Параллелепипедтің моделі. Математика, 3 сынып, презентация.
Математика 3-сынып
Бөлімі: Кеңістіктік фигуралар
109- сабақ. Тақырыбы: Параллелепипедтің моделі
Сен:
ТІКБҰРЫШТЫ ПАРАЛЛЕЛЕПИПЕДТІҢ МОДЕЛІН ҚҰРАСТЫРАСЫҢ ЖӘНЕ ӨЗ БЕТІМЕН ЖАСАЙ АЛАСЫҢ
Суреттен параллелепипедтің жазбасын тап.
Параллелепипедтің моделін жаса
«Қағаздағы сұрақтар»
-Тікбұрышты параллелепипедтің жақтары тіктөртбұрыш болып табылады ма?
-Параллелепипедтің қарам-қарсы жақтары тең бе?
-Параллелепипедтің қырлары қандай?
-Тікбұрышты параллелепипедтің барлық бұрыштары тік болып келе ме?
-Тікбұрышты параллелепипедтің неше төбесі бар?
Бағалау
Егер жауап «дұрыс» деп есептесең қолдарынды көтер. Содан соң өз жауабыңды түсіндір.
Талқыла
Тікбұрышты параллелепипедтің моделін жабыстырып жинау үшін қай жазбаны қолданар едің? Неліктен?
Бағалау
«Басбармақ» арқылы бағала.
Егер жауап «дұрыс» деп есептесең басбармағыңды жоғары көтер. Содан соң өз жауабыңды түсіндір.
Есепте
Ұзындығы 11 см, 5 см, 8см болатын тікбұрышты параллелепипедтің неше қыры бар? Өз бетінше параққа есепте, содан соң жұппен өзара тексеруді ұйымдастыр.
Топпен жұмыс
Ойлан!!!
Мына параллелепипедте
неше текше бар?
Қай жазбадан параллелепипед құруға болады? Дәлелде.
Тез жауап жаз
Бағалау. Оқушыларға өз бетінше тапсырманы орындап болған соң, сағат тілінің бағытымен көршісіне өзара тексеру үшін беруді ұсыну. Оқушылар алынған нәтижені айтып, шығару жолын түсіндіреді.
«Тұрғындарын тап!» ойын
Бағалау. «Шапалақ» әдісі арқылы дұрыс жауапқа 3 шапалақ соқ.
Кері байланыс
«Қарлы кесек» әдісі
Бір-біріңе ақ параққа сұрақ жазып лақтырыңдар, қай кесекті қағып алсаң, сонда жазылған сұраққа жауап бер.
Тікбұрышты параллелепипедтің ерекше белгілерін ата.
– Тікбұрышты параллелепипедтің неше төбесі, қыры, жағы бар?
– Бұл фигура неге осылай аталады?
– Барлық жақтары тең параллелепипед қалай аталады?
– Сенің ойыңша, егер жазбаның өлшемі 3 см болса,
ол тікбұрышты параллелепипед бола ала ма?
Бағалау
«Бес саусақ» әдісі
Параққа өз алақандарыңның суретін салыңдар, әр саусаққа сұрақтарға жауап жаз.
Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?
Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?
Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?
Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?
Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру