Климат және ауа райы. Математика, 3 сынып, сабақ жоспары.
2 -сабақ. Разрядтық қосылғыштардың қосындысы
Тақырыбы: Климат және ауа райы | Мектеп: | ||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Қылышбаева А.Т | ||||||||||
3-сынып: | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||
Оқу мақсаттары | 3.5.2.1. Көптаңбалы сандардың графикалық моделін құру, кластар мен разрядтар кестесін қолдану. 3.1.1.3. Үш таңбалы сандардың разрядтық және кластық құрамын және разрядтық бірліктердің жалпы санын анықтау, разрядтық қосылғыштар қосындысына жіктеу. 3.2.2.1. Қарапайым теңсіздіктердің шешімдер жиынын табу. | ||||||||||
Тілдік мақсаттар |
| ||||||||||
Тірек білім, білік, дағдылар | Үштаңбалы сандардың нөмерленуі. | ||||||||||
Жоспар | |||||||||||
Жоспарланған уақыт | Жоспарланған іс-әрекет | Қоры | |||||||||
0-3 | Ынталандыру. Жер көлемі аймағындағы жыл сайын болатын ерекшеліктер – бұл климат, немесе ауа райының тәртібі. Климат ауа райына қарағанда тұрақты. Белгілі бір елді мекенге оны бірақ рет суреттейді, ал ауа райы күнде өзгереді. Ауа райы — бұл климаттың белгілі бір күнге немесе мезгілге арналған болжамы. Яғни климат – бұл қалыпты жағдай. Климаттық нормадан ауа райының ауытқуы климаттың өзгерісі ретінде қарала алмайды, мысалы өте суық қыс климаттың сууын айтпайды. Климаттың өзгеріске ұшырауын он жыл көлемінде бақылап, атмосфера өзгерісін байқаған жағдайда ғана айта алады. | 1-слайд | |||||||||
4-6 | (Ұ)Өзектендіру. Тексеру үшін математикалық диктант жазу. Жаз және мына сандарды оқы: 2 жүздік 8 ондық 3 бірлік 5 жүздік 0 ондық 1 бірлік 4 жүздік 6 ондық 0 бірлік 7 жүздік 0 ондық 0 бірлік Ары қарай оқулықтағы 1-тапсырма орындалады. Оқушылар тек ондық, бірлік не бірлік жетіспейтін үш таңбалы сандарды жазып алады және берілген ауа райы құбылыстарының қайсысы жауын-шашынға жататынын біледі. Оқу мақсаттарымен танысу | Оқулық. 2-слайд 4-слайд | |||||||||
7-11 | Мақсатты бекіту (мәселелі жағдаяттар). Оқушыларға тәжірибелік жұмыс ұсынылады. Оқушылар жүздікті үлкен шаршымен, ондықты кіші шаршымен белгілеп, жүздің ішінде неше ондық болса, сонша шаршы салып, жабыстырады. Оқулықтағы 2-тапсырманы қарауды ұсынады.Оқушылар ұсынылған сан аталған ауданның қай разрядты бірліктен тұратынын, қандай разрядты қосылғыштарға бөлуге болатынын түсіндіреді. Геометриялық фигуралар арқылы сандардың графикалық модельдерін жасау. Саралау. Қабілеті жоғары білім алушылар ламинатталған парақтарға модельдердің суретін салады «Смайликтер» арқылы бағалау | 5-слайд Оқулық, қиылатын қағаздар: үлкен және кіші шаршылар. 6-слайд | |||||||||
12-29 | Жаңаны ашу. Мұғалім кейін сұрақтарға жауап беретіндей, жұмыс жоспарын құрады: Сандық разряд деген не? Разрядты қосылғыштардың қосындысы түрінде жазу деген нені білдіреді? Разрядты қосылғыштардың санын қалай анықтауға болады? Түсіндіре отырып алғашқы бекіту. Оқулықтағы 3-тапсырманы бір-біріне түсіндіру арқылы жұппен орындауды ұсыну Тұжырым жасау: | Оқулық, разрядтар кестесі, дәптер, тренажер. 7-слайд 8-слайд | |||||||||
30-40 | Өздік жұмыс 4-тапсырманы дәптерде орындауды ұсыну. Балалар тапсырманы дәптерде бағалау критерийлерімен орындайды. Мен: -сандарды жаза аламын; -санды разрядты қосылғыштардың қосындысына бөле аламын; -санның үлгісін құрай аламын. (Т) «Әткеншек» әдісі 1. Тура теңдік пен теңсіздік шығу үшін қандай сандарды қою керек? 48. . . < 489 305 < 3. . . 5 185 =…8 . . . 451 > 4 … 9... 6 > 960 218 < 2 … 2. Сандарды салыстыр: 899 + 1 * 901 –1 367 – 60 * 367 – 7 100 – 1 * 999 489 – 400 * 589 – 500 (Т) Әр топқа оқулықтағы5, 6, 7 және 8- тапсырмаларды және дәптердегі 10-12-тапсырманы орындауды ұсыну | Оқулық, дәптер. 9 слайд 10-слайд | |||||||||
41-45 | Рефлексия. Бүгінгі сабақта мен мынаны түсіндім, мынаны білдім, мынаны ажыраттым...; «… өзімді мақтан тұтамын»; «Маған әсіресе… ұнады»; «Бүгін мен… жасай алдым». | 11-слайд |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру