Жиындарды құрастыру. Математика, 1 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

САБАҚ: математика

4С бөлім: Жиынтықтар. Логика элементтері

ТАҚЫРЫБЫ : Жиындарды құрастыру

Көкшетау қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі

КҮНІ:

МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ:

СЫНЫП: 1

ҚАТЫСҚАНДАР САНЫ:

ҚАТЫСПАҒАНДАР САНЫ:

ОҚУ МАҚСАТЫ:

1.4.1.3 жұптар құру арқылы заттар жиынын салыстыру; тең жиындарды, бос жиындарды анықтау

1.4.2.1 дұрыс және бұрыс тұжырымдарды анықтау

 САБАҚТЫҢ

 МАҚСАТЫ:

Оқушылар заттардан жиындар құрастырады, заттарды салыстырады, критерийлерді анықтайды.

 ТІЛДІК МАҚСАТ:

Оқушылар адамдардың ұқсас сипаттарын талқылайды.

Негізгі терминдер мен сөзтіркестер:

Бүгін, ертең, арғыкүні, бірсігүні, азан, тал түс.

Сабақта диалог үшін қолданылатын тіл:

Талқылау үшін сұрақтар:

Бүгін сен не істедің? Арғы күні қандай жұмыс жасайсың?

Азанда нешеде тұрасың?

Алдыңғы білімдер

Уақыт бірліктері

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Дереккөздер

Сабақтың басы

5 мин

10 мин

 

 

 

 

 

 

 

5 мин

І.Ұйымдастыру кезеңі

«Сыртқы,ішкі шеңбер » әдісі арқылы өткенді қайталау

-Уақыт өлшем бірліктерін ата.

- Қосудың компоненттерін ата.

-Азайтудың компоненттерін ата.

-Есеп деген не?

-Бір жылда неше ай бар?

-Бүгін аптаның қай күні?

(Ө)Есептеу: Өрнектердің мәнін табу

25 + 6 = 48 – 16 = 76 + 24 =

52 + 33 = 100- 38 = 36 + 14 =

33 + 45 + 17 = 55 + 42 – 17 =

(Ж)Тапсырманы орындап болған соң, оқушылар өзара тексереді және бағалайды.

Бір оқушы өрнектердің мәнін оқиды, қалғандары дұрыс болса «+» таңбасын, қате болса «-» таңбасын қойып, белгілеп отырады.

(МК)Сабақтың тақырыбын ашу

-Балалар, мынау өрнектерді қандай жиындарға біріктіруге болады?

Қосынды және айырма, немесе бір амалды өрнектер мен екі амалды өрнектер болуы мүмкін.

-Бүгінгі біздің іс-әрекеттеріміз немен байланысты болады деп ойлайсыңдар?

Заттарды топтастыру және жиындарға бөлу.

Өрнектер жазылған қима қағаздар

Сабақтың ортасы

 5 мин

 

 

 

 10 мин

(Т/Ж) Оқушыларға сынып бөлмесіндегі заттарды анықтап,оларды шағын топтарға бөлуді тапсырамын. Мысалы,жұмсақ ойыншықтар жиыны. Оларға қандай топтастыру критерилерін ұстанатыны туралы келісіп алулары керек екендігін айту.

(Ұ) Жемістер мен көкөністер жиынын құру.

-Біз оларды қалай салыстырдық?

-Бұл жиындарда заттардың саны бірдей ме?

- Әлде бір-бірінен артық па?

-Оларды көрсету үшін қандай белгілер пайдалануымыз мүмкін?

Сергіту сәті:

(Т) 1- топ:

Тағамдар жиыны/сүт,ет,ұн тағамдары/

2-топ:

Сусындар жиыны?/сүттен,жемістен т.б. жасалынған сусындар/

3- топ:Табиғат жиыны /өлі,тірі табиғат/

Ортаға спикер шығып жұмыстарын қорғайды.

Әр топ өзіне ұнаған топтың жұмысына стикер жапсырады.

суреттер

Суреттер мен көкөністер мен жемістердің муляждары

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия:

Сөйлемдерді аяқта

*Маған бүгін сабақта қиын болды, өйткені...

*Маған сабақта .... көмектесті.

Қосымша ақпарат

Дифференциация – Балаларға қалай көмектесесіз? Қабілетті балаларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – оқушылардың білімдерін қадағалауды қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралыұ байланысденсаулық пен қауіпсіздікАҚТҚұндылықтар

  • Дене мүшелерін жазу
  • Суретті толығымен аяқтау
  • Ойын барысында сұрақтар қою арқылы
  • мультфильм қарау, сұрақтарға жауап беру және сұрақ қою.
  • дене шынықтыру бойынша қозғалмалы жаттығулар орындау.
  • Қозғалатын заттарды санау арқылы математикамен байланыс
  • Би музыкамен байланыс

Бақылау

Сабақтың мақсатына жетім бе?

Оқушылар не үйренді?

Ынтымақтастық атмосферасы қандай болды?

Оқушылар арасындағы дифференциациялау бойынша іс-әрекеттер ұтымды болды ма?

Жоспарланған уақытты ұстандым ба? Жоспардан қандай шегіністер жасадым және неліктен?

Қорытынды бағалау

Сабақтың ең ұтымды кезеңдерін атаңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға септігін тигізген екі сәтті атаңыз.

1:

2:

Келесі сабақтың өткізуіне септігін тигізетіндей осы сабақтан сынып жіне жеке оқушылар жайлы не білдім?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Қарап көріңіз 👇


Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Информация
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.