Параллелепипедтің көлемі. Есеп шығару. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Бөлімі: Есеп шығару тәсілдері

№ 137 сабақ. Тақырыбы: Параллелепипедтің көлемін табу

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.5.1.5 жанама болатын есептерді(«бірнеше бірлік артық / кем» «бірнеше есе артық/кем» қатынастармен байланысты);тік төртбұрыштың (шаршының) қабырғалармен ауда-нын;тікбұрышты параллелепипдтің қырын және көлемін табуға берілген есептерді талдау және шығару.

3.5.1.1 2-3 амалмен орындалатын есепті кесте,сызықтық,бағандық диаграмма, сызба,

қысқаша жазба түрінде модельдеу

Сабаққа қажетті ресурстар: кеспеқағаздар – әр топқа;ламинатталған парақтар, маркерлер, қима қағаздар.

Сабақта қолданылатын деректі материалдар:

Дененің көлемі – осы дене алатын үшөлшемді кеңістіктек бөлігі. Көлемнің өлшем бірліктерінің бірі – 1 см3. Тікбұрышты параллелепипедтің көлемі оның ұзындығы мен ені және биіктігінің көбейтіндісіне тең. Тікбұрышты параллелепипедтің көлемін есептеу

формуласы: V = a · b · c, мұндағы V – тікбұрышты параллелепипедтің көлемі, a – ұзынды-ғы, b – ені, с – биіктігі. Кубтың көлемін есептеу формуласы: V = a3, мұндағы а – кубтың қырының ұзындығы. Сұйықтықтың көлемі өлшеуге арналған ыдыстың көлемімен өлшене-ді. Қатты дененің көлемін оны суға батырғанда ығыстырылған судың көлемімен есептеуге болады.

Сабақ бойынша ұсыныстар:Кіріспе

Пазл

(Т.Ж) Оқушыларға алдын ала қызыл, сары түсті параллелипипед және көк, жасыл текше дайындайындаңыз. Пазл А4 форматындағы парақта дайындап және кейін бөліктерге бөліңіз. Оқушыларға пазлдың бөліктерін таратып беріңіз. Оқушылар пазл-дарының бөліктеріне ие оқушыларды табу үшін сыныпта қозғалу керек. Оқушылар пазлдың бөліктерінің барлық иелерін тапқаннан кейін, олар жұмысқа топпен кіріседі: пазлды құрады және тапсырмаларды орындайды.Уақыт регламентін орналастырыңыз.

Тапсырма орындалғаннан кейін сұрақтарға жауап беруді сұраңыз.

Жауабы:

Кубтың барлық қырлары тең.

Параллелепипедтің сегіз жағы бар.

Сөздік бағалау жүргізіңіз «Жарайсың!», « Өте жақсы!», «Керемет!»

-Олай болса, формула бойынша параллелепипедтің көлемін есептеуді үйренесің.

Есіңе сақта!

*Тікбұрышты параллелепипедтің көлемі оның ұзындығы, ені

және биіктігінің көбейтіндісіне тең.

V = a ∙ b ∙ c

Текшенің көлемі:

V = a ∙ a ∙ a = a³

Фигураның көлемін тап

(Ж.Ж) Әрбір топқа фигуралар таратылып беріңіз. Оқушылар жұптасып, фигураның көлемін есептеп табады. Оқушылар жұпта жұмыстарын алмастырып, бір-бірін тексеріп, бағалайды.

Жауабы:

а) V=3см · 2см · 5см = 30 см³

ә) V= 6³см =216 см³

«Басбармақ» арқылы бағалау жүргізіңіз

Көлемін тап

(Ж.Ж) Оқушыларға жеке жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз. Оқушыларға тапсырманы жеке орындауды сұраңыз. Орындап болған соң дайын жауап арқылы өзін-өзі тексеріп, бағалауды ұсыныңыз. Бұл тапсырма арқылы оқушылар параллелепипедтің және текшенің көлемін табу туралы алған білімін тиянақтай түседі.

Жауабы:

V=8см · 4см · 3см = 96см³ 96cм³ ∙ 9 = 864 см³

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізіңіз

Кестені толтыр

(Т.Ж) Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беріңіз. Оқушылар тапсырманы топта талқылап, кестені толтырады. Әрбір топтан бір оқушыдан кестені қалай толтырғандығын айтып қорғайды. Бұл тапсырма арқылы оқышылар параллеле-пипедтің көлемінің формуласын қолдану туралы дағдысын қалыптастырады.

Қате кеткен жағдайда сұрақтар қою арқылы қайта түсіндіруді ұйымдастырыңыз.

Жауабы:

а

b

c

v

5см

8см

10см

400 см³

7см

7см

7см

343см³

6см

3см

9см

162см³

4см

8см

9см

288см³

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізу жүргізіңіз

Шығарып көр

(Ұ.Ж) Оқушыларға тақтадағы суретке назар аударуын сұраңыз.Текшенің ортасынан кішкентай текше ойып алынғанына назар аудартыңыз. Қалған бөлігінің көлемін табуды ұсыныңыз. Бұл тапсырма арқылы оқушылар кеңістіктікте ойлауды дамытады.

– Осы фигураның көлемін білуге бола ма? Қалай?

– Кесіп алған бөлігінің пішіні қандай?

– Осы бөліктің көлемін білуге бола ма? Қалай?

– Қалған фигураның көлемін қалай табуға болады?

Оқушылардың жауабын тыңдағаннан кейін бірлесіп, тақтаға жоспарды жазуды ұсыныңыз.

1. Үлкен параллелепипедтің көлемін табу.

2. Кесіп алған фигураның көлемін табу.

3. Үлкен параллелепипедтің көлемінен кесіп алған фигураның көлемін азайту.

Тапсырманы орындап болған соң оқушылардың есептеп тапқан жауабын сынып болып тексеру жүргізуді ұйымдастырыңыз.

Сабақты «Білім ағашы» әдісі арқылы рефлексия жүргізумен аяқтаңыз.

-Параллелепипедтің көлемін қалай табамыз?

-Кубтың көлемін ше?

-Формулаларын жазып көрсетіңіз.

«Бас бармақ» арқылы бағалау жүргізу



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу