Өткенді бекіту. Математика, 3 сынып, қосымша материал.
Мұғалімге арналған әдістемелік ұсыныстар
Бөлім. 1А-1000 көлеміндегі сандар. Қосу және азайту.
№ 14- сабақ. Тақырыбы: Қорытындылау
Оқу мақсаты: (Оқу бағдарламасының ұзақ мерзімді жоспарына сәйкес)
.4.3.2. Өзі таңдаған заңдылық бойынша тізбектер құрастыру, тізбектегі заңдылықтың бұзылуын табу.
3.1.2.8. Үш таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту алгоритмдерін қолдану.
3.5.2.4. Қосу мен азайту, көбейту және бөлу амалдары компоненттерінің атауларын жақшалы өрнектерді оқу мен жазуда қолдану.
Сабаққа қажетті ресурстар: оқулық, тапсырмалар жазылған карточкалар, сызбалар жазылған кестелер, өрнектер құрастыруға арналған кестелер, смайлктер.
Сабақта қолданылатын деректі материалдар: «Жануарлар әлемі» видеосы. Заңдылық – бұл сандар қатары, фигуралар және таңбалар құрастырылған қандай да бір нақты
ереже. Заңдылықтың бұзылуы – берілген қатар құрастырылған ережеге сәйкес келмейтін қатардың бір бөлігін айтамыз.
«Сабақ бойынша ұсыныстар: Кіріспе.
Ынталандыру.
Математика керек әр күнге,
Математика қажет өмірде.
Математиканы оқимыз,
Миымызға тоқимыз
«Жануарлар әлемі» видеосын көрсетемін, (https://youtu.be/zzH5bWoueXk)
Жануарлар әлемі сол арқылы сұрақтарға жауап аламын.
Жануарларды кімнен қорғайды? Не үшін?
Жануарларды қорғау үшін қандай шара қолданады? (Орман шаруашылығын жандандыру және қорғау, өзендер мен көлдерді қорғау және тиым салынған жерлерде аңшылық кәсіпке тиым салу, қорықтар салу).
Қорық деген не екенін білесіңдер ме? Қорықтар – адамдарға шаруашылық қызметіне толықтай тиым салынған жабайы табиғаттың бір бұрышы. Бұл жерде ағаштарды кесуге, балық аулауға, аңшылық жасауға тиым салынған. Қорықтарда сирек кездесетін жабайы жануарлар мен өсімдіктер қорғалады. ҚР территориясында осындай 10 қорық бар.
Оқушыларға түсіне қарай қима қағаздар таратылып беріледі.(тт)
- тапсырма да берілген мәліметті оқиды. Сызба бойынша теңсіздіктер жазу.
192,193,194,195,196,197,198,199,200 191<192 191<193
300
299,298,297,296,295,294,293,292,291 300>299 300>298
Салыстыру жасау, басбармақ арқылы бағалау
Теңсіздіктер жазылған соң түсіне қарай құстар, аңдар, өсімдіктер болып үш топқа бөлінеді.
Мақсатты бекіту (мәселелі жағдаяттар).
Өткен сабақта біз үш таңбалы сандарды қосу мен азайту амалдарын үйрендік. Алға жылжу үшін алдыңғы сабақта алған мәліметтің қаншалықты есте қалғандығын білу керек.
Өздік жұмыс (жж)
Құстар тобына 2- тапсырма. Өрнектерді жазады, олардың мәнін табады, өрнекті оқиды.
420+(220+320)
(700+180)-480
(640-220)+(530+30) өрнектегі амалдарды баған түрінде орындауға тапсыру арқылы өткенді еске түсіру.
Аңдар тобы 3-тапсырма. Өрнектерді баған түрінде жазады, бағандап қосу алгоритмін пайдаланады.
459
+
238
697
Өрнекті баған түрінде жазамын, бірліктің астына бірлікті, ондықтың астына ондықты, жүздіктің астына жүздікті. Бірліктерді қосымын 9-ға 8-ді қоссақ 17. 7-ні бірліктің астына жазамын, бір ондықты еске сақтаймын, 5 ондыққа 3 ондықты қосамын 8 оған ойдағы 1ондықты қосамын 9, оны ондықтың астына жазамын, 4 жүздікке 2 жүздікті қосамын 6 жүздік оны жүздіктің астына жазамын. Осылайша барлық өрнектер мәні табылу керек.
Өсімдіктер тобына 4- тапсырма. Теңсіздіктерді есептемей салыстырады. Не үшін артық, кем, тең таңбасын қойғандығын дәлелдейді.
Ең үлкен разряд бірлігіне көңіл аудару. Топ жауаптары өзара тексеріліп, шапалақ арқылы бағаланады.
Қиындықтарды түзету
Мұғалім тапсырманың дұрыстығын тексеру
– Кімде қиындықтар туындады?
– Қай жерден қате жібердіңіз?
– Жіберілген қатенің себебі неде?
– Өздік жұмыста қате жібергендеріңіз, іс-әрекетіңіздің мақсатын құрыңыз.
(Қосымша тапсырмаларды орындау).
– Қиындық туындаған оқушы жұмысының түпкі мақсаты қандай?
(Қателерді түзеу).
– Қателерді түзеу алгоритмін пайдаланамыз.
– Әркім өзінің есебі жайында айтады.
Қайталау (тт)
6- тапсырманы орындау үшін оқушыларға мәтінді мұқият оқып, сұрақтарға жауап беру керек.
Наурызым қорығында өсімдіктің қанша түрі бар? Оны табу үшін қандай іс-әрекет орындау керек
Ал екеуінде қанша өсімдік барын білу үшін ше?
(278+409)+278
Топтық тапсырма
5- тапсырма Құстар тобына кесте бойынша өрнектер құрастырады, олардың мәнін тауып қосудың және азайтудың компоненттерін атайды. Мәнін табу үшін қандай әрекеттер орындағанын түсіндіреді.
Қосылғыш | 70+30 | 200+200 | 192-6 |
Қосылғыш | 60 | 360-80 | 250 |
Қосындының мәні |
Азайғыш | 1000 | 900 | 450+90 |
Азайтқыш | 500+120 | 600-300 | 100 |
Айырманың мәні |
Смайлктер арқылы бағалау
Аңдар тобына 7- тапсырма. (тт)Кесте бойынша теңдеу құрастырады, белгісіз компонеттерді табу үшін қандай амал қолданғанын түсіндіреді.
320+х=650 840-х=310
х=650-320 х=840-310
х=330 х=530
320+330=650 840-530=310
650=650 310=310
Кестедегі теңдеулерт осы үлгіде орындалу керек, белгісіз сан қалай табылғандығын сұрап отыру ұсынылады.
Өсімдік тобына 8 –тапсырма. Тапсырманы орындау үшін келесі үш санды атап, сандық ретті жалғастырып және ретті сандардың заңдылығын табу қажет.
202 | 303 | 404 | |||
110 | 220 | 330 |
Сөздік мадақтау
9-тапсырманы жұп болып орындау қандай өрнектер құрастырылды, неліктен санды өрнек және құрастырылған өрнекті тақтадағы сызбаға сәйкестендіру, өрнекті оқу. (жж)
Бармақпен бағалау
+
+
10-тапсырма (ж.ж) «Кім жылдам» ойыны арқылы ұйымдастыру. Санды өрнектер мәнін мәнін тауып кестеде берілген сөйлемді оқу.
Барлық мәндер табылып кестедегі сөйлем «Табиғатты қорғау»бүгінгі тақырып төңірегінде қорытынды әңгіме жүргізу. Смайлктер арқылы бағалау жасау
Рефлексия.
Мұғалім оқушыларға сөйлемдері аяқталмаған үлестірмелі карточка таратады, оқушылар жалғасын жазады:
Не білдің?
Не үйрендің?
Нені білу керек?
Кері байланыс алып, сабақты аяқтау.
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру