Құрама есептер шығару. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән:Математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2A бөлім – Екі таңбалы сандарды қосу және алу. Жүздіктер. Есептер Күні: Сынып: 2 | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні:Иманбаева Н З Қатысқандар саны:19 Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақ тақырыбы | Құрама есептер шығару | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.5.1.1** екі амалмен кестелер, сызбалар, қысқаша жазбалар түрінде модельдеу | ||||
Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: құрама есептердің шешуін санды өрнектер және жекелеген амалдар түрінде модельдеу және шығаруды біледі Көптеген оқушылар екі амалмен орындалатын есепті кесте, сызба,қысқаша жазба түрінде модельдеуді үйренеді. Кейбір оқушылар: құрама есептерді шығаруды біледі | ||||
Бағалау критерийлері | • жай есепті құрама есептерден ажырата алуды; • құрама есептерді құрастыруды және шығара алуды; • құрама есептерге сызба сызуды меңгереді. | ||||
Тілдік мақсаттар | Құрама есептер | ||||
Құндылықтарды дарыту | Топтық жұмыс барысында өзара жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтары қалыптасады. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Қазақ тілі, дүниетану пәндерімен байланыс орнайды. | ||||
АКТ қолдану дағдылары | АКТ – мен байланыс,қосу кестесінің үлгісімен танысады | ||||
Бастапқы білім | Оқушылар күнделікті өмірде өлшем бірліктері туралы тәжірибесіне сүйенеді | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы | Психологиялық дайындық Біз бақытты баламызОйнап күліп аламызЖетілсін деп санамызОқып білім аламыз. ОМ таныстыру құрама есепті шығаруды үйренесің |
| |||
Сабақтың ортасы | (Т). Әр топтың алдына төмендегі екі есептің мәтіні жазылған кеспеқағазды таратып беру. 1. Қанатқа әкесі бірінші күні 9 тг, екінші күні 8 тг берді. Оның барлығы неше теңгесі болды? 2. Қанаттың 17 тг ақшасы бар. Ол 7 тг ақшасын досына берді. Қанаттың неше теңге ақшасы қалды? Оқушыларға есепті оқуды және берілген есепті шығаруды ұсыну. Тапсырманың осы бөлігін орындаған соң, жай есептерді бір құрама есепке біріктіруді ұсыну. Одан кейін есепке сызба құрастырып, шешуін орындату. Бұл есепті шығару үшін неше амал қажет болды? «Кәмпит» есептер. (Ж) Оқушыларға әр есепке қатысты сызба салып, құрама есепті шығаруды ұсыну.Оқушылар тапсырманы өз беттерінше орындайды. Содан кейін оқушылар жұптарға бірігіп, бір-бірінің жұмыстарын өзара тексереді. — Есептен не туралы білдіңдер? — Есептің сұрағына жауап беру үшін, нені білу керек? — Бірінші амалда нені білу керек? — Біз екінші амалды орындап, нені білеміз? Жауабы: 1. 1) 12 + 16 = 28 (кг) – барлығы; 2) 28 – 4 = 24 (кг). Жауабы: дүкенде 24 кг кәмпит қалды. 2. 1) 45 + 20 = 65 (тг) – сатып алған заттың құны; 2) 65 – 50 = 15 (тг). Жауабы: Гүлнәрдің 15 теңгесі жетпейді. 3. 1) 11 + 18 = 29 (т) – барлық шоколад саны; 2) 29 – 21 = 8 (т). Жауабы: 8 тақта шоколад қалды Шығарып көр. (Т) Қай сызба бойынша құрама есеп құрастыруға болады? Оқушылар екі сызбаны салыстыра отырып өз таңдауын жасауын қадағалау. Оқушылардан өз таңдауын дәлелдеуді сұрау. Олардың ойын тыңдау. Таңдаған сызбалары бойынша өз беттерімен есеп құрастырып шығаруды тапсыру. 1. Дүкенде 12 кг карамель және 16 кг шоколад кәмпит болды.Балалар мерекесіне 4 кг кәмпит сатылды. Дүкенде қанша кәмпит қалды? 2. Тәтті мақта 45 тг, ал мұзкәмпит 20 тг тұрады. Гүлнәрдің 50 теңгелік монетасы бар. Тәтті мақта мен мұзкәмпит сатып алуға оның қанша ақшасы жетпейді? 3. Сатушыға мерекелік қалталарға 11 сүт шоколадын және 18 ащы шоколадын салу керек. Ол 21 шоколадты салып қойды. Енді қанша шоколад салуы керек? Әрбір есепті шығару үшін саған қанша амалды орындау керек? Неге? Жауабы «б» әрпімен берілген сызба 1. 65 + 24 = 89. 2. 89 – 53 = 37. Шығарып көр Құрама есепке арналған сызбаны таңда. Неге оны таңдадың? Түсіндір. Таңдаған сызбаң бойынша есеп құрастыр және оны шығар. Орындап көр Парақтарда құрама есептің шарты жазылған. Бірақ олардың бір бөлігі жыртылып қалған. Есептің шартын толықтыр және оны шығар. Тапсырманың мазмұнын сыныпта ойын түрінде орындату. Оларға есептің басы жазылған қойындәптер беттерін көрсету. Есептің жалғасы жазылған беттің бөлігі жыртылып қалған. Әр топтан бір оқушыны шақырып, осы беттер бойынша олардың арасында ойын ұйымдастыру. Оқушылар тапсырмасы бар бір бетті суырып алады. Енді олардан беттегі тапсырманы оқып, оның жалғасы мен сұрағы қандай болуы мүмкін екенін сұрау. Бұл туралы олар өз тобындағы басқа оқушылармен ақылдасып, берілген тапсырманы орындай алады. Енді оқушылар есепке сәйкес сызба салып, есепті шығаруын қадағалау. Ағашта 8 торғай және 12 шымшық отыр еді. Бір кезде ағашқа жүрісін білдірмей мысық келді. Оны көрген ... ұшып кетті. Автобуста 17 бала мен 14 ересек адам келе жатыр. Аялдамада ... түсіп қалды. Жауабы: 1. Ағашта 8 торғай мен 12 шымшық отыр. Ағашқа тығылып келген мысықтан қорқып, ағаштан 7 құс ұшып кетті. Ағашта неше құс қалды? 2. Автобуста 17 бала мен 14 ересек адам келеді. Аялдамадан 10 адам түсіп қалды. Неше адам автобуста қалды? 3. Алинаның 50 теңгелік екі монетасы бар. Ол 25 теңгесін жұмсады. Алинаның қанша ақшасы қалды? | есептің мәтіні жазылған А4 форматтағы қағаз парақтары; • ламинатталған беттер; • маркерлер | |||
Сабақтың соңы | Құрама есеп дегеніміз не? • Жай есеп пен құрама есептің қандай айырмашылығы бар? | ||||
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
| Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
«Орындап көр» тапсырмасы қабілеті жоғары оқушыларға ұсынылады. | Тапсырманы орындау барысында оқушылардың топпен жұмысын бақылау. Бақылау нәтижесін оқушыларды бағалау барысында пайдалану. Жұмыс дәптерінде берілген суреттер арқылы өзін- өзі бағалауды ұйымдастыру | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау оқушылармен белсенді оқыту әдістерін қолдану жүргізу барысында жүзеге асты. |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру