Отан оттан да ыстық. Қазақ тілі (орыс сыныбы), 5 сынып, дидактикалық материал.
Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары
ІІІ тоқсан
Мұғалім:
Пән: қазақ тілі
Сынып: 5 Т2
Бөлім/Тақырып | Менің Тәуелсіз Қазақстаным | |||
Оқыту мақсаты | О5. Қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді ала білу. | |||
Ойлау дағдыларының деңгейі | Білу және түсіну | |||
Бағалау критерийі | Мәтіннен негізгі ақпараттарды анықтай алады | |||
Тапсырма | Тақырыпқа байланысты оқылым мәтіні беріледі Әрбір ұлттың, халықтың өз отанына деген қатынасы ерекше және өзіндік, құрметі өте зор. Туған елдің мәдениеті, тарихы, тұрмысы, салты, тілі – мұның барлығы халықтың рухани баға жетпес құндылығы, түп қазығы, айбыны болып табылады. «Отан», «Туған жер» дегеніміз неткен терең мағыналы ұғымдар. Олар адамға қуат, жақсы әсер беріп, намыс пен мақтаныш, сүйіспеншілік деген шынайы сезімдерін оятады. «Жарық дүниеде туған Отаныңнан сүйкімді не бар?» деп танымал неміс жазушысы Ф. Шиллер айтқандай, Отан расында да әр адам үшін ерекше. Менің Қазақстаным – ең сүйікті мекенім, «алтын бесігім». Бүгінгі күнде мықты, асқақ беделді мемлекет болып, дүние жүзіне танымал болды. Батыстағы Каспийден Алтай тауларына дейін созылып жатқан қасиетті өлке. «Қазақстан», «Отаным» дегенде көз алдыма биікке желбіреген ашық көгілдір жалаудың бейнесі, шалқыған көк жайлау, қалықтап ұшқан қыран құс, қанатты тұлпарлар, кең байтақ қазақ даласы, түтіні бұрқыраған ауыл елестеп, айдын көлдегі аққудың даусы, киелі домбыраның үні естіледі. Мен өз Отанымды сүйемін! Оқылым алды тапсырма
Құрмет, баға жетпес, сүйіспеншілік, намыс, айбын, көк жайлау, киелі домбыра, алтын бесік Оқылым тапсырмасы
___________________________________________________ ___________________________________________________ ___________________________________________________ Оқылымнан кейінгі тапсырма.
| |||
Бағалау критерийі | Дескриптор | |||
Мәтінді оқып, негізгі мәселелерді түсіне алады |
| |||
|
Пән: қазақ тілі
Сынып: 5Т2
Бөлім/Тақырып | Менің тәуелсіз Қазақстаным | ||
Оқыту мақсаты | О5. Қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді ала білу | ||
Ойлау дағдыларының деңгейі | Түсіну және талдау | ||
Бағалау критерийі | Мәтіндегі негізгі мәселелерді өз көзқарасы тұрғысынан талдай алады | ||
Тапсырма | Топ ішіндегі оқушыларға әртүрлі мәтіндер беріледі. Оқылым алды тапсырма: Патриот ұғымын қалай түсінесіз? 1-мәтін: Елбасы Қазақстан халқына жолдауында «Біздің балаларымыз бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында өмір сүргенді артық көретіндей, өйткені өз жерінде өзін жақсы сезінетіндей болуға тиіс. Біздің еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы ретінде сезінуге тиіс» – деп атап өткен болатын. Елім, жерім, тілім деген әрбір қазақстандықты патриот дейміз. Ал бүгінгі жас ұрпақ патриот ұғымын қалай түсінер екен? 2-мәтін: Гүлмира, Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина университетінің студенті: Мен өзімді патриотпын деп есептеймін. Менің бұған дәлелім, кез келген жерде кез келген уақытта ана тілімде сөйлеймін. Патриоттық ұғымы еліне, туған жеріне деген ғана сүйіспеншілікпен ғана шектеліп қоймайды, ол қазақ халқына тән барлық құндылықтарды құрметтеу болып табылады. 3-мәтін: Айнұр, Қазақ Ұлттық Университетінің магистранты: «Отан от басынан басталды» демекші, кішкентай күнімнен ата-анам маған әнұранды жаттатқызып, рәміздер дегеніміз не екенін, олардың мемлекет үшін маңызы қандай екенін ұғындырып өсірді. Осылай менің туған Отаным деген алғашқы патриоттық сезім қалыптасты. Мен болашақта өз елім үшін қызмет етемін деп сеніммен айта аламын. 4-мәтін: Ерлан, Мәскеу университеттерінің бірінде оқитын аспирант: Мен әрине, өзімді патриотпын деп санаймын. Қазір мен елімнен жырақта білім алып жатырмын. Менің бөлмемде көк туым мен қазақтың қара домбырасы бар. Жамылатын жапқышыма дейін қазақтың ұлттық ою-өрнектерімен өрнектелген. Қара шайды да арнайы қазақтың оюы салынған кесемен ішемін. Өз еліңде жүрген уақытта аса білінбейді екен, ал өзге елде жүргенде туған жерге деген сағынышты айтып жеткізу мүмкін емес. Оқылым тапсырмасы
Оқылымнан кейінгі тапсырма
Қалай ойлайсыз? Патриот деген кім? | ||
Бағалау критерийі | Дескриптор | ||
Мәселеге қатысты өз көзқарасын білдіреді, талдайды. |
| ||
|
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Посетители, находящиеся в группе Читатель, не могут оставлять комментарии к данной публикации.