Көбейтудің қасиеттері. Математика, 3 сынып, қосымша материал.


Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар

Бөлімі: Кестеден тыс көбейту және бөлу

№86 сабақ. Тақырыбы: Көбейтудің қасиеттері

Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)

3.2.1.3тиімді тәсілмен есеп шығару үшін көбейтудің үлестірімділік, терімділік қасиеттерін қолдану.

Сабаққа қажетті ресурстар: кеспеқағаздар – әр топқа;ламинатталған парақтар, маркерлер, қима қағаздар.

Сабақта қолданылатын деректі материалдар:

Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті a · b = b · a; көбейтудің терімділік қасиеті

(a · b) · с = a· (b · с); көбейтудің үлестірімділік қасиеті a · (b + с) = a · b + а · с;

Сабақ бойынша ұсыныстар:Кіріспе Оқушыларды топқа бірігу

Оқушылар алдын –ала дайындалған қима қағазға жазылған өрнектерді шығарады.Сол бойынша топқа бірігеді.

1-топ «Қосу»

2-топ «Азайту»

3-топ «Көбейту»

4-топ «Бөлу»

(Ұ.Ж) Лездеме Сабақты сыныпқа қызықты сұрақтар қоюдан бастаңыз. Сұрақтарға толық жауап алу. Шапшаң әрі дұрыс жауап беру қажет екенін ескерту. Әрбір сұрақтың дұрыс жауабын тақтаға алдын ала іліп қою. Оқушы дұрыс жауабын тақтадан тауып, теріс айналдырғанда артынан жасырынған сөз шығады.

- Туристер саяхатқа шықты. Олар белгіленген жерге 2 аптада жетті, ал қайтар жолда 14 күн жүрді. Бұл айырмашылық қалай түсіндіресін? ( 2аптада 14 күн бар -кө)

- Үш ат 15 км шауып өтті. Әрбір ат неше км шауып өтті? (15км-бей)

-Мыналардың қайсысы уақыт бірлігі емес: секунд, апта, километр, ай? (километр-ту)

-60-ты 15-ке арттыр (75-дің)

- Қандай бірдей үш санның көбейтіндісінің мәні 1-ге тең болады? (1∙1∙1=1-қа)

- Қайсысы ауыр: 1 кг мақта ма немесе 1 кг темір ме? (бірдей-си)

-54-ті 9 есе кеміт (9-ет)

-Алмұрттың жартысынан компот қайнатылды. Компотқа 3 жеткен болса, әуеле қанша алмұрт болған? (6-те)

-Үстелдің төрт бұрышы бар. Бір бұрышын аралап тастады. Неше бұрыш болды? (5-рі)

- Қандай сөз шықты?

-Көбейтудің қасиеттері

-Көбейтудің қандай қасиеттерін білеміз? (ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімділік)

-Ендеше көбейтудің қасиеттерін қолданып, тиімді тәсілмен есептеуді үйренесің.

Сөздік бағалу жүргізу «Керемет», «Тамаша», «Жарайсың»

(Ж.Ж) Киіз үй

Сабақты жұптық жұмыс арқылы жалғастырыңыз. Тапсырманы жұппен орындайды. Есепті оқиды, талдайды. Сұраққа жауап беру үшін алдымен тіктөртбұрыш пішінді киіздің периметрін табады.Сосын барып сұраққа жауап береді. Есепті әртүрлі тәсілмен шығарады. Бірнеше жұптан есептің жауабын сұрауға болады.

Жауабы:

1-тәсіл: 230 · 2 + 150 · 2 = 460 + 300 = 760 (см)

2-тәсіл: (230 + 150) · 2 = 380 · 2 = 760 (см)

Жауабы: барлығы 7м 60 см таспа кетеді.

Көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолдану.

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз.

(Ж.Ж) Дастарқан мәзері Оқушылар тасырман жеке орындайды. Орындап болған соң, дәптерін сағат тілінің бағытымен ауыстырып, дайын жауап арқылы бірін –бірі тексеріп, бағалайды. Есепті екі тәсілмен шығаруды ұсыну.

Кейбір оқушыларды тақтаға шығарып қандай тәсілмен шығарғанын сұрау. Қате жіберген оқушыларға жетекші сұрақтар қою арқылы түсіндіру.

- Қай тәсілмен шығару тиімді болды?

- Көбейтудің қандай қасиетін пайдаланып шығардың?

Жауабы:

1-тәсіл: 240 · 4 + 310 · 4 =960+1240=2200 (гр)

2-тәсіл: (240 + 310) · 4= 550 · 4 = 2200(гр)

Жауабы: 2кг200гр ірімшік пен құрт қойылды.

Көбейтудің үлестірімділік қасиетін қолдану.

Геометриялық фигура арқылы бағалау жүргізіңіз

(Т.Ж) Кім жылдам? Әрбір топқа тапсырма жазылған қима қағаз таратып беру.Оқушылар кезектесіп мысалды шығарады. Бірінші болған топ «үш шапалақ» арқылы белгі береді. Тақтаға әрбір топтан бір оқушыдан шығып тапсырмасын қорғайды.Қалған оқушылар салыстыра отырып, тексереді. Оқушылардан көбейтудің қандай қасиетін қолданып есеп шығарғанын сұрау. Бұл тапсырма арқылы көбейтудің терімділік қасиеті туралы алған білімін тиянақтай түседі.

Жауабы:

(9∙2)∙5= 9∙(2∙5)= 90

3∙5∙6∙2=(3∙6) ∙(5∙2)=180

5∙(2∙7)= (5∙2)∙7=70

4∙2∙7∙5=(4∙7)∙(2∙5)=280

(2∙8)∙(5∙6)=(2∙5)∙(8∙6)=480

2∙3∙5=(2∙5)∙3=30

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізіңіз.

(Ж.Ж) Сусын Оқушылар тапсырманы өз бетінше орындайды. Көбейтудің заңдылықтарын қолдана отырып есептеу. Есепті шығарып болған соң, жұптасады. Жұптар дәптерлерін ауыстырады. Бір –бірінің тапсырмасын дайын жауап арқылы тексереді.

Жауабы:

(4∙2)∙3=24 (л) – шұбат

Жауабы: 24 литр шұбат бар.

Геометриялық фигура арқылы бағалау жүргізіңіз.

(Т.Ж) Коллаж Бейнелеу құралдарының көмегімен көбейтудің қасиеттерін көрсету. Әр топқа флипчарт, материалдар (журналдар, газеттер, түсті картон, түсті қағаз, маркелер, қайшы, клей, қарандаштар және фломастерлер) беріледі.Әрбір топқа берілген тапсырманы басқа топтар білмеуі керек.Тапсырманы орындап болған соң, оқушылар сыныпта шеңбер бойынша қозғалады және сыныптастарының жұмыстарын көреді. Олар көбейтудің қандай қасиеті бойынша коллаж жасағанын ойлап таба алады. Әрбір топтан бір оқушы шығып өздерінің жұмыстарын түсіндіреді.

Жауабы:

Көбейтудің қасиеттеріне коллаж жасайды.

1 топ– ауыстырымдылық

2 топ – терімділік

3 топ – үлестірімділік

4 топ – 1-ге көбейту

«Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалау жүргізуді ұйымдастырыңыз.

Сабақ соңында кері байланыс алыңыз.

-Көбейтудің қандай қасиеттері жылдам есептеуге көмектеседі? Оларды ата.

Рефлексияны «Аспазшы» әдісі арқылы жүргізіңіз.

...... қанағаттандым.

......аса қанағаттанбадым.

......қорыта алмадым.

Егер ......қоссаңыз, дәмі тіл үйіретін (керемет) болар еді.

Оқушылар сөйледі аяқтап жазады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу