Бекіту сабақ. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Бөлімі: Кестеден тыс көбейту және бөлу

103 сабақ. Тақырыбы: Бекіту сабақ

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Айдаболова Қаракөз Батырхановна

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Оқу мақсаты:

3.2.2.2. көбейту мен бөлу амалдарынан тұратын қарапайым теңдеулерді; құрылымы күрделі х∙ (25:5)=60; (24∙3):х=6; х: (17∙2)=2; k+124:4=465 түріндегі теңдеулерді шешу.

Сабақтың

мақсаты:

Оқушылардың барлығы :

Құрылымы күрделі теңдеулерді шешуді біледі:х∙ (25:5)=60; (24∙3):х=6;х: (17∙2)=2; k+124:4=465

Оқушылардың көпшілігі:

Теңдеуді жеңілдету жолдарын түсіндіруді, құрылымы күрделі теңдеуді шешу амалдарын біледі.

Оқушылардың кейбірі:

Солынан және оңынан күрделендірілген теңдеулерді шешеді .

Бағалау критерийлері

Құрылымы күрделі теңдеулер шешуді түсіндіру, сол жақ бөлігін жеңілдету, белгісіз компонентті атау, белгісіз компонентті табу ережесін біледі.

Ғылыми тіл

Пәндік терминология мен тірек сөздер: құрылымы күрделірек теңдеулер, құрылымы күрделірек теңдеулерді шешу алгоритмі.

Диалог пен жазу үшін пайдаланылатын сұрақтар:

Талқылау:

  • –Егер теңдеу күрделендірілген болса, не істеу қажет?
  • –«Өрнекті жеңілдету» дегенді қалай түсінесің?
  • –Құрылымы күрделі теңдеуді қалай тексеруге болады?
  • –Құрылымы күрделі теңдеулерді шешу алгоритмін ұсын.

Құндылықтар

Еңбек ету, өзін өзіне қызмет көрсетуге баулу

Пәнаралық байланыс

Көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

Тапсырмалар бойынша нұсқаулар АКТ арқылы көрсетіледі.

Алдыңғы меңгерілген білім

Теңдеулерді шешуді бекіту

Сабақ барысы

Жоспар

ланған уақыт

Оқушылардың жоспарланған іс-әрекеті

Ресурстар

Сабақ

тың басы

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Кіріспе тапсырма

“ Ыстық орындық”

(Ұ.Ж) Сабақты «Ыстық орындық» ойыны арқылы бастау. Теңдеу туралы білімдерімізді қайталау үшін, қойылған сұрақтарға жылдам жауап беру керек, себебі, орындық ыстық. Оқушылар кезектесіп ыстық орындыққа отырып қойылған сұрақтарға ауызша жауап береді.

Мысалы:

  • Азайғыш 76, айырманың мәні 51- ге тең, Азайтқыштың мәнін тап.
  • Қосылғыштың мәні 68, бірінші қосылғыш белгісіз, екінші қосылғыш 28. Белгісіз қосылғышты тап.
  • Белгісіз санға 9-ды бөлгенде, 9 шықты. Белгісіз санды тап.
  • Қаздың массасы 4 кг, ал үйректің массасы х кг кем. Үйректің массасы қанша кг?
  • Жылқы 3 шелек су ішті, бұл түйе ішкен шелек судан х кем. Түйе қанша шелек су ішті?
  • Иттің 4 аяқпен тұрғандағы массасы 4кг болса, 2 аяқпен тұрғандағы массасы қанша?
  • Бір шелек су 8 литр болса, 3 шелек су қанша литр болады?

Сөздік бағалау жүргізу «Жарайсың», «Тағы да жаттық», «Ақылдым сол», т.с.с

Слайд №2

Слайд№3

Слайд№4

Сабақтың ортасы

Теңдеуді шеш

(Ж.Ж) Оқушыларға жұптық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру.

Оқушылар теңдеуді алдымен жеке орындайды. Теңдеуді орындамас бұрын амалдардың орындалу ретін тауып алады. Сосын кері амал орындау арқыл теңдеудің түбірін табады. Жұбымен дәптерін ауыстырады. Бір – бірінің тапсырмасын дайын жауап арқылы тексеріп, бағалайды. Бұл тапсырма арқылы теңдеуді шешу дағдысын бекітеді.

Тапсырма:

1-жұп

(4·х-16):2=10

2-жұп

20:(х:9)=4

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау жүргізу

Ауданын тап

(Т.Ж)Оқушыларға топтық жұмысқа арналған тапсырма таратып беру.

Тапсырманы орындамас бұрын оқушылардан аудан туралы не білетіндерін сұрау. Оқушылар тапсырманы топта талқылайды. Берілген фигураның ауданын табады. Әрбір топтан бір оқушыдан шығып, қорғайды. Бұл тапсырма арқылы оқушылар фигураның ауданын табуды пысықтайды.

Тапсырма:

Суретте берілген фигураның өлшемі бойынша, боялған бөлігінің ауданын тап.

12 см

6 см

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізу

Заңдылықты тауып, қатарды жалғастыр

(Ж.Ж) Оқушылар тапсырманы өз бетінше орындайды. Оқушылар сандардың арасындағы заңдылықты анықтап , жазады. Дайын жауап арқылы өзін –өзі тексеріп бағалайды. Бұл тапсырма арқылы сандар арасындағы заңдылықты пысықтайды.

Тапсырма:

Сандар арасындағы заңдылықты тап, түсіп қалған сандарды жаз.

321

323

?

124

?

138

49

53

?

?

55

60

«Бағдаршам» түстері арқылы бағалау

«Броундық қозғалыс»

.Ж) Топтық жұмысты «Броундық қозғалыс» әдісі арқылы жалғастыру. Сынып ішіне есепке байланысты мәліметтер мен ақпараттарды жазып, әр жерге іліп қою. Оқушылар бүкіл сынып ішінде қозғала жүріп, берілген есеп бойынша ақпарат жинайды. Уақыт беріледі. Уақыт біткен кезде топтар өз орындарына барады.Жинаған мәліметтерін ортаға салып, талқылап, ламинатталған параққа жазады.

Әрбір топтан бір оқушыдан шығып, түсіндіріп береді.Бұл тапсырма арқылы есепті теңдеу құру арқылы шығаруды пысықтайды.

Тапсырма:

Мектеп асханасына 15 кг және 20 кг жәшікпен картоп және бірнеше килограмм пияз әкелінді.Егер пияздың массасын 3 есе кемітсе , онда пияз бен картоптың массасы тең болған болар еді. Қанша килограмм пияз әкелінді?

«Басбармақ» арқылы бағалау жүргізу

Қалдықпен бөлу

(Ж.Ж) Оқушылар бұл тапсырманы жеке орындайды.Қалдықпен бөлудің формуласын пайдаланып мысалды шығарады. Жұбымен дәптерлерін алмастырады. Бір –бірінің жұмысын тексереді.

Тапсырма:

а = b ∙ c+ r формуласын пайдаланып, өрнектің мәнін тап:

  • а, мұндағы b =6, c=8, r=4
  • b, мұндағы a =26, c=3, r=2
  • c, мұндағы a =33, b=8, r=1
  • b, мұндағы a=75, c=9, r=3

«Смайлик» арқылы бағалау жүргізу

Слайд №5,6

Слайд №7,8

Слайд № 9,10

Ламинаттал

ған парақ

Сабақтың соңы

Рефлексия

Бас бармақ – өзімді қалай сезіндім?

Балаң үйрек – басқаларға көмегім тиді ме?

Ортан терек – бүгінгі көңіл күйім қандай болды?

Шылдыр шүмек – бүгінгі сабақ ұнады ма?

Кішкентай бөбек – бүгін не үйрендім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу