Екі жиынның қиылысуы. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Пән: Математика

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2С бөлім – Жиындарды және олардың элементтерін белгілеу. жәнетаңбалары

Мектеп: Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Екі жиынның қиылысуы

Оқу мақсаты

4.1 Жиындар және олармен операциялар

 Сабақтың мақсаттары

2.4.1.3 жиындарды және олардың элементтерін диаграммадан белгілеу; элементтердің жиынға, жиындардың қиылысуына және бірігуіне тиістілігін анықтау

 Бағалау критерийлері

Білім алышулар:

-жиындардың элементтерін белгілейді;

-элементтердің жиынға, жиындардың қиылысуына және бірігуіне тиістілігін анықтайды.

 Тілдік мақсат

Оқушылар сабақ барысында «жиындардың қиылысуы»

терминін тәжірибеде қолданады.

 Құндылықтарды дарыту

Ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Алдыңғы білімдер

Критерийлер бойынша заттарды классификациялау дағдылары бар

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңін өткізіп, сабақты қайталаудан бастау:

• Жиын дегеніміз не?

• Жиын болу үшін не қажет? (жиындағы заттардың

ортақ қасиеті болуы керек).

Оқушыларға туған өлкемен одан әрі танысатынын

ескерту. Туған өлке жиынынан мысалдар келтіруді сұрау.

• Жиындарды біріктіру дегеніміз не?

Оқушыларға бүгін жиынның тағы бір қасиеті – жиындардың қиылысуымен танысатынын хабарлау.

Сабақтың ортасы

(Ұ, МК) Тақтаға бірнеше оқушыны шығару, олардың біреулеріне – дәптер, қалғанына – қарындаш беру. Оқушылардан оларды қандай жиындарға бөлуге болатынын сұрау (дәптері бар оқушылар және қарындашы бар оқушылар). Содан соң бір оқушыны шығарып, оған қарындаш пен дәптер беру. Оқушыны қай жиынға қосуға болатынын сұрау. Оқушыларды оны екі жиынға да қосуға болады деген қорытындыны өздері шығаруларына жетелеу. Оқушыларға оның екі жиынның қиылысуындағы элемент екенін хабарлау. (Оқушыға бір қолын бір жиынға, екіншісін екінші жиынға беруін сұрау.) Презентациядан (2-3 слайд) екі жиынның қиылысуын көрсету.Оқушыларға өз бетінше қай элементтің қиылысу аумағында тұрғанын анықтауды ұсыну Оқушыларды оқулықтағы ережемен таныстыру.

Тақырыпты бекіту.

(Ұ) «Ортақ элементтер» тапсырмасын орындауды ұсыну. Бірінші және екінші жиындарға қарап, элементтерін атауын сұрау. Оларға ат қою.

  • Осы жиындардың элементтерінің ортақ қасиеттерін және қиылысу аумағына тиісті элементтерді атаңдар.
  • Неге қызыл алма қиылысу аумағына тиісті?

- Ол бірінші жиынның элементіне жата ма?

- Екіншіге ше?

- Қызыл алма екі жиын үшін ортақ элемент деп айтуға бола ма?

(Бірінші алмалар жиыны, екіншісі қызыл заттар жиыны: қиылысу аумағында – қызыл алма. Бірінші жиын – жұп сандар, екінші жиын – екі таңбалы сандар: қиылысу аумағында – екі таңбалы жұп сандар.)

«Анықтап көр» тапсырмасын орындауды ұсыну.

- Оқушылардан екінші сынып оқушыларынан қандай жиындар құрастыруға болады?

- Ұлдардың жиынында қандай элементтер болуы мүмкін?

- Ал қиылысу аумағында не болуы мүмкін?

- Қиылысу аумағына мысал келтіріңдер.

а) Екінші сынып ұлдары;;

ә) Көк үшбұрыштар;

б) Бос жиын, себебі ешқандай элемент жоқ.

(Ж) «Орындап көр» тапсырмаларын ұсыну. .

Алдымен оқушыларға заттан тұратын, ал екіншісіне_қасиеттерінен тұратын жиындарды ұсынып, қиылысу элементін табуды сұрау (4-5 слайд).

(Ұ) «Шығарып көр».

- Қанша бала болды?

- Олардың қаншасы ұл бала?

- Қанша қыз?

- Әр қыз туралы не білесің?

- Әр ұл бала туралы ше?

(Бас киімі мен мойынорағышы бар ұл бала.)

(Ө) «Қиылыста не бар?» Оқушылар өз бетінше қиылысу аумағына жататын заттардың суретін салады

Алма мен алмұрт салынған тәрелке.

Мысалы: лимон, сары түсті алма және т.б.

Торкөзді шаршы.

Мысалы: аққу, қаз және т.б.

Үлестірмелі парақтағы тапсырманың өз бетінше орындауды ұсыну.

Жеке жұмысқа арналған парақтар;

Жиындардың қиылысуын

көрсететін презентация.

Сабақтың соңы

Сабақты қорыту. Сабақ соңында оқушылар:

қажет?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қалыптастырушы бағалаудың

нәтижесінде әр балаға жеке көмек пен қолдау көрсету.

Оқушылардың сабақты меңгеру деңгейін анықтау үшін сабақ барысында бақылау жүргізу. Әр оқушының талдауын тыңдап,

жұмысқа қатысуын, қандай жауап бергенін, оның нені түсінгенін және т.б. түртіп жазып отыру. Жұмыс дәптеріндегі «Табыс баспалдағы» арқылы өзін-өзі бағалау жұмысын жүргізу.

Сергіту сәттерін өткізу. Белсенді тақтаны шектеулі уақыт қана қолданамын



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.