд. 6 бірл. =

8 млн. 5 мыңд. 7 бірл. =

19 мыңд. 123 бірл. =

5 млн. 3 мыңд. 18 бірл.=

9 млн. 45 бірл =

(Ұ) Логикалық тапсырма.

Үш дос: Арман, Тимур және Санжар ЭКСПО-ның бір кейіпкерімен суретке түспекші болды. Сурет астындағы сөздер тура болмаса, әр бала қай кейіпкермен суретке түскен?

Шешуі: Сәулемен Санжар, Қуатпен Арман, Мөлдірмен Тимур суретке түскен.

(Ж) Калькулятормен жұмыс істе!

8200 + 1800 =

9900 + 300 =

9100 + 5900 =

6400 + 3600 =

4320 + 6680 =

9000 + 7500 =

230 + 770 =

5700 + 6300 =

Бағалау: «Жұлдызша» әдісі арқылы бағалайды. Дұрыс жауап берген оқушы жұлдызшамен мадақталады.

Жауабы: 8200 + 1800 = 10000

9900 + 300 = 10200

9100 + 5900 = 15000

6400 + 3600 = 10000

4320 + 6680 = 11000

9000 + 7500 = 16500

230 + 770 = 1000

5700 + 6300 = 12000

Шығарып көр.

Музыка мектебіне 400 000 теңгеге қандай аспаптарды сатып алуға болады? Дұрыс теңдік құрастыр.

Домбыра – 20 000 тг қобыз-160 000 тг скрипка 95 000 тг, барабан 25 000 тг, бубен 4 000 тг, күйсандық 240 000 тг

Кейде көптаңбалы сандарды қосу және азайтуды жылдам есептеу құралы — калькулятордың көмегімен есептеген ыңғайлы

Слайд№4

Слайд №3

Слайд №5

Слайд №6

Слайд №7

Слайд №8

Слайд №9

Слайд №10

Слайд №11

Слайд №12

Слайд№13

Слайд №14

Слайд №15

Слайд №16

Слайд №17

38–40

Рефлексия

-Көптаңбалы сандарды қалай қосқан ыңғайлы? (Разрядтық қосылғыштарға жіктеу арқылы қосу)

-Көптаңбалы сандарды қосудың қандай қасиеттерін білесіңдер? (Ауыстырымдылық, терімділік)

-Келесі мысалдардың қандай айырмашылығы бар? (Тақтада жазып көрсетемін, жауабын айтамын).

Жауабымен келіссеңдер жасыл белгіні көрсетіңдер».

2340 + 2340 (4680)

23450 + 23450 (46900)

234 560 + 234 560 (469 120).

Өзін-өзі бағалау.

Оқушылар төменде берілген тұжырымдардың біреуін таңдайды, оны түсіндіріп береді.

*бәрін де түсіндім;

*бәрін де түсіндім, басқаларға көмек көрсете аламын;

*түсіндім, алайда маған көмек керек;

*маған көмек керек;

*түсіндіріп бере аламын;

*түсінбедім.

Слайд№18

Слайд № 19



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу