Салыстыруға берілген құрама есептер. Математика, 2 сынып, сабақ жоспары.
Математика
Қысқамерзімді жоспар
Пән: Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4A бөлім – Шамалар. Есептер | Мектеп: Талдықорған қаласының физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | |||||
Күні: 18.04.18 | Мұғалімнің аты-жөні:Кудабаева А.К | |||||
Сынып: 2А | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
Сабақ тақырыбы | Салыстыруға берілген құрама есептер | |||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | 2.5.1.3 Есептерді талдау және шешу: бірдей қосылғыштар қосындысын табу; құрамы бойынша бөлу және тең бөлікке бөлу/ санды бірнеше есе арттыру/кеміту/ еселеп салыстыру/ тіктөртбұрыштың (шаршының) қабырғалары мен периметрін табу/ тура және жанама сұрақтары бар есептерін талдау және шешу/ кері есептер құру және шешу. | |||||
Сабақ мақсаттары | Салыстыруға берілген құрама есептерді шығару | |||||
Бағалау критерийлері |
| |||||
Тілдік мақсаттар | Екі амалмен, салыстыруға берілген есеп, өрнек құрастыру, тура және жанама сұрақтар. | |||||
Миссия және пайымдау | Алған білімдерін өмірде қолдана алады. | |||||
Жаһандық азаматтық | Тақырыпты түсінбеген сыныптастарына түсіндіру, көмек беру. | |||||
Құндылықтарды дарыту | Достыққа тәрбиелеу, басқаны құрметтеу және бәсекелестікке дайын болу. | |||||
Пәнаралық байланыстар | Өнер, АКТ пәндерімен байланыстыру. | |||||
Бастапқы білім | Есепті талдайды, шеше алады. | |||||
Сабақ барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы 5 минут | І.Ұйымдастыру бөлімі. Сабаққа психологиялық дайындық | |||||
Сабақтың ортасы 32 минут | Үй тапсырмасын тексеру Жұмыс дәптерден 31- бет. Қызығушылықты ояту. «Ойлан,тап!» Ойын. Кеспеқағаздардан сандарды көрсету нәтижесін ламинатталған қағазға жаздыру. 8 саны 24- тен қаншаға кем? 24 cаны 8 –ден қанша есе артық? 4 cаны 24 –тен қанша есе кем? 27 cаны 9 –дан қаншаға артық? Жауабын тақтада шығару. Өзін-өзі тексеру. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру. Салыстыруға берілген құрама есептерді шығару Дескриптор: -есептің шартын жазады; -есептің сұрағын көрсетеді; -есепті шешу өрнегін құрастырады; -есептеуді дұрыс жүргізеді; -есептің жауабын жазады. Есепті шығар Көктемде гүлзарда 4 түймедақ және одан 6 есе артық бақбақ гүлдеді. Бақбаққа қарағанда қанша түймедақ кем гүлдеді? Есепті бірлесе шығару «Гүлдер» тапсырмасы Түймедақ – 4 г. ? < Бақбақ- ? г., 6 есе > Шешуі: 1) 4 * 6=24 (г) 2) 24- 4=20 (г) Жауабы: бақбаққа қарағанда 20 түймедақ кем гүлдеді.
Дифференциация Есепті бір өрнекке салып шығар Шешуі: 4 * 6 - 4=20 (г) Жауабы: бақбаққа қарағанда 20 түймедақ кем гүлдеді. Сергіту сәті Топпен жұмыс. «Шығарып көр» тапсырмасын орындау. Есепті шығару. Топтар бірін- бірі дескриптор арқылы бағалайды.
Дифференциация /Әр оқушыға тапсырма қиындығы деңгейіне қарай беріледі/ 1-топ. 2-топ. 3-топ. «Орындап көр» тапсырмасы 1-топ. Есепті шығару өрнегін жаз және өрнектің мәнін тап. 2-топ. Есептің қысқаша жазбасын жаз және шығар. 3-топ. Есепті шығар және кері есеп құрастыр. а) Марат-12а. ? > а Мирас-?а, 2 есе кем Шешуі: 1) 12 : 2=6 (а) 2) 12 - 6=6 (а) Жауабы: 6 ағаштың түбін артық қопсытты. Кері есеп ә) Марат-?а. 6 > а Мирас-6а, 2 есе кем Мұғалім бағалауы. Қалыптастырушы бағалау Салыстыруға берілген құрама есептерді тап. 1,2 топтарға: а) Бірінші вагонда-9 жолаушы. Екінші вагонда-? 2 есе > жолаушы ? ж. ә) Бірінші вагонда-9 жолаушы. Екінші вагонда-? 2 есе > жолаушы ? ж. > 3,4 топтарға: а) Тиеді-48 т қызылша. Қалды-6 есе < қызылша. ?т қызылша < ә) Тиеді-48 т қызылша. Қалды-6 есе < қызылша. ?т қызылша /Бірін- бірі тексеру, бағалау/ Үйге тапсырма: Жұмыс дәптері 32-бет. | Суретті тапсырма, ламинад парақша | ||||
Сабақтың соңы 3 минут | Кері байланыс. | |||||
Дифференциация –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
Қабылдау деңгейі жоғары оқушылар үшін тапсырманы күрделендіру: Қабілеті жоғары оқушылар ойлауға берілген мәтіндік есептерді өз бетінше оқып, шеше алады. | Оқушылардың жеке жұмыстарын бағалаймын. | Сергіту сәттерінде, белсенді жұмыс түрлерін өткізуде қауіпсіздік техникасын сақтау |
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру